Қазақстан Президенті Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты

Ақтөбе. 4 қазан. Kazakhstan Today – Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан президенті «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не барды деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты. Мемлекет басшысына кәсіпорынның өнімін алыс және жақын шетелдерге, оны ішінде Өзбекстан, Түркменстан және Әзірбейжан елдеріне экспорттаудың ағымдық күйі туралы ақпарат берді деп хабарлайды Ақорда пресс-қызметі.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, оларға табысты жұмыс пен кәсіби жетістіктер тіледі.

Пресс-қызметте атап көрсеткендей зауыт өз өнімімен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компания» АҚ толық қамтып отыр. Кәсіпорынның қуаты –жылына 430 мың тонна өнім.Конец формы

Источник