Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына қызметтік сапары барысында инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарға, сонымен қатар өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды.
Ақтөбе облысы Қазақстан өңірлерінің арасында аймағы бойынша екінші орында тұр. Оның аймағында еліміздің маңызды өндірістік кешендері бар, олар Үшінші модернизация жағдайында ерекше орынды иеленуде. Бүгін мұндағы өнеркәсіптік және әлеуметтік даму индекстерінің өркендеуі байқалады. Осы жылдың 8 айында экономиканың өсуі кемінде 4%, инвестициялар көлемі – 130% құрады. Өнеркәсіптік өнімнің көлемі 4,9% өсті.
Облыстың отыз ірі кәсіпорындары Модернизация және кадрларды қайта оқыту жоспарын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда 10 өндіріс модернизацияланды, жыл аяғына дейін бұл сан екі есе өседі. Болжанған нәтиже – еңбек өнімділігін 12 % көбейту, өнім өндіру мен өңдеуге байланысты өзқұндылықты 3 % төмендету. Барлығы ағымдағы жылы өңірде 11,3 мың жұмыс орны ашылды, бұл жұмыссыздық деңгейін 4,8 % деңгейінде ұстауға мүмкіндік берді.
– Тәуелсіздік жылдары ішінде Ақтөбе облысының халқы екі есеге өсті. Осы көрсеткішті өсіру үшін мұндай түгелдей ықшам аудандар салынып, қажетті инфрақұрылым өткізілуде. Барлық жағдайлар жасалған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев өңір халқына. – Әрі қарай да үйлер тұрғызылып, жолдар, газбен, сумен қамту желілері салынады. Қазақстан түгелдей жол тораптарынан құралатын болады. Бұл дамудың нағыз өзі, оның ішінде адами әлеуеттің де өркендеуі.
Өңірдің даму қарқынын Мемлекет басшысының жұмыс маршрутының бірінші тармағындағы нақты кәсіпорыннан көру мүмкін болды. «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 цехы 2014 жылы трансұлттық компанияның жоғары көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту бойынша стратегиясын жүзеге асыруы нәтижесінде ашылды. Бұл Қазақстандағы қара металлургия саласындағы жетекші кәсіпорын деп атауға болады. Бүгінгі таңда мұнда жалпы өнімділігі жылына 440 мың тонна жоғары көміртекті феррохром болатын жаңа буындық төрт тұрақты ток пеші жұмыс жасайды. Сұранысы жоғары өнім ҚХР, АҚШ, Еуропа елдеріне жіберіледі.
Өңірдің өнеркәсіптік картасындағы тағы бар алып – Ақтөбе рельс-арқалық зауыты – елді индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылған ірі инновациялық кәсіпорны. Бұл кәсіпорын Еуразиялық экономикалық одақ аймағындағы «Р-65» стандартымен ұзын өлшемді термоберіктелген теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі.
Өнімнің негізгі тұтынушыларының бірі «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ болып табылатын кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 430 мың тонна илек. Ел президентіне шығарылатын өнімнің үлгілерін көрсетіп, өндірістің күрделі технологиялық процесімен таныстырды.
Өнімі алыс және жақын шет елдерде, оның ішінде Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжан елдерінде жоғары бағаланатын зауыт үстіміздегі жылы 116,4 мың тонна 31,2 млрд. теңгеге рельс өнімін шығарды. Осының барлығы – кәсіби еңбек ұжымының жетістігі. Нұрсұлтан Назарбаев зауыт қызметкерлерімен сұхбаттасқан соң оларға табысты еңбек пен жоғары көрсеткіштер тіледі.
Үшінші модернизацияның тағы бір маңызды мақсаты – тағам өнімдерін шығаруды дамыту. Өңірдегі жұмыстық сапары барысында Мемлекет басшысы Greenhouse Kazakhstan жылыжайына барды, оның құрылысында Ultra-Clima озат инновациялық жүйесі қолданылды. Ел президентіне осы жобаның барлық өңірге көкөністер жеткізу, сонымен қатар көкөніс өнімдерін жақын және алыс шет елдерге экспорттау туралы ақпарат берді.
Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 6 мың тонна көкөніс. Жылыжай кешені «ҚазАгроФинанс» АҚ қолдауымен индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды.
Өнеркәсіптік кешеннің және АПК табыстары әлеуметтік қамту саласындағы түрленулерді қолдауы тиіс. Сондықтан мемлекеттік саясаттағы басты артықшылық «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламасына берілген. «Нұр Ақтөбе» алабындағы жылдам тұрғызылатын аз қабатты несиелік тұрғын үйлердің құрылысымен танысқан соң, Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асырудың маңызы зор екенін ерекше атап өтті.
– Бұл халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызы зор мәселе. Біздің басты мақсатымыз – азаматтардың жайлы тұрмысы үшін қажетті инфрақұрылымды жасау және оларды жұмыспен қамту, – деп көрсетті Мемлекет басшысы.
Содан кейін Елбасы осы жобаны жүзеге асыруға қатысатын құрылыс компаниялардың өкілдерімен сұхбаттасты. Президент жобалық шешімдердің ерекшеліктеріне, құрылыс сапасына қызығушылық танытты.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үстіміздегі жылы облыстың 1 000 отбасын тұрғын жаймен қамту жоспарланғанын айтып өтті. Тек осы ықшам ауданда келер екі жыл ішінде 423 аз қабатты жеке үйлер салынады. Әлеуметтік инфрақұрылымға 1200 орынға арналған мектеп, балабақша және емхана қосылады. Оның жанында «таунхаус» типті 3-4 қабатты алпыс үй тұрғызылуда. Олардың жалпы ауданы 53,3 мың шаршы метрлік 22 үй үстіміздегі жылы толықтай тапсырылады.
Ауқымды тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруға онға жуық құрылыс компаниялары тартылған, оның ішінде 130 құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар 100% жұмыспен қамтылған. Нысандар құрылысында пайдаланылатын материалдардың 80% астамы жергілікті өндірістен шығады.
Мемлекет басшысы «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қаражатына салынған Өнер ордасына да сапармен барды. Бұл кешенде өңірдегі ерекше 1 200 орынға арналған концерттік зал бар. Онда бұқаралық шаралар мен шығармашылық концерттер өтетін болады. Ал әзірге ең үлкен концерттік залдың алғашқы қонағы Нұрсұлтан Назарбаев болды, Өнер ордасының сахнасында облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Одан кейін Елбасы облыстық шығармашылық академиясына барды. Бұл әлеуметтік нысанның ауданы 13 мың шаршы метр, ол бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қазхром» ТҰК» АҚ есебінен салынды. Жобаның құны – 1,5 млрд. теңге. Ғимарат заманға сай стандарттар мен талаптарға сәйкес келеді, ең озық жабдықтармен жасақталған.
Академияда дамыту және шығармашылыққа арналған 50 үйірме бар, обсерватория мен планетарий бар. Шығармашылық ұжым Президентпен жас қазақстандықтардың ғылыми және шығармашылық жобаларын жүзеге асыру бойынша жоспарларымен бөлісті, бұл жерде саз илеу техникасының шеберханасы, телестудия, көлік және авиа модельдеу үйірмелері бар.
«Жұбановтар әлемі» мұражай-үйінде Мемлекет басшысы облыс зиялыларымен кездесті. Өңір тұрғындарымен сұхбаты барысында Нұрсұлтан Назарбав «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған модернизация процесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
– Әлем көз алдымызда күнделікті өзгеріп отыр және біз осы өзгерістердің ішіндеміз. Жаңа ғылымдар пайда болып, жаңа түсініктер қалыптасып жатқан заман. Барлық реформалар, оның ішінде рухани жаңғыру, біздің ұрпақтарымызды осындай болашаққа дайындау болып табылады, – деп Президент айта кетіп, Ақтөбе де Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар инновациялар көзі болып, өндірістік, қаржылық және адами ресурстардың тартылу факторына айналуы тиіс деді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыста белсенді жұмыстар жүргізілуде. Меценат жерлестеріміз кіші отанына көмектесуге, оны өркендетуге үндеуді қуана қолдады. «Туған жер» жобасының аясында аймақта 1-ші республикалық форум өтті, оған әлемнің 21 елінен 300 астам атақты жерлестер жиналды. Осы кездесудің нәтижесі 76 млрд. теңгеден астам сомаға 20 меморандумға қол қойылып отыр.
Аймақта мемлекеттік-жеке серіктестік табысты енгізілуде. Осы механизмнің көмегімен, сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде 50 млрд. астам теңгеге 125 жоба іске асырылуда. Тек «Туған жерге тағзым!» акциясының шеңберінде ғана әлеуметтік нысандарды абаттандыру, құрылысы, қайта құрастыруы бойынша 2,8 млрд. теңгеге 555 жоба жүзеге асырылуда.
«Жұбановтар әлемі» мұражай үйі мемлекеттік-жеке серіктестік аясында салынған ірі жобалардың бірі. Жергілікті кәсіпкер Қайрат Майтеков осы ғимаратты тұрғызуға 300 млн теңге бөлді, мұнда Жұбановтар отбасысының жәдігерлері, олардың автобиографиялық стендтері сақталады, музыкалық-патриоттық клуб пен балалар-жасөспірімдерге музыкалық білім беру үйірмелері жұмыс жасайды.