Ақтөбе рельс-арқалық зауыты Қазақстан Республикасының Ұлттық Экспозициясы құрамында ИННОПРОМ 13-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.

Көрменің басты тақырыбы – «Тұрақты өндіріс: жаңарту стратегиясы».

Көрменің негізгі бөлімдері: цифрлық өндіріс, көліктік машина жасау, металл өңдеу, энергетикаға арналған технологиялар, компоненттер өндірісі, жаңа материалдар, автоматтандыру және робототехника, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, медициналық жабдықтар мен фармацевтика, қалаларға арналған технологиялар.