Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау – бұл біздің Кәсіпорынымыздағы корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Біз тек қауіпсіз еңбек жағдайында ғана жоғары өнімділікке, өнім сапасына және қызметкерлеріміздің әл-ауқатына қол жеткізуге болатынына сенімдіміз. Сондықтан, біз кәсіби тәуекелдерді азайтуға, еңбек жағдайларын жақсартуға және әрбір жұмыскердің қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырамыз.

1. Тәуекелдерді анықтау және олардың алдын-алу
Біз еңбек жағдайларын тұрақты түрде бағалаймыз, қауіпті факторларды талдаймыз және оларды жою бойынша шаралар әзірлейміз. Ішкі мониторинг жүйесі маңызды рөл атқарады, соның ішінде:
• Кәсіби нарықтарды тексеру және оларды бағалау
• Жазатайым оқиғалар мен ықтимал қауіпті жағдайларды талдау
• Тәуекелдерді азайту үшін алдын алу шаралары мен техникалық шешімдерді әзірлеу

2. Персоналды оқыту және дамыту
Қауіпсіздік білімнен басталады. Барлық қызметкерлер мыналардан өтеді:
• Жұмысқа орналасу кезінде еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама
• Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту және білімін тексеру
• Жабдықтар мен материалдармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіз әдістерін үйрену

3. Заманауи қорғаныс құралдарын пайдалану
• Кәсіпорында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін сертификатталған арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) ғана қолданылады. Біз қорғаныс құралдарын үнемі жаңартып отырамыз және оны жұмыс процестерінің ерекшеліктеріне бейімдейміз.
• Автоматты бақылау, дабыл және ұжымдық қорғаныс жүйелері енгізілді, бұл ықтимал оқиғалардың алдын алуға және штаттан тыс жағдайлардың салдарын азайтуға мүмкіндік береді.

4. Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру
Әрбір қызметкер қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсініп, қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру барысында өз рөлін түсіну қажет. Біздің кәспорында мынадай іс-шаралар өткізіледі:
• Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімді арттыруға бағытталған іс-шаралар
• Еңбекті қорғау мәселелері бойынша басшылықпен ашық диалог құру.

5. Бақылау, аудит және үздіксіз жетілдіру
Еңбекті қорғау жүйесінің тиімділігін бағалау – біздің жұмысымыздың маңызды кезеңі. Біз үнемі ішкі және сыртқы аудит жүргіземіз, өндірістік жарақат деректерін талдаймыз және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жаңа бастамаларды әзірлейміз.

Нәтижелер мен перспективалар

Кешенді тәсілдің арқасында біз жарақаттану деңгейін айтарлықтай төмендеуіне қол жеткіздік, персонал арасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырдық және қолайлы еңбек жағдайларын жасадық.

Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз және еңбекті қорғау саласында озық технологиялар мен әдістемелерді енгізуді жалғастырамыз. Біздің басты мақсатымыз – «Нөлдік жазатайым оқиғалар» және біз оған әр қызметкер мен басшының бірлескен күш-жігерімен ғана қол жеткізуге болатынына сенімдіміз.

Жұмыскерлердің қауіпсіздігі – біз үшін бұл жай ғана ереже емес, бұл біздің жетістігіміздің негізі!