Ақтөбе рельсарқалық зауытының «Ең үздік тауары»

2018 жылы 11 шілдеде Ақтөбе қаласында , «Өнер орталығында» «Атамекен»Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Ақтөбе облысының әкімдігімен бірге , 40-тан астам Ақтөбе тауар өндірушілерінің қатысумен жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінің жыл сайынғы республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті,

олардың бірі «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС. Конкурсқа ұсынылған өнімдердің  ауқымы әртүрлі.Олардың ішінде азық-түлік, тұрмыстық химия,киім,құрылыс материалдары,жарнамалық және кәдесый өнімдері.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Муканов Нурлыбек бастаған 12 адамнан тұратын сот комиссиясын тоғыз үздік өндіруші үш негізгі санатпен анықтады: «Өндіріс үшін ең жақсы тауарлар», «Халық үшін ең жақсы тауарлар», «Ең жақсы сатылымды тауар».

Марапаттау рәсімінде үш номинацияның бірінде «Ақтөбе рельсарқалық зауыты»ЖШС  «Өндіріс үшін ең жақсы тауарлар» жеңімпазы атанды.

Шараның құрметті қонағы – Ақтөбе облысының әкімі – Бердібек Сапарбаев атап өткендей конкурстың басты мақсаты- Қазақстандық нарықтық жоғары сапалы өнімдермен қанық болуына және өнімдердің көлемін арттыруға жәрдемдесуі болып табылады. Ақтөбе кәсіпкерлері 6 айда 870 млрд теңге өнім өндірілген.Бұл өткекн жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 % жоғары.

Ақтөбе облысы әр түрлі жылдары байқау-көрмеге қатысқан жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Қазақстанның ең үздік тауарлары» және Президенттің «Алтын сапа» жүлдесі атанып келеді.

Айта кетсек 2014 жылы «Ақтөбе рельсарқалық зауыты»ЖШС Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты  «Жылдың үздік өндірістік жобасы» номинациясы атанды.

Сонымен қатар облыстық турдың жеңімпаздары Ақтөбе облысы республикалық  деңгейде ұсынылды.Байқау дипломанттары конкурстың логотипін жарнамалық мақсаттарда төрт жыл бойы пайдалануына ,яғни өз өнімдерін нарықта жылжытуға құқылы екендігін атам өткен жөн.

Рельстер – «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»!!!

“Жергілікті қамтуды ұлғайту
Үкімет үшін басты
міндет болуы тиіс»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев.

2015 жылдың 11 ақпанында ұлттық экономиканы қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев отандық өндірушілерді қолдаудың «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын енгізуді ұсынды, оның мақсаты Қазақстан азаматтарының отандық тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қызығушылығы мен сенімін арттыру, шығарылатын тауарлардың санын көбейту және ол туралы халық тарасында насихаттау болып табылады.

Осы мақсатта «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі құрылды.

Отандық брендтердің танымалдылығын арттыру үшін «Қазақстанда жасалған» логотипі бекітілді, ол Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды тануға бағытталған болатын.
Бірлестік қатысушылары тек қана отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өндірушілері, олар ұжымдық тауарлық белгіні «Қазақстанда жасалған» ұжымдық тауарлық белгісінің жарғысында белгіленген өнімді өндірудің жалпы сипаттамаларына қойылатын талаптарға сәйкес пайдаланылады.

2018 жылдың 15 наурызында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі» мүшесі ретінде қабылданды, бұл компания қызметі аясында «Қазақстанда жасалған» ұжымдық тауарлық белгісін қолдану құқығын береді.

ARBZ ЖШС балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру

Көңілді демалыс

Жаз – нағыз демалыс мезгілі. Ақтөбе облысының балалар сауықтыру лагерлері қалыптасқан дәстүр бойынша балаларға көңілді және қызықты демалыс ұйымдастыру үшін өз есіктерін айқара ашты, және ең бастысы олар денсаулық нығайтуға бағытталған. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС қызметкерлерінің балалары да бұл шарадан тыс қалмады. Кәсіпорынның, кәсіподақ ұйымының және «АРБЗ» ЖШС қызметкерлерінің қаржылық қолдауымен балалар демалысы ұйымдастырылуда. 7-14 жас аралығындағы балалар үшін «Әсем» сауықтыру лагеріне екі апталық төрт маусымға 120 астам жолдама алынды, бұл лагерь қаламыздың экологиялық таза ауданында орналасқан. Бұл жерде балалар денсаулығын нығайтып, иммунитетін күшейтіп қана қоймай, қажетті білім-ілім алып, басқа балалармен танысады. Лагерь бағдарламасы балалардың шығармашылығын қолдауға, білімге ұмтылысын дамытуға, достық орта құруға, әр баланың мүмкіндіктерін ашуға бағытталған.

Бағдарламада күнделікті емдік процедуралар мен оқыту ғана емес, сонымен қатар жаттығу, массаж, өзенге шомылу, күн және ауа ванналары, түрлі шығармашылық және спорт секциялары да кіреді. Балаларға бес мезгіл алуан түрлі тағам беріледі. Осы ретте айта кететін жайт, ата-аналар жолдаманың тек 10% төлейді, ал қалған шығындарды, оның ішінде лагерьге бару және кейін қайту шығындарын «АРБЗ» ЖШС және кәсіподақ ұйымы өз есебінен ұйымдастырады.

Балалар демалысын ұйымдастыру «АРБЗ» ЖШС үшін қызметкерлер арасында жоғары сұранысқа ие, әлеуметтік қолдаулардың маңызды шарасы. Сондықтан бұл кәсіпорында жақсы дәстүр ретінде қалыптасады.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Белорусская железная дорога» МБ-не рельстердің бірінші партиясын жіберді

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі алғаш рет Беларусь магистральді теміржол желісінің ірі операторына рельс өнімін жабдықтауды бастады.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС және «Белорусская железная дорога» МБ арасында жасалған шарт аясында 2018 жылдың 08 маусымында ДТ-350 санатты Р65 типті дифференциалды-термоберіктелген рельстердің бірінші партиясы тиеліп жіберілді, олар Беларусь Республикасында заманауи магистральдер салуға арналған.

«АРБЗ» ЖШС-гі экспорттық әлеуетін дамыту және географиясын кеңейту мақсатында Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа нарықтарына шығуды жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда «АРБЗ» ЖШС-гі рельс өнімдерін Ресей, Украина, Түрменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия елдеріне жабдықтауды жүзеге асыруда.

1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні»

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Халықаралық балаларды қорғау күнінен орай қайырымдылық акциясын өткізді. Осындай шуақты мереке күні кәсіпорынның ұжымы «Үміт» балалар үйіндегі балақандарға өз жылуын бөліп, оларға жақсы көңіл-күй сыйлауды жөн көрді. Бүгінгі таңда Балалар үйінде туғанынан бастап 5 жасқа дейінгі 50 балдырған тәрбиеленуде, олардың ішінде тастанды, мүгедек және белгілі уақытқа дейін, ата-аналары тұрмысын жақсартқанша қалдырылған балалар бар. Барлық балапандар өте мейірімді, жадыраңқы. Кәсіпорын өкілдері балалар мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, ағымдағы іс-шаралар мен Балалар үйінің күрделі мәселелерімен таныстырылды, осыдан кейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған кішкентай ақтөбеліктерге Кәсіпорын қызметкерлері жинаған қаражаттан сыйлықтар таратылды. Алғыс ретінде Балалар үйінің тәрбиеленушілері мерекелік ертеңгілік ұйымдастырды.

ӘЛЕМНІҢ БАРЛЫҚ БҮЛДІРШІНДЕРІ!

БІЗ СІЗДЕРДІ ШЕКСІЗ СҮЙЕМІЗ,

СІЗДЕРДІ САҒЫНАМЫЗ!

ҮЙ БОЛСЫН ӨЗДЕРІҢЕ ШУАҚТЫ ЖАЙ,

ӘКЕҢ МЕН АНАЛАР АМАН ЖҮРСІН ҰДАЙ,

АСПАНДАРЫҢ АШЫҚ БОП, НҰРЫН СЕУІП,

ЖАР БОЛЫП ЖҮРСІН СЕНДЕРГЕ ҚҰДАЙ!,

2017 жылы РЖД рельстер сатып алуды 106 млн т дейін 11,5% көбейтті

РЖД 2017 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,06 млн. т рельс сатып алды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 11,5% артық деп хабарлайды ТАСС РЖД-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда «Евраз» компаниясынан 719,8 мың т., ал «Мечелден» 329 мың т. рельс сатып алды. Сонымен қатар РЖД қазақстандық Ақтөбе рельс-арқалық зауытынан 7,5 мың т. рельс сатып алды деп хабарламада көрсетілген.

Олардың 529,3 мың т. рельстер 100 м., оның ішінде 315,8 мың т «Мечел» өндірісінің рельстері, 206 мың т. – «Евраз» холдингінен деп көрсетті РЖД. 2016 жылы РЖД 947,7 мың т. рельс сатып алды, оның ішінде 404,6 мың т. 100 м. ұзындықта болатын.

Источник

«РЖД Логистика» РЖД үшін Қазақстаннан ұзын өлшемді рельстер жеткізуді ұйымдастырды

«РЖД Логистика» жалпы салмағы 7,5 мың т. 100-метрлік рельстерді РЖД қажеттіліктері үшін Қазақстаннан Ресейге кешенді жеткізуді ұйымдастырды. Компанияда атап көрсеткендей жоба Орталық қозғалысты басқару дирекциясы, ОФКҰ, Орталық және Оңтүстік-Орал жол жөндеу дирекциясымен ынтымақтастықта жүзеге асырылды.

РЖД және «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» (АРБЗ) Ақтөбе қ. (Қазақстан) 2017 жылдың 16 қарашасында қазақстандық-ресейлік Үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы комиссияның отырысы барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы құжатқа сәйкес АРБЗ Ресейге жалпы қолданыстағы және жоғарыжылдамдықты магистральдерге арналған темір жолдар құрылысына арналған рельстер экспорттауға даяр екенін білдірді.

«РЖД Логистика» тасымалдаудың логистикалық операторы ретінде әрекет етті – меморандумға қол қойылғаннан 5 күннен кейін Қазақстандық темір жолдың Қызғалдақты ст.-нан ұзынөлшемді рельстері бар алғашқы құрам Оңтүстік-Орал темір жолының Металлургическая ст. жіберілді. Кешенді қызметтің құрамында: клиентпен бірге тиеу технологиясын әзірлеу, осы технологияны ресейлік және қазақстандық темір жолдар желілерінде келісу, арнайы қозғалмалы құрам жіберу, ол әрқайсысы төрт 25-метрлік платформадан құралған сегіз тіркемеден тұрады, РФ аймағындағы тарифті төлеу, құжаттар ресімдеу, инспекция, тиеуге жетекшілік жүргізу, барлық маршрут бойынша жүктің бүтіндігін қамтамасыз етіп тасымалдау. Барлығы 4 құрам жіберілді.

Бұрын аталғандай, РЖД 2018 жылы жаңа рельстік өнімді бағалау нәтижелері бойынша тұрақты жабдықтаулар мәселесін қарастырады.

Источник

Ақтөбеде отандық өнімнің жаңа түрін шығарып бастады

Ақтөбе өңірінде шығарылатын құрылыс материалдарының ассортименті көбеюде.

Мұнда Қазақстандағы алғаш рет болат бұрыштықты шығару басталды.  Импорттың орнын басуға жақында қызметін ақтарып бастаған рельс-арқалық зауыты көмектесуде. Кәсіпорын ассортиментінде рельстік өнім ғана емес, пішінді илектің де он шақты түрі бар.

Отандық өнімнің жаңа түрі МемСТ сәйкес келеді және жергілікті нарыққа жіберіліп, сонымен қатар Ресейге де экспортталып үлгерген. Кәсіпорында 120-шы құрылыс бұрыштығының бір жарым мың тоннасы шығарылды. АРБЗ ассортиментінде профильдің 27 түрі және сонша пішінді илек түрлері бар.

Иван Лысенко, АРБЗ өндіріс бойынша директоры:

– Бұл өнім өнеркәсіптік ғимараттар салуға, тұрғын үй құрылысында қолданылады. Осыған дейін ҚР аймағында мұндай өнім шығарылған жоқ. Осы жоба импорттың орнын басуды қамтамасыз етіп, РФ мен Орта Азия елдеріне экпорттық жабдықтаулар жасауға жол ашады.

Бүгінде Ақтөбе өңірі өзінің құрылыс материалдарына қажеттілігін толықтай өтеп отыр. Оның 90 % жергілікті кәсіпорындар шығарады. Артық қалған көлемі көршілес елдерге сатылады. Осылайша құрылыс бұрыштығын сатып алуға ТМД елдерінен ондаған компаниялар қызығушылық танытты. Бұл отандық тауар болғандықтан алдымен қазақстандық тораптық базалар арасында үйлестіріледі. Металл илегінің ірі сатушылары жергілікті өнімді ірі партиялармен сатып алады, бұл өнім сырттан әкелінген баламалармен озық бәсекеге түсе алады.

Самал Симбинов, металл базасының өкілі:

– Біздің металлдың сапасының еш міні жоқ, АРБЗ-дан шығарылатын арматура болсын, бірінші қазақ бұрыштығы болсын, қай өнімді алмасаңыз да солай. Халық оларды жақсы деп бағалауда. Сатып алынған барлық көлем дерлік сатылып үлгерді. Кәсіпорындар да алуда, жеке тұлғалар да алуда. Өңірдің экономикасы бірнеше облыста қатарынан дамып келеді. Жаңа кәсіпорындар өнеркәсіптің өсуін қамтамасыз етуде, ал жалпы ішкі өнімнің өсуі 105 %  деңгейінде болжанып отыр. Өңір көрсеткіштері өнеркәсіптік портфельдің өзгеріп келетінін пайымдайды. Мұнай өндіру көлемдері азайған уақытта өңірдегі өңдеуші өнеркәсіптің өсуі байқалады.

Кайрат Бекенов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

– ҚИИДМБ аясында іске қосылған жаңа кәсіпорындар бүгінде цифрлармен, экономика саласында, өңіріміздің дамуында салық түсімдері түрінде жаңа леп беріп отыр. Сонымен бірге біз мемлекет тарапынан жасалған жағдайлар аясында осы жаңадан ашылған өндірістер арқылы өнеркәсіп өркендеуінің резервтерін көріп отырмыз. Атап айтқанда 5 млрд теңгеден астам қаражат индустриялық аймақты және бизнеске арналған алаңды ашуға бөлінді. 13 компания осы индустриялық аймаққа тапсырыс беріп, жобалардың жалпы сомасы 88 млрд.теңгені құрады.

Бизнеске арналған аталмыш алаңда жаңа өндірістер бой көтеріп келеді. Индустриялық аймақтың жартысынан астам көлемі бүгінде бос емес. Бұл жерде 1700 жұмыс орны ашылады. Сәйкесінше алаң толық қамтылса, жұмысқа тартылған халық саны екі есе көбееді.

Ақтөбе облысының экспорттық потенциалы артуда

Ақтөбе облысы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жалпы $964 млн көлемінде тауар экспорттады. Ол туралы өңірдің сыртқы байланыстар басқармасы хабарлады деп мәлімдейді 24.kz.

Өткен жылдың 10 айы ішіндегі деректер. Экспорттың негізгі үлесі, атап айтқанда 96%, Ресейге жіберілді. Бұл жергілікті кәсіпорындарда шығарылған металлдар, ферроқорытпалар және рельстер.  Екінші топта – мұнай, мұнай өнімдері, хром және мыс рудалары.

Осы жылы экспорт көлемін сиыр еті, шошқа еті, сүт өнімдері секілді тауарлар бойынша көбейтеді. Сапалы азық-түлік көрші елдерде жоғары сұранысқа ие.

Ақтөбе өңірінің өткен жылғы жалпы тауар айналымы 4 млрд доллардан астам болғанын атап өту керек. Тауарлардың негізгі үлесі Қытай, Жапония және Ресейді құрады.

2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда экспорт өсімі 71% құрайды. Осының барлығы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты секілді кәсіпорындар қызметінің нәтижесі. Олардың өндірісінің өсуі есебінен экспорттың саны да көбейіп отыр – деп атап көрсетті Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы.

Источник

Ақтөбе рельстері Ресейде салынуда

АРБЗ өнімін «РЖД» үшін жабдықтайтын болады

Ақтөбеде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен РФ үкімет төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловтың қатысуымен Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысы өтіп, оның барысында бірқатар маңызды құжаттар қабылданды.

Ақтөбе рельс-арқалық зауытында негізгі сессияны бастар алдында тараптар «АРБЗ» ЖШС және «Ресей теміржол жолдары» ЖАҚ («РЖД») арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«АРБЗ-нан шығатын өнім толықтай әртараптандырылған. Бұл ең заманауи зауыт, барлық ЕАЭО үшін әлеуеті зор», – деп көрсетті ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар жыл аяғына дейін 7,5 мың тонна «Р-65» рельстерін жабдықтауға «РЖД»-мен келісім-шартқа қол қойылды. Бірінші партия Челябинск қаласына жіберіледі.

«Бүгін таңда Ресей Федерациясы ресейлік темір жолдарды дамытудың инвестициялық бағдарламасын мақұлдады. Жаңа теміржол маршруттары дамытылатын болады. Оның барлығы оның ішінде Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өнімін де талап етеді. АРБЗ – бұл интеграция мен кооперация идеясының жүзеге асуы. Біз Ресейде темір жолдарды модернизациялау бағдарламасын іске асыруда осы өнімді қуана сатып аламыз», – деді өз кезегінде Игорь Шувалов.

Ақтөбе РАЗ – ЕАЭО аймағындағы ұзын өлшемді термоберіктелген теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі.

Кәсіпорында 2017 жылдың тоғыз айында 31,2 миллиард теңгеге 116,4 мың тонна өнім шығарылды. Өнімнің негізгі тұтынушылары – «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Өзбекстан, Түркменстан және Әзірбайджан елдері.

Үкіметаралық комиссиясының отырысында Қазақстан мен Ресей арасындағы индустриялық-инновациялық ынтымақтастық бағдарламасының аясында 2017-2020 жылдары барлығы 4,5 миллиард долларға 41 жоба жүзеге асырылады.

«Ресей Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып табылады. Осы жылдың тоғыз айында елдеріміз арасындағы тауар айналымы 30 пайызға өсіп, 11,4 миллиард доллларды құрады. Бүгінгі таңда Қазақстанда ресейлік инвесторлары бар жеті мыңнан астам компания қызмет етуде», – деп көрсетті пленарлық отырыс барысында Асқар Мамин.

Егер Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы туралы айтар болсақ, осы жылдың тоғыз айында бұл көрсеткіш 146 пайызға өсіп, 828 миллион долларды құрады. Өңірде ресейлік капиталдың қатысуы бар 650 компания жұмыс жасайды.

Өз тарапынан Игорь Шувалов екі ел арасында әлі де пысықталуы тиіс мәселелер мен реттелетін сұрақтар бар екенін жасырмады. Атап айтсақ, Қазақстаннан Ресейге тауарларды тасымалдау және транзиттік тасымалдар төңірегіндегі мәселелер. Ол осы кедергілер мен шектеулерді жою үшін жоспар әзірлеуге сәйкесінше тапсырмалар берілгенін айтып өтті. Сондықтан ресейлік делегация құрамында көлік министрлігінің, Россельхознадзор өкілдері де болды.

2017 жылдың тоғыз айында екі ел арасында жүк тасымалдау көлемі 45,5 миллион тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артық. РФ үкіметі төрағасының бірінші орынбасары ресейлік тараптан Батыс Қытай – Батыс Еуропа жолының бөлігін тез арада іске қосуға септік ететіні туралы уәде берді.

Источник