Ашық есік күні аясында өңір басшысы мен облыс прокуроры Ақтөбе облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Шақырылған қонақтардың арасында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС, «Казхром» ТҰК» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ сияқты ірі кәсіпорындардың өкілдері болды. Аталған кездесу бизнес пен инвесторлардың мүдделерін қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Осы іс-шара барысында кәсіпкерлерге құқықтық қолдау көрсету, өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту және олардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету сияқты тақырыптары қозғалды. Кездесу билік пен бизнес қауымдастық өкілдері арасындағы сындарлы диалог пен пікір алмасудың тиімді алаңына айналды.