Ақтөбе рельс-арқалық зауыты ірі көлік-логистикалық көрме – InnoTrans-қа қатысты.

2022 жылғы қыркүйек айында Германия Федеративтік Республикасында Берлин қаласында, Berlin Expo Center City (Messe Berlin) аумағында «Теміржол технологиялары», «Теміржол инфрақұрылымы», «Қоғамдық көлік», «Интерьерлер» және «Тоннельдер салу» бес көрме сегменттеріне бөлінген әлемдегі ең ірі «InnoTrans 2022» көлік технологиялары көрмесі өткізілді және ол Берлин көрме кешенінің барлық 42 залында орналасты.  

            «АРБЗ» ЖШС-нің жұмыс өндірісін таныстыру мақсатында көрмеде қажетті үлестірмелі, ақпараттық және бейне презентациялары бар стенд орнатылды. Атап өтейік, аталған шараға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Вице-министрі М.К. Қарабаев қатысып, Кәсіпорын жұмысының оң нәтижелерін атап өтті.

            Көрмені өткізу барысында «АРБЗ» ЖШС стендіне көптеген компаниялар рельстік өнімді сатып алу бойынша ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды орнатуға тұтынушылар ретінде, сондай-ақ үздіксіз өндірісті қолдау үшін қажетті жабдықтар шығаратын фирмалардың өкілдері қызығушылық танытты.

«АРБЗ» ЖШС-нің «ИННОПРОМ 2022» 12-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысуы

2022 жылғы 04-07 шілде аралығында «АРБЗ» ЖШС Екатеринбург қаласындағы «Өнеркәсіптік ауысу: сын-қатерлерден жаңа мүмкіндіктерге» тақырыбына арналған ИННОПРОМ 2022 Халықаралық 12 өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.

«ИННОПРОМ 2022» – Ресейде өткізілетін индустрияландыру саласындағы ірі көрмелердің бірі. Ағымдағы жылы Қазақстан іс-шараның әріптес елі ретінде әрекет етті және оның экспозициясы 1600 шаршы метрден астам аумақты құрады, онда өнеркәсіптің барлық салаларын білдіретін 200-ге жуық отандық компания орналасқан.

«ИННОПРОМ 2022» – нің басты құндылығы екі елдің билік және бизнес басшыларын бір алаңға жинау және жаһандық трендтердің кез келген өзгерістеріне уақытылы жауап беру болды.

Осының дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – А.А. Смайыловтың, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің Вице-министрі – М.К. Қарабаевтың және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі – А. С. Қуантыровтың және Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы М. В. Мишустиннің қатысуын атап өтуге болады.

«Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС «Уральская сталь» АҚ көпірлік болатының тұтынушыларына арналған үйлестіру кеңесіне қатысты

Уральская сталь (Загора құбыр зауытымен бірге бірыңғай тігінен интеграцияланған холдингке кіреді) тапсырыс берушілердің, көпір құрылысы саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдерінің, металл конструкцияларын өндірушілердің қатысуымен үйлестіру кеңесін өткізді.

Іс-шараға комбинат “Уральская Сталь” басқарушы компаниясы, Загор құбыр зауыты, Орынбор облысының Өнеркәсіп және энергетика министрлігі, “Жолдар мен көпірлер” АҚ, “Институт Стройпроект”, “Гипростроймост” және “Гипростроймост-Санкт-Петербург”, ЦНИИТС, “Көпірлер мен Туннельдер” инженерлік орталығының, “ҒЗИ Мостов”,”РосдорНИИ”, “ЖҚК” Трансстройпроект”,” ЦНИИТМАШ ” ҒӨБ, сондай – ақ комбинаттың ұзақ мерзімді серіктестері – Қорғанстальмост, Воронежстальмост, Ұлан-Удэстальмост, БЗММК, Краснодар металл конструкциялары зауыты, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты өкілдері қатысты.

Көпірлермен үйлестіру кеңесі алғаш рет тікелей-сырттай форматта өтті. Аталған шараға қашықтықтан “Союздорпроект”, “Автодор” МК, “Мостов” ҒӨО өкілдері қатысты.

Үйлестіру кеңесінің іскерлік бөлімінен басқа, қонақтар Уральская стальдың заманауи қондырғыларын – домна және табақша металды илемдейтін цехтарын аралап көрді.

Дереккөзі: https://ntr.city/news/industry/106245/