2022 жылғы 04-07 шілде аралығында «АРБЗ» ЖШС Екатеринбург қаласындағы «Өнеркәсіптік ауысу: сын-қатерлерден жаңа мүмкіндіктерге» тақырыбына арналған ИННОПРОМ 2022 Халықаралық 12 өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.
«ИННОПРОМ 2022» – Ресейде өткізілетін индустрияландыру саласындағы ірі көрмелердің бірі. Ағымдағы жылы Қазақстан іс-шараның әріптес елі ретінде әрекет етті және оның экспозициясы 1600 шаршы метрден астам аумақты құрады, онда өнеркәсіптің барлық салаларын білдіретін 200-ге жуық отандық компания орналасқан.
«ИННОПРОМ 2022» – нің басты құндылығы екі елдің билік және бизнес басшыларын бір алаңға жинау және жаһандық трендтердің кез келген өзгерістеріне уақытылы жауап беру болды.
Осының дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – А.А. Смайыловтың, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің Вице-министрі – М.К. Қарабаевтың және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі – А. С. Қуантыровтың және Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы М. В. Мишустиннің қатысуын атап өтуге болады.