Осы жылдың шілде айында Мәжіліс депутаттары мен фракция мүшелері «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не барып, Кәсіпорын жұмыскерлермен кездесу өткізді.

Осы жылдың шілде айында Мәжіліс депутаттары мен фракция мүшелері «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не барып, Кәсіпорын жұмыскерлермен кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – жақында қабылданған заңнамалық актілердің маңызыдылығы туралы толық ақпарат беру болды.

Негізгі бекітілген заңдардың қатарында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, құмарлық ойынға қарсы күрес және басқа да сұрақтар. Мәжіліс депутаттары букмерлік кеңселер мен казиноларға қойылған талаптарды күшейтті.   Кездесу барысында Кәсіпорын қызметкерлері депутаттарға қалалық ортаны абаттандыруға, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, адамдарды әлеуметтік қорғауға және т.б. қатысты сұрақтар қойды. Мәжіліс депутаттары мен фракция мүшелері барлық қойылған сұрақтарды тыңдап, жоғарыда аталған салаларда жүріп жатқан іс-шаралар туралы толық жауап берді.