«Металл-Экспо’2014» 20-шы Халықаралық өнеркәсіптік көрме

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі 2014 жылдың 11-14 қарашасы аралығында РФ, Мәскеу қаласында өткен «Металл-Экспо’2014» 20-шы Халықаралық өнеркәсіптік көрмеге Қазақстандық кәсіпорындардың тұсаукесері шеңберінде ҚР Ұлттық стендіне белсенді түрде қатысты.

Көрмеге қатысу мақсаты «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің өнімін неғұрлым көбірек тұтынушылар тобына таныстыру және мүдделі тұлғалармен іскерлік келіссөздер өткізу, оның ішінде:

– Металл конструкцияларды жобалаумен және дайындаумен айналысатын ұйымдар;

– Салалық бірлестіктер мен одақтар, БАҚ, интернет-коммерция кәсіпорындары;

– Металл трейдерлер және қара металл өнімдерінің қоймалық металл саудасы;

– Металлургиялық өнеркәсіпке арналған жабдықтар мен технологияларды өндірумен айналысатын кәсіпорындар, қара металл сынықтарын жинауға және қайта өңдеуге арналған жабдықтар мен технологияларды өндірумен айналысатын кәсіпорындар;

– Логистикалық және көлік компаниялары.

Қазақстандық тараптан Ұлттық стендті ұйымдастырушы ««KAZNEX INVEST» экспорттау және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ-ы болды.  

Көрмеге жетекші металлургиялық компаниялар, құбыр және метиздік зауыттар, түсті металлдарды өңдеу кәсіпорындары, алюминий қорытпаларын, илектерін, профильдерін және конструкцияларын өндірушілер, құрылысшылар, машина жасаушылар, мұнайшылар мен газ қызметкерлері, экономиканың өз мәніндегі секторлардың басқа да салаларынан өкілдер қатысты.

Үш экспозиция ұсынылды: «МеталлСтройФорум’2014» құрылыс индустриясына арналған металл өнімдері мен металл конструкцияларының көрмесі, «МеталлургМаш’2014» металлургия және металл өңдеуге арналған жабдықтар мен технологиялар көрмесі және «МеталлТрансЛогистик’2014» – тау-кен кешендерінің кәсіпорындарына арналған көлік және логистика қызметтерінің көрмесі.

Көрме аяқталған соң «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі «Металл-Экспо’2014» халықаралық өнеркәсіптік көрмеде өнімдерін және қызметтерін өткізу ісінің жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылғаны үшін дипломмен марапатталды.