ҚОСТАНАЙ. КАЗАҚПАРАТ – Рудный қ. ССТӨБ-нің жол шаруашылығы және құрылыстар басқармасында алғашқы отандық рельстерді салу басталды. Бұл туралы «Қазақпарат» ХАА корреспонденті хабарлады.
Импорттық магистральдік рельстерді өнеркәсіптік отандық өндірілген рельстерге ауыстыруды Еуразиялық топ жүргізуде. Бұл жаңа тың жоба, осы жоба аясында отандық рельстер максималды күрделі геологиялық жағдайларда шекті жүктемелермен сынаудан өтеді. Сынаулар полигоны ретінде «Соколов-Сарбаев тау-кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ таңдалды, ол Еуразиялық топ құрамына кіреді.
ССТӨБ пресс-қызметі атап көрсеткендей кәсіпорындағы тұрақты жолдардың жалпы ұзындығы 507 километр. Барлық темір жол төсемі Рудный алаңында төрт учаскеге бөлінген, сонымен қатар Качар алаңының ірі учаскесі және Қоржынкөл алаңындағы учаске де қолданылады. Осы учаскелердің барлығында бірлестіктің жол шаруашылығы және құрылыстар басқармасының қызметкерлері импорттық магистральдік рельстерді «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де өндірілген отандық рельстермен ауыстырды.
«Қазақстандық рельстердің бірінші партиясы өткен жылғы желтоқсан айының басында Соколов карьері учаскесінде салынды, – дейі «ССТӨБ» АҚ басқармасының техникалық бөлім бастығы Сергей Горбунов. – Кейіннен басқа да учаскелер қамтылды.
Бірлестіктің өндірістік алаңдарындағы ауыстырылған теміржол төсемінің жалпы ұзындығы 2 мың 462 метрді құрайды. Салмақтық мәнде пайдалануға 320 тонна отандық рельстер пайдалануға берілді. Өзінің техникалық параметрлері бойынша олар шетелдік рельстерден кем емес, алайда олардың бір маңызды басымдылығы бар – олардың бағасы арзанырақ. Қазақстандық рельстер ішкі нарықта табысты қолданылып келеді, атап айтар болсақ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның магистральді жолдарында қолданылуда.
«Рельстеріміз Бүкілресейлік теміржол көлігін ғылыми-зерттеу институтының полигондық айналма жолында сынаулардан сәтті өтті және барлық тиісті сертификаттарды ала алды, – дейді «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің коммерциялық директоры Андрей Шерин. – Өндірісіміздің өзгеше ерекшелігі – сапасы жақсы болатты қолдану және бекітілген стандарттарға сәйкестігін бақылаудың реттелген жүйесі. Біз үшін ең ірі тау-кен кәсіпорны – ССТӨБ-не рельстер жабдықтау үлкен жауапкершілік».
Сынау мерзімі бірнеше айға созылады, сонан кейін отандық өнімнің сапасы туралы тұжырым жасалады. ССТӨБ президенті Береке Мухаметкалиевтің айтуынша «өндіріс төмендеуінің осындай қиын кезеңінде бұл сынаулардың маңызы зор, өйткені олар нарықта отандық тауарлар үлесін ұлғайтуға бағытталған».