Халықаралық әйелдер күні – көктемнің шуақты мерекелерінің бірі деп айтсақ артық болмас. 8 наурыз күні көктемнің келуімен, әйелдер сұлулығы мен нәзіктігімен ерекшеленеді. Әлемге көктемнің шуағындай – жылылық пен мейірім нұрын төккен, күндей шуақты, айдай ажарлы, гүлдей нәрлі де көркем аяулы арулардың мейрамы – шұғылалы мереке 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.
Дәстүрлі түрде «АРБЗ» ЖШС-нің ерлері ұйымдастыруындағы мерекелік кеш барша нәзік жанды Арулардың көңілінен шықты. Концерттік бағдарламада түрлі өлеңдер шырқалды, әзілдер айтылды және зауыт басшылығы өз жылы лебізін жеткізді. Мерекелік іс-шара аруларға мерекелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстаумен аяқталды.