«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Тәуелсіз күнін атап өтті

2021 жылғы 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтілді. Осы мерекеге орай «АРБЗ» ЖШС басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп Кәсіпорын қызметкерлеріне салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шара Бас директор – Валерий Валентинович Обилецтің құттықтау сөзімен басталды. Қызметкерлерге арналған құттықтау сөзінде Валерий Валентинович тәуелсіздік жылдары елімізде тұрақты экономика өрлеу, өндіріс ауқымының өсуін  атап өтті.

Тәуелсіздік күніне арналған мерекеде жыл қорытындысы шығарылды, қызметкерлерді құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімі өтті.

7 желтоқсан, сейсенбі күні Нұр-Сұлтан қ. «Алтын сапа» сыйлығы мен «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауының иегерлерін марапаттау салтанатты шарасы өтті.

Айта кетейік, облыс әкімі Оңдасын Оразалин лауреаттарды марапаттау рәсімін онлайн қарап болған соң «Парыз» және «Алтын сапа» байқауларына белсенді қатысқан бірқатар ақтөбелік кәсіпорындардың басшыларына алғыс хаттар табыс етті.

Атап айтқанда, «Үздік ұжымдық келісім-шарт» аталымы бойынша «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС мен «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС, «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша – «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Үздік еңбекті қорғау саласындаға кәсіпорын» аталымы бойынша-  «Транстелеком Байланыс» ЖШС марапатталды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Металл-Экспо 2021» 27-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты

2021 жылғы 11-13 қараша аралығында Ресей астанасы Мәскеу қаласында ЭКСПОЦЕНТР Орталық көрме орталығында металлургия саласындағы ең маңызды және ауқымды іс-шаралардың бірі – «Металл-Экспо 2021» 27-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті.

COVID-19-ға байланысты енгізілген шектеулерге, сонымен қатар QR-кодтарын пайдалану арқылы көрмеге бару талаптарына қарамастан, форумның іскерлік белсенділігін атап өтуге болады. Металлургтер мен тұтынушылар бетпе-бет кездесті.

Көрмеде қара және түсті металлургия өнімдерінің, заманауи жабдықтар мен технологиялардың алуан түрлілігі ұсынылды. «Металл-Экспо» металлургия, құрылыс индустриясы, машина жасау көшбасшыларын біріктіреді.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС көрме барысында металл нарығының негізгі қатысушыларынан қызығушылық, ұсыныстар мен тілектер қабылдау түрінде кері байланыс алды. Компания өкілдеріне зауыттың толық презентациясын көрсету және серіктестік қарым-қатынас орнату арқылы кездесулер өткізілді.

Аталған көрмеге қатысу аясында «АРБЗ» ЖШС Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Украина, Словакия және Балтық жағалауы елдерінің металл сатушы компанияларымен Қазақстанның жоғарыда аталған елдермен ынтымақтастықты мен тауар айналымын (рельс пен пішінді илекті сату) кеңейтуге қатысты іскерлік және мазмұнды келіссөздер жүргізді.

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің экономика министрлерінің 10-шы кездесуі аясында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесіне инвестициялық үлес қосқаны үшін Түркі кеңесінің бизнес-сыйлығы номинациясында марапатқа

10 қыркүйекте Бакуде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) экономика министрлерінің 10-шы отырысы өтті. Іс-шараға Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Өмірзақов, Түркия Республикасының сауда министрі М. Муш, Әзербайжан Республикасының Экономика министрі М. Джаббаров, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі А. Ирғалиев, Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрі Д. Амангелдиев қатысты.

Кездесу барысында Түркі кеңесіне мүше елдер үкіметтерінің өкілдері көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары және түркітілдес елдер арасындағы көпжоспарлы қатынастарды нығайту жөніндегі алдағы қадамдар туралы пікір алмасты. Сауданы, инвестицияларды, өнеркәсіпті, көлік байланыстарын дамыту, электрондық сауда мен цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, бизнес мүмкіндіктері мен өңірлік ынтымақтастықты пайдалану мәселелерін көрсететін ортақ пайым негізінде таяу және орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық ынтымақтастық стратегиясын әзірлеу қажеттігі атап өтілді.

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің экономика министрлерінің 10-шы кездесуі аясында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесіне инвестициялық үлес қосқаны үшін Түркі кеңесінің бизнес-сыйлығы номинациясында марапатқа ие болды.  Ақтөбе рельс-арқалық зауытына марапатты Қазақстан Республикасының – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов табыс етті.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Ташкенттегі Сауда-Экономикалық миссияға қатысты.

2021 жылы 14-16 шілде аралығында Өзбекстан Республикасынның Ташкент қаласында Сауда-экономикалық миссия шеңберінде «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыст. Қиындықтар мен мүмкіндіктер» тақырыбында өтті.

Іс-шараны қазақстандық экспортты қолдау QazTrade операторы мен Өзбекстан Республикасының Экспортты ілгерілету агенттігі ұйымдастырды.

Көрмеге Қазақстан Республикасының 50-ден астам компаниясы қатысты, олардың ішінде «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС болды.

Осы іс-шара аясында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Іс-шараның басты мақсаты – тікелей байланыс орнату, өзбек компанияларымен сауда қатынастарын жандандыру, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту. Келіссөздер Өзбекстан кәсіпкерлерімен B2B кездесулері арқылы жүргізілді.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС пішінді илектің сұрыптық желісін кеңейтеді.

Жоғары жылдамдықты магистральдарге арналған рельстер өндірісін игерумен қатар, Кәсіпорында пішінді илектің сұрыпталымын игеру белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылдың ақпан айында Кәсіпорын ыстықтай иленген қоставрлы болат арқалық №30 өндірісін игерді. Өнім халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сәйкес келеді және  МемСТ 8239-89, МемСТ 535-2005 сәйкес шығарылады.

Сұрыпталымның жаңа түрлерін игеру ішкі нарықтың қажеттілігін толық көлемде  қамтамасыз етіп ғана қоймай, «АРБЗ» ЖШС-нің де жалпы Қазақстан Республикасының да экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің өнімнің сапасы Ресей, Украина, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және Беларусь елдер сияқты біздің тұтынушылармен расталған.

Сонымен қатар, Кәсіпорын қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмайды және шығырылатын өнімнің сапасын одан әрі жақсартуға және сұрыптамасын кеңейтуге бағытталған.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС халықаралық «Металл-Экспо» көрмесі лауреатының алтын медалімен марапатталды

10-13 қараша аралығында Мәскеу қаласындағы ВДНХ-да (Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі)  26-шы халықаралық «Металл-Экспо-2020» өнеркәсіптік көрмесі өтті.

Көрме жетекші металлургиялық компанияларды, құбырлық және металл бұйымдары зауыттарын, түсті металдар мен қорытпаларды өндірушілерді, металл трейдерлерін, сервистік металл орталықтарды, сондай-ақ металл өнімдерінің негізгі тұтынушыларын біріктірді.

Көрме ұйымдастырушылары дәстүрлі түрде техникалық деңгейге сәйкес келетін жабдықтар мен технологияларды әзірлеген және іске қосқан, сондай-ақ жоғары сапалы металл өнімдерінің жаңа түрлерін өндіруді игерген үздік кәсіпорындар мен ұйымдарды марапаттайды.

97-100% жарамды өнімнің шығуын қамтамасыз ететін «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де рельстерді және «ОЭМК» АҚ-да мен «Уральская Сталь» АҚ-да жоғары сапалы үздіксіз құйылмалы дайындаманы өндірудің толассыз технологиясын әзірлегені үшін 2020 жылы «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «И.П. Бардин атындағы ЦНИИчермет» ФМБК, «Металлинвест» ЖШҚ,  «Оскольский электрометаллургический завод» АҚ, «Уральская Сталь» АҚ-мен қатар – халықаралық «Металл-Экспо» халықаралық көрмесі лауреатының алтын медалімен марапатталды.

(В.В.Семенов, Г.А. Филиппов, А.В. Куклев, А.А. Угаров, В.В. Обилец, Б.К. Каскин, С.Л. Евсеев, С.П. Зубов, М.С. Кузнецов)

«Самұрық-Қазына» жекешелендіру жоспары аясында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС–ін сату

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС (әрі қарай – «АРБЗ» ЖШС) Жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сату бойынша жұмыс жүргізді.

«Көлік технологиялары» ЖШС тікелей мақсатты сату арқылы «Ремлокомотив» АҚ компаниясынан «АРБЗ» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 30% сатып алды.

«АРБЗ» ЖШС-ін мемлекеттік қайта тіркеуі жүзеге асырылды.

«АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС «РТЖ» (РЖД) ААҚ АТЫНА РЕЛЬС ЖЕТКІЗУДІ БАСТАДЫ

Ақтөбе рельс-арқалық зауытында 2020 жылдың соңына дейін 50 мың тонна көлемінде «Ресей темір жолдары» ААҚ қажеттіліктері үшін ДТ350 санатындағы Р65 типті рельс илегі басталды. Естеріңізге сала кетейік, «Ресей темір жолдары» ААҚ әлемдегі ең ірі үш теміржол компаниясының бірі, оның темір жолдарының жалпы ұзындығы 85,6 мың шақырымды құрайды. Жеткізілетін рельстердің көп бөлігі ұзындығы 100 метр болады және Ресей Федерациясының теміржолдарын жөндеу кезінде қолданылады.

Илек Ақтөбе рельс-арқалық зауытының стратегиялық серіктесі болып табылатын РФ ірі тау–кен металлургиялық холдингінің бірі – «Металлоинвест» құрамына кіретін «Оскол электр-металлургиялық комбинаты» АҚ өндірісін дайындамасынан жүзеге асырылады.

АРБЗ ДСТУ 4344:2004 бойынша рельс өндірісін игерді

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС ДСТУ 4344:2004 бойынша шығарылған 1 санатты Р65 типті теміржол рельс өндірісін игерді. Осы жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың наурыз айында сәйкестік сертификаты алынды, оның болуы Украина аумағында рельстік өнімді сатуға қажетті шарт болып табылады. Бұл өз кезегінде кәсіпорын мен Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.