Рельс өнімдері

Рельстер Р65 (120 м дейін)

(ҚР СТ 2432-2013, МемСТ Р 51685-2013, МемСТ 34222-2017)

АРБЗ-ның «визит карточкасы» ретінде ДТ350 санатты ұзын өлшемді рельстер болып табылады. Атап айтқанда, ҚР СТ 2432-2013 «Дифференциалды беріктелген және термоберіктелмеген теміржол рельстері» және МемСТ Р 51685-2013 «Теміржол рельстері. Жалпы техникалық шарттар» сапа стандарттарына сәйкес келетін ДТ350 санатты Р65 типті дифференциалды термоберіктелген рельстері. Олар әсіресе жоғары жылдамдықты магистральдарда, сондай-ақ жоғары жүк тасымалдылық желілерінде тиімді. Рельс ұзындығының артуына байланысты жапсарлардың санын азайтуға болады, бұл теміржол төсемін салу кезінде қаржылық шығындарды азайтып қана қоймай, теміржол құрамын да, рельстердің тозуға төзімділігін де арттыруға болады. Сонымен қатар, нәтижесінде жолаушылар пойыздарының жүріс жатықтығына, ал жүк пойыздарының жылдамдығына қол жеткізуге болады.

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ТЕРМОБЕРІКТЕЛГЕН РЕЛЬСТЕР:

ДТ370ИКтозу төзімділігі және түйісу беріктігі жоғары
ДТ350ВСжоғары жылдамдықты қозғалыс үшін
ДТ350ССбірлестірілген жылдамдықты қозғалыс үшін
ДТ350ННтөмен температуралы сенімділікті
ДТ350жалпы мақсатта

ТЕРМОБЕРІКТЕЛМЕГЕН РЕЛЬСТЕР:

Н320ВСжоғары жылдамдықты жолаушылар қозғалысы үшін
Н320жалпы мақсаттағы төзімділігі өте жоғары
Н300жалпы мақсаттағы төзімділігі жоғары
Н260жалпы мақсаттағы төзімділігі қарапайым