АРБЗ Өзбекстан, Үргенші қ. Аймақаралық ынтымақтастығының II форумына қатысты

2020 жылғы 25-26 ақпан аралығында Өзбекстан Республикасы Үргеніш қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екі елдердің Премьер-министрлерінің қатысуымен Аймақаралық ынтымақтастығының II Форумы өтті. Осы форум аясында Қазақстан Республикасының Біріңғай ұлттық стенді орнатылды, онда бәсекеге қабілетті қазақстандық өндірушілер, соның ішінде «АРБЗ» ЖШС көрме көрушілеріне өз өнімдерін таныстырды. Аталған шараға еліміздің барлық аймақтарынан экспортқа бағытталған кәсіпорындар таңдалғанын атап өту қажет.

Форум аясында Хорезм облысының хокима сөз сөйледі, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі және екі мемлекеттің басқа да жоғары қызметтегі тұлғалары сөз сөйлеулері тыңдалды, олар Өзбекстан мен Қазақстанның іскерлік топтары арасында сұранысқа ие тауарлармен өзара сауданы арттыру үшін қолайлы жағдайларды жасауға ұсыныстар білдірді.

Кейін, Өзбекстан мен Қазақстанның жетекші кәсіпорындары өнімдерінің көрмесі ашылды, сонымен қатар екі елдің іскер топтарының қатысуымен «В2В» форматында бизнес-кездесу өткізілді. Іс-шараны Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы, Экономика және өнеркәсіп министрлігі мен Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстанның 12 аймағынан 70-тен астам кәсіпкерлері қатысты. Сонымен қатар, аталған шараға Өзбекстан тарапынан 150-ден астам кәсіпкерлер жиналды.