16 қазан 2015 жыл. Алғашқы отандық рельс өнімінің илегі.

16 қазанда Қазақстанда елеулі оқиға орын алды: еліміздің тарихында алғаш рет Ақтөбе рельс-арқалық зауытында отандық рельс өнімінің бірінші илегі шығарылды.

Ақтөбе  рельс-арқалық зауыты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тапсырмасы бойынша салынған және ТМД елдерінде баламасы жоқ бірегей кәсіпорын.

2014 жылдың желтоқсанында мемлекет басшысының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында рельс-арқалық өндірісінің бірінше кезегі іске қосылды.

Өндірістік желіні іске қосу үдерісі секілді зауыттың құрылысы да мейлінше қысқа мерзімдерде салынды және бүгінгі таңда кәсіпорын дайын өнім шығаруды бастады.

Ақтөбеде өткен салтанаттық шараға «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар МАМИН, «Siemens S.p.a» компаниясының басшысы Джузеппе ФЕРРАРИО, ҚР инвестициялар және даму министрі Асет ИСЕКЕШЕВ, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ, Қырғызстан Республикасының көлік және коммуникация министрі Арғынбек МАЛАБАЕВ, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ  төрағасы Джавид ГУРБАНОВ қатысып, сөз сөйледі.

Сонымен қатар, рельс-арқалық зауытындағы шараға Қазақстан Республикасының парламент депутаттары, ТМД және Балтия елдерінің теміржол әкімшіліктерінің басшылары қатысты.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның президенті Аскар Мамин «мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша индустрияландыру бағдарламасының аясында, мейлінше қысқа мерзімдерде Қазақстанда теміржол машинажасауының жаңа саласы қалыптасты. General Electric, Alstom, Talgo және Siemens секілді әлемдік жетекші компанияларымен ынтымақтастықта жүк және жолаушылар тепловоздарын, электровоздарын, вагондарды, ірі вагон құймаларын, инфрақұрылымның техникалық құралдарын шығаратын жаңа зауыттар құрылды.

Одан бөлек, Асқар Мамин «алғашқы отандық рельс өнімін шығару – Қазақстанның индустриялық дамуындағы елеулі оқиға» деп атап көрсетті.

Зауыттың жобалық қуаты жылына 430 мың тонна металл өнімі. Ең алдымен бұл ұзындығы 120 м болатын Р65 маркалы термоберіктелген рельстер. Сонымен бірге 230 мың тонна илек шығару жоспарланған, олар – балкалар, бұрыштықтар және швеллерлер. Бұл еліміздің ғана емес, көршілес елдердің де рельс-арқалық өніміне сұранысын қанағаттандырады.

Сол күні зауытта Дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оның қатысушылары Қазақстандағы теміржол машина жасау саласын дамыту мәселелерін талқылап, халықаралық серіктестік перспективаларын талдады.

Пікір алмасу барысында қазақстандық теміржол өнімдерін шығарушы зауыттар – «Тұлпар Тальго», электровоз жинау зауытының (ЭЖЗ), локомотивжинау зауытының (ЛЖЗ) және «Қазақстан даму банкі» АҚ-ның экспорттық құралдарды қолдау туралы презентациялары көрсетілді.

Дөңгелек үстел қатысушылары Еуразиялық аймақтың теміржол өнімдерін өндірушілер мен қаржылық институттар арасындағы сұхбатты табысты және нәтижелі өтті деген тұжырымға келді.

Шараға қатысушылар Қазақстан даму банкі (КДБ) іске асыратын қазақстандық экспортты қолдау бағдарламасымен танысуына мүмкіндік болды.

ҚБД Басқармасының төрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша «банк рельс-арқалық зауытын бірлесіп қаржыландыруға үлесін қосты және өнімін шетелдік тұтынушыларға жабдықтау үшін кеңейту ісінде барынша қаржылық қолдау көрсетуге даяр» екендігін жеткізді.

Дөңгелек үстел шеңберінде Ақтөбе рельс-арқалық зауыты мен Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан теміржол әкімшіктері арасында дайын өніммен жабдықтау туралы меморандумдарға қол қойылды.