Рельс өнімдері

Рельстер Р65 (120 м дейін)

(ҚР СТ 2432-2023, МемСТ Р 51685-2022, МемСТ 34222-2017)

АРБЗ-ның «визит карточкасы» ретінде ДТ350 санатты ұзын өлшемді рельстер болып табылады. Атап айтқанда, ҚР СТ 2432-2023 «Дифференциалды беріктелген және термоберіктелмеген теміржол рельстері» және МемСТ Р 51685-2022 «Теміржол рельстері. Жалпы техникалық шарттар» сапа стандарттарына сәйкес келетін ДТ350 санатты Р65 типті дифференциалды термоберіктелген рельстері. Олар әсіресе жоғары жылдамдықты автомагистральдарда, сондай-ақ өткізу қабілеті жоғары желілерінде тиімді. Рельс ұзындығының артуына байланысты жапсарлардың санын азайтуға болады, бұл теміржол төсемін салу кезінде қаржылық шығындарды азайтып қана қоймай, теміржол құрамын да, рельстердің тозуға төзімділігін де арттыруға болады. Осының нәтижесінде жолаушылар пойыздарының жүріс жатықтығына, ал жүк пойыздарының жылдамдығына қол жеткізуге болады.

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ТЕРМОБЕРІКТЕЛГЕН РЕЛЬСТЕР:

ДТ350ВСжоғары жылдамдықты жолаушылар қозғалысы үшін
ДТ350ССқосарланған жылдамдық қозғалыс үшін
ДТ350ННберіктігі төмен темепературад
ДТ350жалпы мақсатта

ТЕРМОБЕРІКТЕЛМЕГЕН РЕЛЬСТЕР:

Н320ВСжоғары жылдамдықты жолаушылар қозғалысы үшін
Н320жалпы мақсаттағы төзімділігі өте жоғары
Н300жалпы мақсаттағы төзімділігі жоғары
Н260жалпы мақсаттағы төзімділігі қарапайым

60Е1 и 60Е2 – рельстері
R 260, R 350 HT – болат маркасы

Әлемдік нарыққа шығу үшін және еуропалық стандартқа сәйкес келетін рельстерге қажеттілікті жабу мақсатында 60Е1 және 60Е2 рельстерінің жаңа түрлерін игеру және оларды шығару бойынша іс-шаралар жүргізілді. 2019 жылы EN 13674-1:2017 еуростандартына сәйкес сертификат алынды. Бұл рельс түрі Еуропа Одағы, Балтық жағалауы елдерінде, сондай-ақ Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде қолданылады.