Жоғары жылдамдықты магистральдарге арналған рельстер өндірісін игерумен қатар, Кәсіпорында пішінді илектің сұрыпталымын игеру белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылдың ақпан айында Кәсіпорын ыстықтай иленген қоставрлы болат арқалық №30 өндірісін игерді. Өнім халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сәйкес келеді және МемСТ 8239-89, МемСТ 535-2005 сәйкес шығарылады.
Сұрыпталымның жаңа түрлерін игеру ішкі нарықтың қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етіп ғана қоймай, «АРБЗ» ЖШС-нің де жалпы Қазақстан Республикасының да экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Біздің өнімнің сапасы Ресей, Украина, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және Беларусь елдер сияқты біздің тұтынушылармен расталған.
Сонымен қатар, Кәсіпорын қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмайды және шығырылатын өнімнің сапасын одан әрі жақсартуға және сұрыптамасын кеңейтуге бағытталған.