1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні»

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Халықаралық балаларды қорғау күнінен орай қайырымдылық акциясын өткізді. Осындай шуақты мереке күні кәсіпорынның ұжымы «Үміт» балалар үйіндегі балақандарға өз жылуын бөліп, оларға жақсы көңіл-күй сыйлауды жөн көрді. Бүгінгі таңда Балалар үйінде туғанынан бастап 5 жасқа дейінгі 50 балдырған тәрбиеленуде, олардың ішінде тастанды, мүгедек және белгілі уақытқа дейін, ата-аналары тұрмысын жақсартқанша қалдырылған балалар бар. Барлық балапандар өте мейірімді, жадыраңқы. Кәсіпорын өкілдері балалар мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, ағымдағы іс-шаралар мен Балалар үйінің күрделі мәселелерімен таныстырылды, осыдан кейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған кішкентай ақтөбеліктерге Кәсіпорын қызметкерлері жинаған қаражаттан сыйлықтар таратылды. Алғыс ретінде Балалар үйінің тәрбиеленушілері мерекелік ертеңгілік ұйымдастырды.

ӘЛЕМНІҢ БАРЛЫҚ БҮЛДІРШІНДЕРІ!

БІЗ СІЗДЕРДІ ШЕКСІЗ СҮЙЕМІЗ,

СІЗДЕРДІ САҒЫНАМЫЗ!

ҮЙ БОЛСЫН ӨЗДЕРІҢЕ ШУАҚТЫ ЖАЙ,

ӘКЕҢ МЕН АНАЛАР АМАН ЖҮРСІН ҰДАЙ,

АСПАНДАРЫҢ АШЫҚ БОП, НҰРЫН СЕУІП,

ЖАР БОЛЫП ЖҮРСІН СЕНДЕРГЕ ҚҰДАЙ!,