Электр энергиясы

«АРБЗ» ЖШС 2023 жылдың 1 тоқсан, 2 тоқсан, 3 тоқсан, 4 тоқсанда өзінің өндіруші қондырғыларының электр қуатын желіге жіберу үшін бос электр қуаты жоқ.


Энергетика

Рельс-арқалық зауытының электр энергиясымен қамту үшін, сонымен қатар илек өндірісіне жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында «Жобалық қуаты жылына 430 мың тонна илек болатын Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» жобасын жүзеге асыру аясында қуаты 38,9 МВт газ-поршеньді электр станциясының құрылысы (әрі қарай – ГПЭС) жүргізілді. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің ГПЭС 2015 жылдың 30 шілдесінде Мемлекеттік қабылдау комиссиясының Құрылысы аяқталған нысанды қабылдау туралы актісімен пайдалануға берілді.

ГПЭС тұрақты пайдалану «KEGOC» АҚ-ның келісімімен 2015 жылдың 6 тамызында басталды.

Газ-поршеньді электр станциясы өндіріп шығаратын негізгі өнім электр энергиясы болып табылады.

ГПЭС бұрыннан бар энергожүйеде және/немесе бөлінген арал режимінде де жұмыс жасауға қабілетті.

Өндіріліп шығарылатын электр энергиясының сапасы келесілермен қамтамасыз етіледі:

  • желідегі жұмысы барысында газ-поршеньді қозғалтқыштағы отын берілуін көбейту немесе азайту арқылы генераторлық қондырғының белсенді қуатын реттеу мүмкіндігі. ГПА қуатын реттеу диапазоны 10-нан 100% дейін құрайды;
  • істен шыққан жабдықтардың орнына резервтік қосалқы жабдықтарды қосу мүмкіндігі, ондағы мақсаты электр қуатын жеткіліксіз шығарудан болатын экономикалық шығындарды азайту;
  • жабдықтардың параметрлері және ГПЭС жүйелері ауытқып кеткен кезде қорғау тағайындамаларына дейін жабдықтардың автоматты түрде тоқтатыла тұруы.

Электр қуаты Wärtsilä 20V34SG типті төрт газ-поршеньді электр агрегаттарымен өндіріліп шығады, әрқайсысының электр қуаты 9730 кВт. Бұл газ-поршеньді стационарлық электр агрегаттары Wartsila Finland Oy компаниясы тарапынан жобаланған, дайындалады және жабдықталады және келесідей негізгі элементтерден құралады:

  • Wärtsilä 20V34SG газ-поршеньді қозғалтқышы;
  • генератор;
  • қосалқы жүйелер мен жабдықтар;
  • автоматты басқару жүйесі.

Жабдықтар персонал қозғалып тұратын, ыстық және діріл беретін бөліктермен кездейсоқ жанасуының алдын алатындай және қоршаған ортаға ластанулар мен шаң-тозаңдар түсуін азайтатындай етіп жобаланған.

ГПЭС автоматты басқару және мониторинг жүйесі генераторлық қондырғыларды, олардың қосалқы механикалық және электр жүйелерін қауіпсіз, сенімді, тиімді және қолайлы басқаруын қамтамасыз етеді.

Электр қуатының бос көлемдерін сатып алуға қызығушылық танытсаңыз, сұраныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауды сұраймыз: office@arbz.kz 

Сіздің өтінішіңіз тіркеледі және қарастырылады. Нәтижесі туралы хабарланады.