«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС 2025 жылдың 27-30 сәуір аралығында Ташкент қаласында өткен ИННОПРОМ: Орталық Азия халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.

Көрме ТМД мен Азия аумағында өнеркәсіптік технологиялар, инновациялар, жабдықтар мен өнімдерді көрсетуге арналған негізгі платформалардың бірі.

Осы көрме іскерлік байланыстарды кеңейту, «АРБЗ» ЖШС өнімдерін Орталық Азия нарығында алға жылжыту және жаңа серіктестер табу үшін маңызды алаңға айналды.

ИННОПРОМҒА қатысу – бұл қазақстандық өндірістің сапалы металлургиялық өніміне деген жоғары қызығушылықты растайды және одан әрі өсу мен даму үшін жаңа перспективалар ашады.