«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС қызметкерлері балалары үшін кәсіпорын бойынша саяхат жасалды

«Металлургтер күні» кәсіби мерекесі қарсаңында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС қызметкерлері балалары үшін саяхат ұйымдастырылды. Мұндай саяхат бірінші рет жүзеге асырылды. Саяхат кезінде балалар өздерінің ата-аналары жұмыс істейтін кәсіпорынмен ғана емес, сонымен қатар, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС өнімдері өндірісінің технологиялық процесімен де танысты.

Саяхат басталар алдында жеткіншектерге кәсіпорын туралы бейне түсірілім көрсетіліп, қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау жүргізілді және қажетті дербес қорғаныс құралдары берілді.

Олар бірінші вальцетокарлық шеберханада болып, балалар заманауи құрал-жабдықтармен және өндіріске дайындық процесімен танысты, содан кейін «зауыттың жүрегі» саналатын рельс-арқалық цехына келді.

Саяхат кезінде балаларға әдістемелік пеш пен ыстық төсеме баспасы, сондай-ақ рельстерді дайындау процесі көрсетілді. Рельстік және фасондық өнімдер өндірісінің негізгі принциптері мен кезеңдері туралы айтылды.  

Одан әрі балаларға рельс-арқалық цехының дайын болған өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ, олар қосалқы цехты көріп, балаларға зауыт ішіндегі бұл цехтардың өзара әрекеті процесі туралы айтылды.

Біздің кішкентай қонақтарымыз біздің кәсіпорынның өте тамаша көріктендірілуін, сондай-ақ өндірістің экологиялық тазалығын атап көрсетті.

Біздің балғын қонақтарымыздың, сондай-ақ өздерінің болашақ мамандықтарын анықтап үлгерген ересек балалардың барлық сұрақтары біздің біліктілігі жоғары мамандарымыздың назарынан тыс қалған жоқ. Саяхат аяқталғаннан кейін жас қонақтар «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-ның асханасында болып, тәтті тоқаштар мен компоттан дәм татты.