2018 жылы 13-16 қараша аралығында Мәскеу қаласында ВДНХ көрмесінде «Металл-экспо 2018» 24-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті, аталған көрмеге 32 мемлекеттен 550 астам компаниялар қатысты.
Төрт күн ішінде «Металл-экспо 2018» металл нарығына қатысушылар мен олардың клиенттері арасында іскерлік кездесулер мен келіссөздер жүргізілді, оның барысында іскерлік коммуникациялардың барлық мүдделі тараптары өз мәселелерін шеше алды, ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды, перспективтік келісім-шарттарға қол қойылды. Көрме барысында металлургтер мен құрылыс индустриясы, машина жасау, отын-энергетикалық кешен, көліктік және логистикалық, металл сауда компанияларынан металл өнімдерін тұтынушылар үшін Мәскеу тартылыс орталығына айналды. «Металл-экспо 2018» көрмесіне 30 мыңнан астам адам қатысты.
«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС сондай-ақ «Металл-экспо 2018» көрмесіне қатысты және компания өнімдерін алға жылжыту үшін өз көрме стендін дайындады. Бұл стендті көптеген металл сауда компанияларының өкілдері көріп, алдағы уақытта рельс өнімдерін тұтынушыларымен бірге ынтымақтастық мәселелерін талқылады.