2013 жылы мемлекеттің жоғары сапалы рельстерге деген қажеттілігін жабуға тура келген рельс-арқалық зауытының іргетасы қаланды. Құрылыс шынымен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. АРБЗ құрылысына еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден мамандар жұмылдырылды.
2016 жылғы 06 маусымда «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС – орташа пішінді илекті (қоставрлар, бұрыштықтар, швеллерлер, шахталық тіреулер) және жоғары сапалы дифференциалды беріктелген рельстерді шығаратын бірегей кәсіпорын іске қосылды.
Бүгінгі таңда «АРБЗ» – бұл стратегиялық маңызы бар өнімдерді – жоғары сапалы дифференциалды термоберіктелген және термоберіктелмеген рельстер және орташа пішінді илектің кең номенклатурасын өндіруге мамандандырылған ірі өнеркәсіптік кешен болып табылады.
АРБЗ-ның «визит карточкасы» ретінде ДТ350 санатты ұзын өлшемді рельстер болып табылады. Атап айтқанда, ДТ350 санатты Р65 типті дифференциалды термоберіктелген рельстері.
Кәсіпорынның стратегиялық мақсаты – шығарылатын өнімнің сапасы, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы металлургиялық кәсіпорындардың қызметін реттейтін талаптарды сақтай отырып, тұтынушылардың сұраныстары мен талаптарын қанағаттандыру үшін сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығару.
2023 жылдың қазан айында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС жоғары, тарихи белеске жетті – зауыт іске қосылғаннан бастап 1 млн. тонна рельстік өнім шығарылды, бұл шамамен 8 000 км темір жолды құрайды.
-
03.07.2024Осы жылдың шілде айында Мәжіліс депутаттары мен фракция мүшелері «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не барып, Кәсіпорын жұмыскерлермен кездесу өткізді.
-
04.05.2024Көктем – тазалық пен сұлулықты орнатудың дәстүрлі уақыты, ал сенбілік – Ақтөбе рельс-арқалық зауытында қалыптасып келе жатқан жыл сайынғы жақсы дәстүр.
-
15.03.2024«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Қазақстан Республикасында алғаш рет МемСТ 18662-83 және МемСТ 535-2005 стандарттарына сәйкес келетін СВП 27 (арнайы өзара ауыспалы профиль) профилін игеріп, шығарды.
Сату географиясы
Бүгінгі таңда «АРБЗ» ЖШС өнімдері т/ж әкімшіліктері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардағы темір жолдардың жоғарғы құрылымын салуда ойдағыдай пайдаланылуда. Ішкі нарықтан басқа, «АРБЗ» ЖШС шығаратын өнімдер Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Украина, Грузия, Түрікменстан, Әзірбайжан, Латвия, Эстония және басқа елдерде сұранысқа ие.
«АРБЗ» ЖШС рельстері Қазақстан Республикасының аумағында ірі инфрақұрылымдық жобаны салу кезінде – Достық – Мойынты учаскесінде екінші теміржол жолдарын салу кезінде пайдаланылады. Нысан «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылып жатыр және елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуда маңызды экономикалық рөл атқарады. Құрылыс 2022 жылдың қараша айында басталды.
Бөлінген учаскедегі теміржол жолдарының жалпы ұзындығы 836 шақырымды құрайды.