2022 жылғы қыркүйек айында Германия Федеративтік Республикасында Берлин қаласында, Berlin Expo Center City (Messe Berlin) аумағында «Теміржол технологиялары», «Теміржол инфрақұрылымы», «Қоғамдық көлік», «Интерьерлер» және «Тоннельдер салу» бес көрме сегменттеріне бөлінген әлемдегі ең ірі «InnoTrans 2022» көлік технологиялары көрмесі өткізілді және ол Берлин көрме кешенінің барлық 42 залында орналасты.
«АРБЗ» ЖШС-нің жұмыс өндірісін таныстыру мақсатында көрмеде қажетті үлестірмелі, ақпараттық және бейне презентациялары бар стенд орнатылды. Атап өтейік, аталған шараға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Вице-министрі М.К. Қарабаев қатысып, Кәсіпорын жұмысының оң нәтижелерін атап өтті.
Көрмені өткізу барысында «АРБЗ» ЖШС стендіне көптеген компаниялар рельстік өнімді сатып алу бойынша ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды орнатуға тұтынушылар ретінде, сондай-ақ үздіксіз өндірісті қолдау үшін қажетті жабдықтар шығаратын фирмалардың өкілдері қызығушылық танытты.