Ақтөбе облысында дәстүр бойынша ірі және орта кәсіпорындар өткен жылы облыс басшылығы мен кәсіподақтардың қатысуымен өндірістік бағдарламаларды, ұжымдық шарттар мен меморандумдарды орындау туралы қызметкерлер алдында есеп беру кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бейсенбіде 17 қаңтар күні аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе рельс – арқалық зауыты» ЖШС (әрі қарай мәтін бойынша – «АРБЗ» ЖШС) басшылығымен және еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында салынған инновациялық жоба болып табылады. Мұнда 800-ден астам адам еңбек етеді. Зауыттың Кәсіподақ бірлестігі тек өткен жылы ғана құрылды.
Кездесу барысында зауыттың барлық қызметкерлері сұрақтар қойды. Оларды қоғамдық көлік жұмысы және балабақшалардың жұмыс кестесін қайта қарау мүмкіндігі қызықтырды. «АРБЗ» ЖШС ұжымымен кездесу Меморандумға қол қоюмен аяқталды.
Өңір басшысы «АРБЗ» ЖШС-нің өндірістік ұжымын Ақтөбенің 150 жылдығына орай өз қаласын дамытуға үлес қосуға шақырды:
«Бұл мерейтойға қаланың әрбір тұрғыны қатысуы керек. Әр адам туған өлкенің дамуына үлес қосуға міндетті. Жеке аулалық аумақтарды абаттандыруға және көгалдандыруға болады», – деп ол атап өтті.
2018 жылы Ақтөбе облысы бойынша өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша 4781 меморандум жасалды. Оларды іске асыру нәтижесінде өткен жылы облыстың 591 кәсіпорнында еңбекақы көтерілді. Еңбекке ақы төлеудің өсуі негізінен өндірістік персоналға қатысты болды.
Мысалы, 2018 жылдың қаңтарынан бастап «АРБЗ» ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 10% – ға артты.