«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Сербияның Белград қаласында өткен бірінші Қазақстан-Сербия бизнес форумына қатысты.

Форумға Қазақстан мен Сербияның бизнес қауымдастығының, мемлекеттік және жеке компаниялардың өкілдері жиналды. Негізгі талқыланған тақырыптар: инвестициялар тарту, инвесторлар іздеу, ауыл шаруашылығын дамыту, логистика, сондай-ақ теміржол рельстерін жеткізу саласында ынтымақтастық болды. Сербия өз көлік инфрақұрылымын дамыту және оны кеңейтуге, соның ішінде теміржол желілерін жаңартуға айтарлықтай қызығушылық танытты. Осыған орай, сапасы мен беріктігі бойынша жоғары стандарттарға сәйкес келетін рельстік өнімдеріне сұраныс туындады. «АРБЗ» ЖШС рельстік өнімдерді шығару бойынша өзінің қуаттылығымен Сербияда көлік жобаларын жүзеге асыру барысында оның сенімді серіктістігі бола алады.

Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастық екі жаққа да тиімді перспективаларға толы екені сөзсіз. Қазақстан халықаралық нарықта рельстік өнім шығарушы ретінде өз позициясын нығайтатын болса, Сербия инфрақұрылымның дамуы үшін тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз ететін, өзара тиімді инвестициялық серіктес таба алады.

Форум қорытындысы бойынша екі ел арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.