«Қазақстанның үздік тауары»

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысуы туралы пресс-релиз

2016 жылдың 19 тамызында Ақтөбе қаласындағы «Дина» гипермаркетінің алдында «Қазақстанның үздік тауары 2016» өңірлік көрме-байқауы өтті. Ақтөбе облысының жергілікті кәсіпкерлері өздері өндіретін тауарларын «Қазақстанның үздік тауары 2016» облыстық көрме-байқауында көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Көрме-байқауға Ақтөбе қаласының әкімі Ильяс Сапарбекұлы Испанов, облыс кәсіпорындарының басшылары, бизнес-ассоциациялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен Ақтөбе қаласының тұрғындары қатысты.

2015 жылдан бері «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының ұйымдастырушысы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады, өңірлік көрме-байқаулардың ұйымдастырушылары – республиканың 14 өңіріндегі және Астана мен Алматы қалаларындағы Кәсіпкерлер палаталары.

Кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары-2016» байқауын екінші жыл өткізіп келеді.

Осы байқауға «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі (әрі қарай – «АРБЗ» ЖШС) де белсенді қатысты.

 «АРБЗ» ЖШС-нен бөлек көптеген танымал кәсіпорындар өз өнімдерін  комиссия мүшелерінің назарына ұсынды, олардың ішінде «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ, «Ақтөбе өртке қарсы жабдықтар зауыты» ЖШС, «Экотон-Батыс» ЖШС, «Хим Ақтөбе» ҒӨК» ЖШС, «Пайда» ЖШС, «Технодом СТКЗ» ЖШС, «Kazizol» ЖШС, «ЭкоВторТехРесурс» ЖШС, «Ақтөбе Композитті Арматура» ЖШС, «Стар Тайм» ЖШС, «Батыс-Пластик» ЖШС, «ГлобалАрнайыкиім» ЖШС, «Фарм Ақтөбе СК» ЖШС, «Велторг-Ақтөбе» ЖШС, «West Line doors» ЖШС, «Шағыр Компаниясы» ЖШС, «Ай-Ару Ательесі» ЖШС, «СанТехТрейд» ЖШС, «Ақтөбе НАН» ЖШС, «Жаңа Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС, «Молочные истории» ЖШС, «Құмқұдық» ЖШС, «Абылай» ШҚ, жеке кәсіпкерлер: К.О. Бакишева, А.И. Джангазиева, М.М. Дуйсенбаева, Д.Е. Рыскулова, М.А. Туякова, Ж.А. Егенбердиева, Д. Шураханов, Г.К. Есенаманов және т.б.

Сарапшылар комиссиясы үш номинация бойынша байқау дипломанттарын анықтады:

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
  • «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
  • «Үздік азық-түлік тауарлары».

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясындағы жүлделі 3 орынды «АРБЗ» ЖШС-гі  иеленді, бұл 2016 жылдың күзінде Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысу құқығын береді.  

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» Президент сыйлығын алуға арналған байқау және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы туралы» 2006 жылдың 9 қарашасындағы №194 Жарлығына сәйкес байқау жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімдердің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыруға септік ету, халық арасында сапа идеясын кеңінен тарату мақсатында өткізіледі.