Нысанды аралау барысында Б. Сағынтаевқа өндірістің ерекшеліктері туралы ақпарат беріліп, дайын өнім үлгілері көрсетілді. Айта кету керек, зауытта «Siemens VIA Metals Techologies» атты жаңа технология қолданылады, аталмыш технология мұнда шығарылатын рельстерді жоғары жылдамдықтағы қозғалыс желілерінде және жүк жүктемесі жоғары желілерде пайдалануға мүмкіндік береді.
Зауыт өнімдері Алматы-1-Шу темір жол желісінің екінші жолдарын салу кезінде, сонымен қатар салынып жатқан Құрық портының паромдық кешенінің жобаларына апаратын жолдарда және Астана вокзал кешенінде пайдаланылады. Жалпы Қазақстанның магистральді теміржол желісін жаңғырту үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «АРБЗ» ЖШС арасындағы рельс сатып алу туралы ұзақ мерзімді келісімшарт аясында 2022 жылға дейін 600 мың тоннадан астам рельсті жеткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, ішкі нарықты молықтырудан өзге, Ақтөбе өндірушілері рельс өнімдерін Өзбекстанға, Тәжікстанға, Беларусь, Грузия, Түркіменстанға, Ресей Федерациясына, Эстонияға экспорттайды.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында аталған тапсырмаларға сәйкес, еліміздегі индустрияландыру жұмыстары Ақтөбе рельс-арқалық зауыты секілді жоғарғы экспорттық әлеуеті бар, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға басымдық бере отырып, жалғастырылатын болады