«Integra Construction KZ» ЖШС өкілімен сұхбат

«АРБЗ» ЖШС Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігі саласының ажырамас бөлігі болып табылады.

Барлық теміржолшылардың кәсіби мейрамы қарсаңында біз серіктес компанияның қызметкері болып табылатын және теміржол көлігі саласында көпжылдық тәжірибесі бар Сұлтанбек Тәшкенбайдан сұхбат алдық. Бүгінгі таңда ол «Жол жөндеуші» компаниясы Батыс дирекциясы директорының орынбасары болып табылады, 2017 ж. акционерлердің шешімімен компания атауы «Integra Construction KZ» ЖШС болып өзгертілді.

Сіздің ҚР теміржол көлігінің дамуына көзқарасыңыз қандай:

«Еліміздің картасына көз салсаңыз Қазақстанның бүкіл аумағы темір жолдар тармақтарына толы, бұл жайдан жай емес – жолаушылар тасымалының 94% темір жолмен жүргізіледі. Бұрын рельстер әр түрлі металлургиялық зауыттардан алынатын, негізінен Ресейден және Украинадан жеткізіліп тұрды. ССРО тараған соң және тәуелсіздік алғаннан кейін шет елдерден рельстер жеткізу қиындай түсті – түрлі баждар, қосымша шығындар мен салықтар, қосымша түрлі құжаттарды толтыруға кететін уақыт. Қазақстанда зауыттың салынуы осындай және басқа да кедергілерден босатты. Өмір қарқыны жеделдеп келеді, сондықтан біз жолға кететін уақытты үнемдеп, неғұрлым қысқа жол, неғұрлым жылдам пойыз және неғұрлым қауіпсіз қозғалыс тәсілдерін таңдаймыз, алайда темір жолдардың тозуына байланысты жүк пойыздары да, жолаушылар пойыздары да рельстерден шығып кетіп жатыр, тасымалдаулардың сенімділігі теміржол қабатының күйіне және салынған рельстердің сапасына тікелей байланысты».

Өз компанияңыздың қызметі туралы айтып өтсеңіз:

«Компаниямых Қазақстан Республикасындағы жолдың жоғарғы қабатының, магистральдің, өнеркәсіптік және кірер темір жолдардың құрылысын, қайта құрастыру мен барлық жөндеу түрлерін жүзеге асыратын ірі кәсіпорын, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы теміржол тораптарының алғашқы жеке меншік құрылысшысы. Компания меншігінде заманауи құрылыс техникалары мен жабдықтарының толық жинақтары бар, аттестатталған  құрылыс зертханасына, ұсақтас  шығаратын зауытқа ие, кәсіби мамандары және сенімді серіктесі – Ақтөбе рельс-арқалық зауыты бар».

Осы саладағы еңбек жолыңыз туралы айтып берсеңіз:

«1983 жылы Қызылорда қаласындағы теміржол көлігі техникумын аяқтаған соң темір жолмен байланысты еңбек қызметім басталды. Мен қарапайым жұмысшыдан бастап басшыға дейін көтерілдім, теміржол көлігі саласындағы қызметім барысында әр түрлі міндеттер атқардым, мысалы: темір жолдар құрылысы және пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, өндірістік жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету, кәсіпорын бюджетін жоспарлау, кәсіпорынның үздіксіз жұмысын ұйымдастыру және ҚШҚ. Келесідей теміржол желілерінің құрылысында тікелей қатысым бар:

– 1983-1993 жылдары, Ақтөбе-Түркістан, Никельтау-Кандыағаш, Бейнеу-Опорная екінші жолдары;      

– 2003-2005 жылдары, Теңіз мұнай кен орнының шамадан тыс ірі габаритті жүктерді өткізуге арналған Ақтау теңіз порты – ТШО темір жол учаскесін қайта құрастыру;

– 2003-2005 жылдары, Хромтау-Алтынсарин;

– 2006-2008 жылдары, Жем-Жаңажол;

– Арқалық-Шұбаркөл;  

– Жезқазған-Сексеуіл.

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан бойынша компанияның мүдделерін өкілдік етемін».

Сіздің ойыңызша АРБЗ секілді кәсіпорындардың ашылуы ел экономикасына қалай әсер етеді? Және АРБЗ рельстері қандай жобаларда қолданылды?

«Жеке мені қуантатын жайт ол осындай бағыттағы бірінші инновациялық өндіріс, Қазақстанның және бүкіл Еуразиялық Экономикалық Одақтың аймағындағы жалғыз өндірістің дәл Ақтөбеде орналасуы.

Рельстердің қабылдануы жер-жерде жүргізіледі және осындай бірегей өнім шығарылатын аймақта болуы мүмкіндігі маған бұйырған, бұл өнім келесідей бүгінгі орындалған жобаларда жақсы бағаларды иеленді:

– Алматы-Шу екінші темір жолдарының құрылысы;

– ҚХР-Қазақстан Хоргос мемлекеттік шекарасындағы т/ж өткеліндегі құрғақ порттың құрылысы;

– «Нұрлы жол» вокзал кешенінің құрылысы

– Құрық паромдық кешенінің құрылысы;

Жоғарыда аталған нысандардың салу кезінде АРБЗ өнімдері қолданылды, атап айтқанда олар ұзындығы 25 және 100 метрлік рельстер. 800 метрге дейінгі ұзын өлшемді желілерді жалғастыру кезінде АРБЗ рельстері бұрын қолданылған рельстермен салыстырғанда ең үздік нәтижелер көрсетті. Мұндай көрсеткіш тұтас алғанда ел экономикасының дамуына игі әсерін тигізері сөзсіз».           

Сіздің ойыңызша АРБЗ рельстерінің артықшылығы қандай?

«Технологиялық процестер ноу-хау болып табылады, өндіріс үдерісінің баламасы жоқ және зауытта орнатылған Siemens VAI компаниясының жабдықтары осы технологияның ажырамас бөлігі болып табылады, рельс-арқалық зауытындағы жұмыстар тоқтап тұрмайды, күндіз-түні, кесте бойынша жүргізіледі. Зауыттың қайталанбас тұсы оның шынықтыру жүйесі, ол рельстердің механикалық қасиеттері тиісінше болуына септік етеді. Осындай шынықтыру жүйесі Қытайдағы жалғыз зауытта ғана бар, ол зауыттың өнімдері биік деңгейде бағаланған. Бүгінгі таңда АРБЗ осы технология бойынша жұмыс жасап, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келеді».

Кішкене болашаққа көз жүгіртіп, АРБЗ-мен арадағы қатынастың келешегі мен даму перспективалары туралы білсек

«Біздің компания басқа елдердегі де қызмет көрсеті нарығын игеруде, сол үшін Мәскеу қаласында өкілді, Белградта (Сербия), Римде (Италия), Абу Дабиде (БАӘ) еншілес кәсіпорындар ашылды. Осы аталған елдердегі жұмыс барысында АРБЗ өнімін пайдалануды жоспарлаудамыз, өйткені болашақта АРБЗ еуропалық стандарт бойынша 60Е1 типтегі рельстерді шығаруды көздейді. Мен АРБЗ компаниясының дамуы біздің компанияның да дамуымен тығыз байланыста болып, серіктестік қатынастарымыз нығай түседі деген нық сенімдемін».

«Integra Construction KZ» ЖШС

Бас дирекциясы директорының орынбасары

Сұлтанбек ТӘШКЕНБАЙ