Кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясатының негізгі бағыты Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесінен бұрын қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығын қамтамасыз ету болып табылады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясаты ІЅО – 45001 «Кәсіптік еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты сақтау менеджмент жүйесі» халықаралық стандартының талаптарына негізделген.

Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және жарақаттанудың алдын алу жөніндегі жұмыс Бас директор әзірлеген және бекіткен жоспар-кесте бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорында Ақтөбе облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бақылауындағы көптеген ҚӨО (қауіпті өндірістік объект) орналасқан.

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің мемлекеттік инспекторлары жылыту маусымы басталар алдында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жабдықтың үздіксіз және қауіпсіз жұмыс істеуі тұрғысынан жоспарлы түрде тексереді.

Кәсіпорында керемет мамандар еңбек етеді. Зауыт қызметкерлерінің кәсібилігі және жұмысқа жауапкершілікпен қарауы Кәсіпорын қызметіндегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соның нәтижесінде соңғы үш жылда Кәсіпорын жұмысшылары арасында өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулар жағдайлары болған жоқ.