ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Өңірге келген бойы оны Ақтөбедегі бірегей әлеуметтік нысандармен таныстырды.
Асқар Мамин Ақтөбеде бірқатар әлеуметтік жобаларға барып, мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларын жүзеге асыру барысымен, азық-түлік қауіпсіздігі бойынша атқарылған жұмыспен, сонымен қатар автокөлік жолдарының құрылысымен танысты.
«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де Асқар Маминді өндірістің қыздыру пешінен бастап, дайын өнімді шығаруға дейінгі технологиялық процесімен таныстырды. Еске салайық, жоба Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы аясында жүзеге асырылған.
Кәсіпорын өңірдегі ең ірі өндіріс болып табылады және республикалық деңейде Қазақстанның индустрияландыру картасына енген компаниялар құрамына кіреді, және де ЕЭАС аумағындағы «Р-65» стандартты ұзын өлшемді (120 м) термоберіктелген теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі болып табылады. Жалпы, зауыт толық жобалық қуатына шыққан соң 2018 жылы жылына 430 мың тонна илек, соның ішінде жоғары жылдамдықтағы магистральдер үшін 200 тонна ұзын өлшемді (120 м) термоберіктелген рельс, құрылыс секторы үшін 230 мың тонна пішіндік өнім шығаратын болады.
Асқар Маминге шығарылатын өнімнің үлгілерін көрсетіп, өнім шығару технологиялық процесімен таныстырды. Зауыттағы сапары кезінде өңірдегі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. 2010-2016 жылдары Индустрияландыру картасының аясында құны 523 млрд теңгеге 83 нысан іске қосылды (оның ішінде Республикалық индустрияландыру картасының 2 жобасы) және шамамен 7,6 мың тұрақты жұмыс орындары ашылды.