2019 жылдың 11-12 тамызында Түркіменстан «Аваза» Ұлттық туристік аймағында Каспий маңы елдерінің көпжақты экономикалық диалогының жаңа тұрақты платформасы болып табылатын алғашқы Каспий экономикалық форумы өтті. Осы форум аясында Каспий маңы елдерінің инновациялық технологиялар Халықаралық көрмесі өтті.
«АРБЗ» ЖШС Қазақстан ұлттық стенд алаңында өзінің жеке стендімен ұсынылды. Келушілердің кәсіпорын қызметімен хабардар болуын арттыру және Түркіменстан аумағындағы алдағы ірі жобалар туралы талқылау бойынша жұмыстар жүргізілді