Форумға Қазақстан мен Сербияның бизнес қауымдастығының, мемлекеттік және жеке компаниялардың өкілдері жиналды. Негізгі талқыланған тақырыптар: инвестициялар тарту, инвесторлар іздеу, ауыл шаруашылығын дамыту, логистика, сондай-ақ теміржол рельстерін жеткізу саласында ынтымақтастық болды. Сербия өз көлік инфрақұрылымын дамыту және оны кеңейтуге, соның ішінде теміржол желілерін жаңартуға айтарлықтай қызығушылық танытты. Осыған орай, сапасы мен беріктігі бойынша жоғары стандарттарға сәйкес…
Сапардың мақсаты – металлургия саласындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасудың ықтимал перпеспективаларын талқылау болды. Инновациялық инженерлік технологияларды енгізуге, үнемді өндіріс қағидаттарына, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен денсаулық сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ экологиялық стандарттардың талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды. @azf_kazchrome@kazchrome_official
2024 жылдың 17 қазанында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не «MinTech -2024» @kazexpo_tech — тау-кен өндіру, металлургия және энергетика өнеркәсібінің салаларына арналған жабдықтар мен технологиялардың халықаралық көрмесінің қатысушылары келді. Қатысушылар бірлескен кездесу барысында ТПБАЖ, БӨАжА, еңбекті қорғау және экология бөлігінде тәжірибемен алмасты, сонымен қатар инновацияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Акцияның негізгі мақсаты – әлем халқын қалдықтарды дұрыс кәдеге жаратуға қатысты қоғамда ұзақ мерзімді мінез-құлқыны қалыптастыруды ынталандыру. Ұйымдастырушылар @aktobe_ecologia және Дүниежүзілік тазалық күніне қатысып, планетамызды таза ұстауға көмектескендердің барлық жандарға алғыс айтамыз!!!
Премьер-Министр Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік бірқатар кәсіпорынның өндірістік қуатымен танысып, олардың мысалында отандық бизнесті қолдау шараларының тиімділігін және Жолдауда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің жүзеге асырылу барысын тексерді. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистика саласы мен АӨК назарға алынды. Олжас Бектенов Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өндірістік қуатымен танысты. Кәсіпорын жылына 430 мың тоннаға дейін: темір…
«Металлургтер күні» кәсіби мерекесі қарсаңында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС қызметкерлері балалары үшін саяхат ұйымдастырылды. Мұндай саяхат бірінші рет жүзеге асырылды. Саяхат кезінде балалар өздерінің ата-аналары жұмыс істейтін кәсіпорынмен ғана емес, сонымен қатар, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС өнімдері өндірісінің технологиялық процесімен де танысты. Саяхат басталар алдында жеткіншектерге кәсіпорын туралы бейне түсірілім көрсетіліп, қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті…
Осы жылдың шілде айында Мәжіліс депутаттары мен фракция мүшелері «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не барып, Кәсіпорын жұмыскерлермен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты — жақында қабылданған заңнамалық актілердің маңызыдылығы туралы толық ақпарат беру болды. Негізгі бекітілген заңдардың қатарында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, құмарлық ойынға қарсы күрес және басқа да сұрақтар. Мәжіліс депутаттары букмерлік кеңселер мен казиноларға қойылған талаптарды күшейтті….
