Қазақстанның үздік тауары

Бүгін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Осы жеңіс – мақсатқа бағытталған қажырлы еңбектің, сапа мен даму жолындағы тұрақты талпыныстың лайықты жемісі. Ақтөбе облысы мен еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін биік деңгейде көрсете отырып, отандық өндірістің дамуына үлес қосу – біз үшін үлкен мәртебе әрі…

Бүгін «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясына қатысушы оқушылар Актөбе рельс-арқалық зауытына барып қайтты.

Зауыт қызметкерлері оқушыларды жылы жүзбен қарсы алып, өндіріс процесімен таныстырды. Балалар өнімнің қалай жасалатынын өз көздерімен көріп, зауыттың операторлық бөлмесіне де кіріп шықты. Сонымен қатар, зауыт жұмысшыларымен сұхбаттасып, кәсіби қызмет туралы қызықты ақпараттар алды. Экскурсиядан кейін оқушылар ерекше әсермен оралды. Көпшілігі алғаш рет осындай ірі өндіріс орнын өз көзімен көріп, тіпті кейбіреулері болашақ мамандығын осындай…

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Таза Аймақ» экологиялық акциясын толық қолдап, оған белсене қатысты.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаментімен ұйымдастырылып, қалалық аумақтарды және жағалаудағы аймақтарды тазалауға бағытталған. Акцияға қатысу – Кәсіпорынның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму принциптеріне берік екенін, сондай-ақ аймақтағы қоршаған ортаны қорғауға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосуға дайын екенін көрсетеді.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС 2025 жылдың 27-30 сәуір аралығында Ташкент қаласында өткен ИННОПРОМ: Орталық Азия халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.

Көрме ТМД мен Азия аумағында өнеркәсіптік технологиялар, инновациялар, жабдықтар мен өнімдерді көрсетуге арналған негізгі платформалардың бірі. Осы көрме іскерлік байланыстарды кеңейту, «АРБЗ» ЖШС өнімдерін Орталық Азия нарығында алға жылжыту және жаңа серіктестер табу үшін маңызды алаңға айналды. ИННОПРОМҒА қатысу – бұл қазақстандық өндірістің сапалы металлургиялық өніміне деген жоғары қызығушылықты растайды және одан әрі өсу мен…

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС қаланы абаттандыру акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.

Кәсіпорын қызметкерлері корпоративтік жауапкершілік пен қоршаған ортаға деген қамқорлық таныта отырып, қала аумағының санитариялық жағдайын жақсартуға және тазалық орнатуға елеулі үлес қосты.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Таза бейсенбі» атты экологиялық акциясына қатысты.

Аталаған іс-шара аясында Кәсіпорынның айналасындағы аймақты тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл акция Ақтөбе қаласын санитариялық тазарту және абаттандыру бойынша көктемгі экологиялық іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылды.   Осы сенбілікке Кәсіпорынның 100-ден астам қызметкері белсене атсалысты. Айта кету керек, «АРБЗ» ЖШС тұрақты негізде өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаның тиісті санитариялық жағдайын сақтау мақсатында экологиялық іс-шараларға…

Әлеуметтік серіктестік – сапалы маман даярлаудың негізі!

Мемлекет басшысының жұмысшы мамандықтарын қолдау саясаты аясында елімізде де, өңіріміз бен оқу орнымызда да сан түрлі шаралар іске асырылуда.            Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің жұмыс жоспарына сай еңбек адамдарының мәртебесін көтеру, оны жастарға кеңінен насихаттау, өңіріміздегі ірі кәсіпорындармен іскерлік байланыстарды нығайту және болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту арқылы жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мақсатында «SHEBER-2025» іс-шарасы бүгін еліміздегі…

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК ЖАСТАРЫ ӨНДІРІСТЕГІ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТЫ «ҚОЛДАЙДЫ».

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Гульнара Жумагельдиева бастаған ҚРКФ делегациясы «Кәсіподақ десанты» акциясы аясында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не барып, еңбек ұжымымен кездесіп, жұмысшы кәсіптер жылының міндеттерінің іске асу барысымен танысты. Осы кездесу аясында саланың дамуына қосқан үлесі үшін «Еңбек озаты» ҚРКФ медалімен зауыттың жоғары білікті қызметкерлері – 5-разрядты слесарь Андрей Бажин, цехтың таразышысы Куралбай…