Көктем – тазалық пен сұлулықты орнатудың дәстүрлі уақыты, ал сенбілік — Ақтөбе рельс-арқалық зауытында қалыптасып келе жатқан жыл сайынғы жақсы дәстүр.

Кәсіпорын аймағындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту аясында жалпызауыттық сенбіліктер өткізілді. Аймақты абаттандыру мақсатында «АРБЗ» ЖШС басшылығы мен барлық бөлімшелердің қызметкерлері осы шараға жұмылдырылды. Жыл сайынғы сенбіліктер өткізу — бұл аймақты абаттандыру және тазарту бойынша ұйымдастырылатын іс-шара ғана емес, сонымен қатар ұжымды біріктіруге және Кәсіпорын жұмыскерлерінің әлеуметтік жауапкершілігін одан әрі арттыруға бағытталған тамаша мүмкіндік болып табылады.