Жоғары сападан жоғары жылдамдыққа қарай

Нарықтық экономика жағдайында теміржол нарығы қатысушыларына қойылатын негізгі талаптардың бірі сапа, сенімділік және жылдамдық, ал осы талаптарды қамтамасыз ету үшін жылдамдығы жоғары және сенімді логистикалық маршруттар керек.

Сенімділік пен жылдамдық – бұл барлық теміржол желілерінің операторлары ұмтылатын негізгі талаптар, осыған байланысты соңғы жылдары темір жолдарды модернизациялау ерекше қарқынды жүргізілуде. Осы мақсатта «Ұлы Жібек жолының» дәл орта тұсында рельстерді посткеңестік кеңістік аймағында өндіруші ең заманауи кәсіпорын салынды.

Бүгінгі таңда ҚР СТ 2432-2013 «Дифференциалды беріктелген және термоберіктелмеген темір жол рельстері» және МемСТ Р 51685-2013 «Теміржол рельстері. Жалпы техникалық шарттар» стандарттарына сәйкес игерілген және сертификатталған ДТ350 санатты Р65 типті рельстеріне қоса, «АРБЗ» ЖШС өнімдер портфелі көптеген теміржол әкімшіліктері талап ететін жаңа жоғары сапалы ДТ350СС санатты Р65 рельстер типімен толықты, ол тиісінше сапа стандарттарына, сонымен қатар КО ТР 003-2011 «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» регламенттің талаптарына сәйкес келеді.

Сәйкестік сертификаттарын алу үшін компания сапаны растаудың бірнеше сатысын өткерді: механикалық қасиеттерге, микро және макроқұрылымға зертханалық сынаулар жүргізу, стендтік сынаулар, рельстердің пайдалану сенімділігін тексеру. Осы сынаулардың барлығы нәтижелі өтті, бұл Ақтөбе рельс-арқалық зауытында шығарылған рельстер сапасы, сенімділігі және қауіпсіздігі жағынан стандарттар талаптарын толықтай қамтитынын растайды.

Көптеген сарапшылар «АРБЗ» ЖШС-де шығарылатын өнім бүгінгі таңда әлемдегі ең үздік өнім екенін растады, алайда кәсіпорын осы жетістігіне тоқтап қалмай, шығаратын өнімнің сапасын одан әрі күшейтуді, сұрыпталымды кеңейтуді және жыл аяғына дейін өнімнің жаңа түрлері өндірісін игеруді көздеп отыр.

ДТ350СС рельстеріне алынған сертификат кәсіпорынның өз өнімін экспортқа шығару мүмкіндіктерін дамыта түседі, өйткені ДТ350СС санатты дифференциалды термоберіктелген рельстер жылдамдығы 250 км/сағ жоғары жылдамдықты магистральдерде біріктірілген жылдамдықты қозғалыстың кең ізді темір жолдарын салуға арналған. Осы өнім жолаушылар пойыздарының байыпты және ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етіп қана қоймай, жүк құрамдары жылдамдықтарын көбейтуге мүмкіндік береді. Біріктірілген жылдамдықты қозғалысқа арналған рельстер Қазақстанның қолданыстағы жылдамдықты магистральдерінде ғана қолданылып қоймай, бүкіл ТМД аймағында да қолданыла алады және жоғары әлеуетке ие.