Металл Экспо 2015

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ның қолдауымен «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі (әрі қарай – «АРБЗ» ЖШС) 2015 жылдың 10-13 қарашасы аралығында Мәскеу қ. өткен «Металл Экспо 2015» 21-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрменің белсенді қатысушылары қатарында болды.

Жыл сайын көрмеге жетекші металлургиялық компаниялар, құбыр және метиз зауыттары, түсті металлдарды өңдеу кәсіпорындары, алюминий қорытпаларын, илекті, профильдерді және конструкцияларды өндірушілер, құрылысшылар, машина жасаушы мекемелер, мұнай және газ қызметкерлері және де экономиканың өз мәніндегі секторларының басқа да салаларынан өкілдер қатысып келеді. Көрмеде үш экспозиция ұсынылды: «МеталлСтройФорум’2015» құрылыс индустриясы үшін металл өнімдері мен металл конструкцияларының көрмесі, «МеталлургМаш’2015» металлургияға және металл өңдеуге арналған жабдықтар мен технологиялар көрмесі және «МеталлТрансЛогистик’2015» – тау-металлургиялық кешеннің кәсіпорындарына арналған көлік және логистикалық қызметтерінің көрмесі.

«Металл Экспо 2015» – бұл қара және түсті металлургияның тұтынушыларымен тікелей келіссөздер жүргізуге, жаңа металл өнімдерінің түрлерін және зауыттарды таныстыруға, сонымен қатар өнеркәсіпті, құрылыс индустриясын, энергетиканы, көлікті дамыту, металлдар нарығының тенденциясын өрбіту тұрғысындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін үлкен ашық алаң болып табылады.

Бұл көрмеге әлемнің 32 елінен 560-тан астам компания қатысып, онда қара және түсті металлургия өнімдерінің, металлургияға, металл өңдеуге, сервистік металл орталықтарына арналған заманауи жабдықтар мен технологиялардың әр алуандығы көрсетіліп, таныстырылды.

Бір мезгілде «Металл Экспо 2015» шарасында 12 000 адам еңбек атқарды: 3 000 стендшілер және 25-30 мың адам – қара және түсті металлдардың тұтынушылары қатысты.

Көрмеге қатысудың мақсаты «АРБЗ» ЖШС өнімін өндірудің инновациялық технологиясын тұтынушылардың кең бұқарасына таныстыру және де мүдделі тұлғалармен іскерлік келіссөздер өткізу.

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ы «АРБЗ» ЖШС-не стенд әзірлеудің ұйымдастырушысы болды.

Осы көрмеге қатысу аясында Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Арменияның және Қырғыстанның металл сатушы компанияларымен Бірыңғай экономикалық кеден одағында ынтымақтастық жүргізу және тауар айналымын кеңейту жөнінде іскерлік және тақырыптық келіссөздер жүргізілді.

Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Украина, Әзірбайжан, Эстония және т.б. елдердің тұтынушылары және металл сатушы компаниялары «АРБЗ» ЖШС өніміне қызығушылық танытты.

Словения, Польша, Тунис және БАӘ өкілдерімен «АРБЗ» ЖШС-нің МемСТ бойынша өндіретін өнімін алыс шетелдерге экспортқа шығаруын дамыту туралы келіссөздер жүргізілді.

«АРБЗ» ЖШС өнімінің әлеуетті тұтынушылары және де шетелдің металл сатушы компаниялары «АРБЗ» ЖШС өндірісінің технологиясы, қуаттылығы, өнімінің артықшылықтары туралы толық ақпарат алды және олармен өнім жеткізуге шарттар жасау бойынша келіссөздер жүргізілді.