«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі 2014 жылдың 27-28 маусымы аралығында РФ, Орынбор қ-да өткен «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» атты ХІІІ Ресейлік-Қазақстандық халықаралық көрмесіне белсенді түрде қатысты.
«Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» көрмесінің негізгі мақсаты өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, Орынбор және Ақтөбе облыстары арасындағы өзара сауда-саттық көлемдерін ұлғайту; Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік шарттарында шекара маңындағы ынтымақтастықтың шешімін таппаған ахуалдарына мониторинг жүргізу, ресейлік-қазақстандық өндірістік-сату кооперациясы жобаларын дамыту, жаңа жобаларды іске асыру үшін орынборлық және қазақстандық компаниялар арасындағы екі жақты байланысты реттеуге септік ету.
Көрмеге Орынбордан және Ақтөбеден келесідей бағыттардағы 130-дан астам кәсіпорын қатысты: машина жасау, аспаптар жасау, мұнай-га және химия өнеркәсібі, энергияны және ресурстарды үнемдеу, құрылыс индустриясы, арнаулы техника, құрал-жабдықтар, автокөліктер, ауыл шаруашылығы, арнайы киім, қызметтер.
Көрме аяқталған соң «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» ХІІІ Ресейлік-Қазақстандық халықаралық көрмеге белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.