«АРБЗ» ЖШС Кәсіподағы – оқушының ең жақын досы

Жыл сайын Қазақстанда оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу дәстүрге айналды. Осы республикалық акция аясында «АРБЗ» ЖШС Кәсіподақ комитеті №47 орта мектептегі аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан 10 оқушыға көмек көрсетті: осы балаларға мектеп рюкзактары мен оқу құралдары сатып алынды. Әр сөмкеде білім алып және оқуда озат болуы үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Кәсіподақ комитетінің мүшелері балаларға рюкзактарын тапсырып, жаңа оқу жылына толағай табыстар тілеп, ізгі тілектерін білдірді.                 «АРБЗ» ЖШС қызметкерлерінің балалары да назардан тыс қалған жоқ. Құрылымдық бөлімшелерден келіп түскен мәліметтер бойынша биылғы жылы 60-тан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырғын аттайды. Осындай айтулы оқиғаны ескере отырып, АРБЗ Кәсіподақ комитеті бірінші сыныпқа баратын оқушыларды құттықтап, олардың ата-аналарына 1 балаға 20 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде көмек көрсетуді