«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС өзінің 10 жылдығын кәсіби мереке «Металлург күні» қарсаңында «Zhety Kazyna» демалыс базасында атап өтті

            Салтанатты жиынның шымылдығы «АРБЗ» ЖШС Бас директоры Евгений Александрович Нестеренко пен Кәсіподақ комитетінің төрағасы Ақниет Нағиұлы Алданазаровтың жүрекжарды құттықтау сөздерімен ашылды. Олар Кәсіпорынның барлық қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, зауытымыздың алғашқы күндерінен бастап оның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін бір топ қызметкерлерге алғыс хаттар мен атаулы мүсіншелер табыс етті. Еңбегі еленген қызметкерлердің арасында біздің зауыттың ардагері – Марс Тургалиевич Утегенов болды, ол біздің бірегей кәсіпорынның құрылысы кезінде болған қызықты оқиғалармен бөлісті.  

            Қалыптасқан дәстүр бойыншакәсіби мерекеге орай «АРБЗ» ЖШС-нің қызметкерлері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» төсбелгісімен марапатталды. Осындай құрмет белгісіне біздің кәсіпорынымыздың дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін 3 қызметкер ие болды. Аталған  III дәрежелі «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» төсбелгілерін техникалық директор Александр Александрович Нестеренко мен өндіріс бойынша директор Антон Сергеевич Педер салтанатты түрде табыс етті.

            Мерекені қаланың үздік шоумендері – Нұртуған мен Батыр жалғастырды. Олар қызметкерлерге спорттық жарыстар, эстафеталар жүргізіп қана қоймай, іс-шараға жиналған қауымның көңіл-күйін көтерді.

            Балаларға қызықты бағдарлама дайындаған «Сюрприз+» аниматорлық агенттігі «мынау қандай сусын? қорапта не бар?» сияқты қазіргі таңда танымал конкурстармен бастады. Одан басқа да түрлі жарыстар өткізілді. Балалардың беттеріне агвагрим салынды, соңында оларға холли бояуларымен дискотека ұйымдастырылды. Кәсіподақ кішкентай қонақтарымызға тәтті балмұздық табыс етті.

            «АРБЗ 10 жыл» деген атаулы безендірілген тортқа тапсырыс берілді. Фуршеттегі барлық қызметкерлер десерттің дәмін татты, сондай-ақ «Zhety Kazyna» демалыс базасындағы аспазшылары дайындаған дәмі тіл үйретін палауды жеп, таза ауда сергіп қайтты.             Іс-шара тимбилдинг қатысушыларына олардың алған орындарына сәйкес бағалы сыйлықтар табыстаумен аяқталды.