Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС аумағында «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі» МКҚК білім алушыларына экскурсия ұйымдастырылды.

2022 жылы «Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы», «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС және «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі» МКҚК арасында Кәсіпорынды білікті мамандармен қамтамасыз етуде және оның кадрлық әлеуетін арттыруда, сондай-ақ оқу орындарының кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыруда тікелей және өзара тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында үшжақты меморандум жасалды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС аумағында «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі» МКҚК білім алушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Қауіпсіздік техникасы бойынша өткізілген нұсқамадан кейін студенттерге рельс арқалық цехында рельс өнімдерін өндіру процесі көрсетілді.