«Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС «Уральская сталь» АҚ көпірлік болатының тұтынушыларына арналған үйлестіру кеңесіне қатысты

Уральская сталь (Загора құбыр зауытымен бірге бірыңғай тігінен интеграцияланған холдингке кіреді) тапсырыс берушілердің, көпір құрылысы саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдерінің, металл конструкцияларын өндірушілердің қатысуымен үйлестіру кеңесін өткізді. Іс-шараға комбинат “Уральская Сталь” басқарушы компаниясы, Загор құбыр зауыты, Орынбор облысының Өнеркәсіп және энергетика министрлігі, “Жолдар мен көпірлер” АҚ, “Институт Стройпроект”, “Гипростроймост” және “Гипростроймост-Санкт-Петербург”, ЦНИИТС, “Көпірлер мен…

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Тәуелсіз күнін атап өтті

2021 жылғы 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтілді. Осы мерекеге орай «АРБЗ» ЖШС басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп Кәсіпорын қызметкерлеріне салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара Бас директор – Валерий Валентинович Обилецтің құттықтау сөзімен басталды. Қызметкерлерге арналған құттықтау сөзінде Валерий Валентинович тәуелсіздік жылдары елімізде тұрақты экономика өрлеу, өндіріс ауқымының өсуін  атап өтті. Тәуелсіздік күніне…

7 желтоқсан, сейсенбі күні Нұр-Сұлтан қ. «Алтын сапа» сыйлығы мен «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауының иегерлерін марапаттау салтанатты шарасы өтті.

Айта кетейік, облыс әкімі Оңдасын Оразалин лауреаттарды марапаттау рәсімін онлайн қарап болған соң «Парыз» және «Алтын сапа» байқауларына белсенді қатысқан бірқатар ақтөбелік кәсіпорындардың басшыларына алғыс хаттар табыс етті. Атап айтқанда, «Үздік ұжымдық келісім-шарт» аталымы бойынша «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС мен «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС, «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша – «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Үздік еңбекті…

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Металл-Экспо 2021» 27-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты

2021 жылғы 11-13 қараша аралығында Ресей астанасы Мәскеу қаласында ЭКСПОЦЕНТР Орталық көрме орталығында металлургия саласындағы ең маңызды және ауқымды іс-шаралардың бірі – «Металл-Экспо 2021» 27-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті. COVID-19-ға байланысты енгізілген шектеулерге, сонымен қатар QR-кодтарын пайдалану арқылы көрмеге бару талаптарына қарамастан, форумның іскерлік белсенділігін атап өтуге болады. Металлургтер мен тұтынушылар бетпе-бет кездесті. Көрмеде қара…

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің экономика министрлерінің 10-шы кездесуі аясында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесіне инвестициялық үлес қосқаны үшін Түркі кеңесінің бизнес-сыйлығы номинациясында марапатқа

10 қыркүйекте Бакуде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) экономика министрлерінің 10-шы отырысы өтті. Іс-шараға Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Өмірзақов, Түркия Республикасының сауда министрі М. Муш, Әзербайжан Республикасының Экономика министрі М. Джаббаров, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі А. Ирғалиев, Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрі Д. Амангелдиев қатысты. Кездесу барысында…

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Ташкенттегі Сауда-Экономикалық миссияға қатысты.

2021 жылы 14-16 шілде аралығында Өзбекстан Республикасынның Ташкент қаласында Сауда-экономикалық миссия шеңберінде «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыст. Қиындықтар мен мүмкіндіктер» тақырыбында өтті. Іс-шараны қазақстандық экспортты қолдау QazTrade операторы мен Өзбекстан Республикасының Экспортты ілгерілету агенттігі ұйымдастырды. Көрмеге Қазақстан Республикасының 50-ден астам компаниясы қатысты, олардың ішінде «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС болды. Осы іс-шара аясында Қазақстан…

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС пішінді илектің сұрыптық желісін кеңейтеді.

Жоғары жылдамдықты магистральдарге арналған рельстер өндірісін игерумен қатар, Кәсіпорында пішінді илектің сұрыпталымын игеру белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылдың ақпан айында Кәсіпорын ыстықтай иленген қоставрлы болат арқалық №30 өндірісін игерді. Өнім халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сәйкес келеді және  МемСТ 8239-89, МемСТ 535-2005 сәйкес шығарылады. Сұрыпталымның жаңа түрлерін игеру ішкі нарықтың қажеттілігін толық көлемде  қамтамасыз етіп ғана қоймай,…

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС халықаралық «Металл-Экспо» көрмесі лауреатының алтын медалімен марапатталды

10-13 қараша аралығында Мәскеу қаласындағы ВДНХ-да (Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі)  26-шы халықаралық «Металл-Экспо-2020» өнеркәсіптік көрмесі өтті. Көрме жетекші металлургиялық компанияларды, құбырлық және металл бұйымдары зауыттарын, түсті металдар мен қорытпаларды өндірушілерді, металл трейдерлерін, сервистік металл орталықтарды, сондай-ақ металл өнімдерінің негізгі тұтынушыларын біріктірді. Көрме ұйымдастырушылары дәстүрлі түрде техникалық деңгейге сәйкес келетін жабдықтар мен технологияларды әзірлеген және іске…

«Самұрық-Қазына» жекешелендіру жоспары аясында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС–ін сату

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС (әрі қарай – «АРБЗ» ЖШС) Жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сату бойынша жұмыс жүргізді. «Көлік технологиялары» ЖШС тікелей мақсатты сату арқылы «Ремлокомотив» АҚ компаниясынан «АРБЗ» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 30% сатып алды. «АРБЗ» ЖШС-ін мемлекеттік қайта…

«АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС «РТЖ» (РЖД) ААҚ АТЫНА РЕЛЬС ЖЕТКІЗУДІ БАСТАДЫ

Ақтөбе рельс-арқалық зауытында 2020 жылдың соңына дейін 50 мың тонна көлемінде «Ресей темір жолдары» ААҚ қажеттіліктері үшін ДТ350 санатындағы Р65 типті рельс илегі басталды. Естеріңізге сала кетейік, «Ресей темір жолдары» ААҚ әлемдегі ең ірі үш теміржол компаниясының бірі, оның темір жолдарының жалпы ұзындығы 85,6 мың шақырымды құрайды. Жеткізілетін рельстердің көп бөлігі ұзындығы 100 метр болады…