«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС қызметкерлері – Кәсіпорынның басты құндылығы болып табылады.

Компания жұмыскерлерінің саны қазіргі таңда 800 адамнан асады.

Компанияның кадрлық саясаты кадрлық әлеуетті нығайтуға, ынталандырудың тиімді жүйесін құруға, лайықты еңбек жағдайларын жасауға бағытталған. Міндетті тармақ болып жұмыскерлердің мүдделері мен құқықтарын сақтау, жұмыс орындарында қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете отырып, кәсіби тұрғыдан өсу үшін тең мүмкіндіктер жасау болып табылады.

Компания кадрлық саясатының негізгі міндеттері:

– Кәсіпорынды біліктілік персоналмен қамтамасыз ету;

– оңтайлы еңбек жағдайларын жасау;

– кадрлық әлеуетті сақтау және оны дамыту.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС өз қызметін жақсартуға бағытталған әлеуметтік жауапты кәсіпорын болып табылады.

Зауыт қала сыртында орналасқандықтан, жеке көлігі жоқ адамдарды демалыс күндерді қоса алғанда, таңертең және кешке зауыт автобустарымен тасымалдау қамтамыз етіледі. Сондай-ақ, зауыт түскі және түнгі үзілістер кезінде барлық персоналды тегін бір реттік тамақтандырумен қамтамасыз етеді.

Мамандарды ынталандыру, оларды перспективті жоғарылату және кадрлық резервті қамтамасыз ету үшін емтихан тапсырушылардың разрядтарын көтеруге немесе басқа лауазымға ауысуға құқық беретін ай сайын біліктілік емтихандары өткізіледі. Алдымен, бұл өндірістік бөлімшелердің мамандары үшін қарастырылған.

Айта кету керек, «АРБЗ» ЖШС өзінің кадрлық резервін қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарымен ынтымақтасады. Бұған дейін «Taiburyl» ҚБ қайырымдылық жобасы аясында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің техникалық мамандықтар бойынша түлектері тартылған болатын. Қазақстанның Даму Банкі корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде тағылымдамадан өтушілерге ай сайын стипендия төлеуге 9 млн. теңге сомасында грант бөліп, аталған жобаның демеушісі болды. Жоспар бойынша тағылымдамадан ойдағыдай өткеннен кейін студенттердің басым бөлігі «АРБЗ» ЖШС жұмысқа қабылданды.

2019 жылы «АРБЗ» ЖШС ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізетін жыл сайынғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» республикалық конкурсының жеңімпаздарының бірі болды. «АРБЗ» ЖШС «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша лауреат атанып, марапатқа ие болды.