ХШЖК металлургтердің басты форумы «Металл-Экспо’2017» өтті

2017 жылдың 14-17 қарашасы аралығында ХШЖК 75-ші павильонында 23-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі «Металл-Экспо’2017» өтті. 35 елден қатысқан 530 компания қара және түсті металлургияның алуан түрлі өнімдерін, заманауи жабдықтарды, технологиялар мен инновациялық шешімдерді таныстырды. Осы жылы көрме жұмысына 30 000 жуық маман қатысты.

«Металл-Экспо’2017» дәстүрлі түрде жетекші металлургиялық компаниялар, құбырлық және метиздік зауыттар, түсті металлдарды өңдеу кәсіпорындар, алюминий илегі мен қорытпаларының өндірушілері, құрылысшылар, мұнай, газ және машина жасаушы компания өкілдерін бір алаңда біріктірді.

Ресейлік компаниялар алуан көлемді экспозициялармен таныстырды:

«Металлоинвест» БК» ЖШҚ, Құбырлық металлургиялық компания, «Северсталь» ӨАҚ, Өнеркәсіптік-металлургиялық холдинг, Орал тау кен-металлургиялық компаниясы және тағы басқалар.

Сонымен қатар көрмеге алыс және жақын шет елдерден 250 астам компания қатысты, олардың ішінде «АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС ерекше орында тұр, бұл – РЕЛЬСТЕР ЖӘНЕ ПІШІНДІ ИЛЕК шығарумен айналысатын жас, ТМД аумағындағы ең заманауи және перспективтік кәсіпорындардың бірі.

«АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС  экспозициясы, сонымен қатар жоғары сапалы өнім шығарудағы жетістіктер жыл сайын көрме қатысушылары мен қонақтарының ерекше назарына ие.

«МЕТАЛЛ-ЭКСПО» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КӨРМЕСІНІҢ арқасында «АРБЗ» бренді бүкіл әлемде танымал болып келеді және жаңа ТҰТЫНУШЫЛАР табылуда! 

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты нарыққа шығуда

Ақтөбеде қазақстандық-ресейлік сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының ХІХ отырысы өтті.

Оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Ресей Федерациясы Үкімет төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов қатысты. Олар екі жақты ынтымақтастықты әр түрлі салаларда дамыту мәселелерін талқылады.

Жалпы алғанда ағымдағы жылдың 9 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға өсті және 11 млрд. доллардан асты. Екі ел үкіметі басшыларының орынбасарлары Ақтөбе рельс-арқалық зауытына да іссапармен барды. Бүгінгі таңда бұл барлық ЕАЭО аймағындағы «Р-65» стандартындағы термоберіктелген ұзын өлшемді теміржол рельстерін шығарушы жалғыз кәсіпорын. Келесі жылы толық жобалық қуатына шыққан соң зауыт жылына 430 мың тонна илек, оның ішінде жоғары жылдамдықты магистральдерге арналған рельстерді шығаратын болады. Осы жылдың 9 айында кәсіпорында құны 31 млрд. астам теңгеге 116 мың тоннадан астам рельс өнімі шығарылды. Өнімнің негізгі тұтынушылары – «Қазақстан Темір жолы» компаниясы, сонымен қатар Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжан елдері. «Ресей теміржол жолдары» компаниясының президенті Олег Белозёров және «Қазақстан Темір жолы» басшысы Қанат Алпысбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді қазақстанда шығарылған рельстер Ресейге жабдықталатын болады. Бірінші партия – 4,5 мың тонна – жақын күндері Челябинскке жіберіледі.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

– Биылғы жылы біздің ЕАЭО бойынша серіктестерімізбен сауданың өсуі 30 пайыздан асты. ЕАЭО елдері нарығына экспорт өсуі 40 пайызға жетті. Бұл біздің интеграциялық бірлестігіміздің аясындағы анық жетістіктер. Барлық ЕАЭО мүше елдер осындай жаһандық интеграциялық экономикалық бірлестікті құру шеңберіндегі туындайтын сұрақтарды конструктивтік тұрғыда шешуге ынталы.

Игорь Шувалов, РФ Үкімет Төрағасының бірінші орынбасары:

– Көшбасшыларымыз үнемі нақты кооперацияны қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтты. Осы зауыт аталмыш идеяның жүзеге асуы. Соңғы күйінде бұл осында, Ақтөбеде құралды, ал оның өнімі көптеген әлем елдерінде тұтынылатынынан сенеміз. Ресейде біз сапалы өнімді қуана алуға даярмыз.

Комиссия қатысушылары Шығармашылық академиясына барды. Ауданы 13 мың шаршы метр әлеуметтік нысан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шегінде салынды. Бұл жерде балаларды дамытуға арналған ондаған үйірмелер жұмыс жасайды.

Асқар Мамин мен Игорь Шувалов Қазақстан комиссиясының отырысын өткізді

Ақтөбеде қазақстандық-ресейлік сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 19-шы отырысы өтті. Ол туралы ҚР Премьер-министрінің пресс-қызметі хабарлады.

Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Мамин, ресейлік тараптан – РФ үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов басқарды.

ҮАК отырысы барысында индустриялық-инвестициялық, отын-энергетикалық, көлік, атом өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім, туризм салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.

Асқар Мамин Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық байланыстың барлық деңгейлеріндегі қарым-қатынастардың табыстылығын атап өтті.

«Ресей Қазақстанның басты сауда серіктесі болып табылады», – деп көрсетті Асқар Мамин, және ол екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымының оңды динамикасын ерекше атап көрсетті.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға өсті және 11,4 миллиард АҚШ долларын құрады.

«Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен жеті мыңннан астам компания қызмет атқарып келеді», – деді Асқар Мамин және іскерлік ортада байланыстарды әлі де тереңдетіп, нығайтуға ынталы екенін білдірді.

Бүгінгі таңда ҚР және РФ арасында 2017-2020 жылдарға арналған индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы бекітілген, ол өңдеуші өнеркәсіпке және энергетикаға инвестицияларды өзара ұлғайту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуді көздейді.

Қазақстанның Ресеймен стратегиялық серіктестікті дамыту бағдарының тұрақтылығын ерекше атап, Асқар Мамин отын-энергетикалық кешен, өнеркәсіптік кооперация, көлік өнеркәсібі, ғылыми-технологиялық және инновациялық даму, транзиттік-көлік әлеуеті саласындағы бірлескен жұмысты әрі қарай қарқынды жалғастыруға тілек білдірді.

«Жалпы алғанда ҚР және РФ сауда-экономикалық ынтымақтастығы экономиканың түрлі салаларын әрі қарай дамытуға ықпалы зор», – деді Асқар Мамин.

Отырыс аясында Асқар Мамин мен Игорь Шувалов шағын және кеңейтілген форматта екі жақты келіссөздер өткізді.

19-шы қазақстандық-ресейлік сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы нәтижесінде делегация басшылары сәйкесінше хаттамаға қол қойды. ҮАК отырысы шеңберінде «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС және «Ресей теміржол жолдары» ЖАҚ арасында ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды.

Құжатқа «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Ресей теміржол жолдары» ЖАҚ президенті Олег Белозеров қол қойды.

Қазақстанда шығарылған  жоғары сапалы ұзын өлшемді рельстер ресей теміржол жолдарын модернизациялауда қолданылатын болады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін АРБЗ Р65 маркалы ұзындығы 120 метрлік 7,5 мың тонна рельс жеткізеді. Ақтөбе рельс-арқалық зауытының экспорттық әлеуеті 2020 жылға дейін 550 мың тоннадан асады.

«ЕуразЭО жобасы туындаған кезде ел басшылары іс жүзіндегі кооперация, іс жүзіндегі интеграцияны қамтамасыз ету керектігі туралы айтты. Бұл зауыт, АРБЗ, – осы идеяның жүзеге асуы. Зауыт өнімі көптеген елдердің аймақтарында сұранысқа ие болады деп сенемін», -деді Игорь Шувалов.

  Қазақстандың және ресейлік делегация басшыларының Ақтөбеге сапары аясында олар әлеуметтік маңызды бірқатар нысандарға барып өтті, оның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектебіне және Шығармашылық академиясына барды.

Источник

Асқар Мамин мен Игорь Шувалов Қазақстан комиссиясының отырысын өткізді

Ақтөбеде қазақстандық-ресейлік сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 19-шы отырысы өтті. Ол туралы ҚР Премьер-министрінің пресс-қызметі хабарлады.

Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Мамин, ресейлік тараптан – РФ үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов басқарды.

ҮАК отырысы барысында индустриялық-инвестициялық, отын-энергетикалық, көлік, атом өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім, туризм салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.

Асқар Мамин Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық байланыстың барлық деңгейлеріндегі қарым-қатынастардың табыстылығын атап өтті.

«Ресей Қазақстанның басты сауда серіктесі болып табылады», – деп көрсетті Асқар Мамин, және ол екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымының оңды динамикасын ерекше атап көрсетті.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға өсті және 11,4 миллиард АҚШ долларын құрады.

«Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен жеті мыңннан астам компания қызмет атқарып келеді», – деді Асқар Мамин және іскерлік ортада байланыстарды әлі де тереңдетіп, нығайтуға ынталы екенін білдірді.

Бүгінгі таңда ҚР және РФ арасында 2017-2020 жылдарға арналған индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы бекітілген, ол өңдеуші өнеркәсіпке және энергетикаға инвестицияларды өзара ұлғайту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуді көздейді.

Қазақстанның Ресеймен стратегиялық серіктестікті дамыту бағдарының тұрақтылығын ерекше атап, Асқар Мамин отын-энергетикалық кешен, өнеркәсіптік кооперация, көлік өнеркәсібі, ғылыми-технологиялық және инновациялық даму, транзиттік-көлік әлеуеті саласындағы бірлескен жұмысты әрі қарай қарқынды жалғастыруға тілек білдірді.

«Жалпы алғанда ҚР және РФ сауда-экономикалық ынтымақтастығы экономиканың түрлі салаларын әрі қарай дамытуға ықпалы зор», – деді Асқар Мамин.

Отырыс аясында Асқар Мамин мен Игорь Шувалов шағын және кеңейтілген форматта екі жақты келіссөздер өткізді.

19-шы қазақстандық-ресейлік сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы нәтижесінде делегация басшылары сәйкесінше хаттамаға қол қойды. ҮАК отырысы шеңберінде «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС және «Ресей теміржол жолдары» ЖАҚ арасында ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды.

Құжатқа «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Ресей теміржол жолдары» ЖАҚ президенті Олег Белозеров қол қойды.

Қазақстанда шығарылған  жоғары сапалы ұзын өлшемді рельстер ресей теміржол жолдарын модернизациялауда қолданылатын болады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін АРБЗ Р65 маркалы ұзындығы 120 метрлік 7,5 мың тонна рельс жеткізеді. Ақтөбе рельс-арқалық зауытының экспорттық әлеуеті 2020 жылға дейін 550 мың тоннадан асады.

«ЕуразЭО жобасы туындаған кезде ел басшылары іс жүзіндегі кооперация, іс жүзіндегі интеграцияны қамтамасыз ету керектігі туралы айтты. Бұл зауыт, АРБЗ, – осы идеяның жүзеге асуы. Зауыт өнімі көптеген елдердің аймақтарында сұранысқа ие болады деп сенемін», -деді Игорь Шувалов.

  Қазақстандың және ресейлік делегация басшыларының Ақтөбеге сапары аясында олар әлеуметтік маңызды бірқатар нысандарға барып өтті, оның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектебіне және Шығармашылық академиясына барды.

Источник

Террористік шабуыл болған жағдайда әрекет ету тәртібі

Ақтөбедегі Рельс комиссиясының 133 отырысы қазақстандық өнімнің сапасы жоғары екендігін атап өтті

4 қазанда Ақтөбеде 133 Рельс комиссиясының отырысы өткізілді. «Ақтөбе рельс арқалығы зауыты» ЖШС алаңында Қазақстанда тұңғыш рет өткізілуде. Оған әлемнің 20-дан астам өндіріс, рельстердің сапасын бақылау және пайдалану жөніндегі жетекші компаниялары қатысуда. Олардың қатарында Siemens VAI (Австрия), Mitsui & Co и Nippon Steel (Жапония), ЕВРАЗ Холдинг (Ресей), Kardemir (Түркия), NDT Technologies Inc. (Канада) тағы басқа да компаниялар бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылым жобалары жөніндегі вице-президент Б. Орынбасаров ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминнің отырысқа қатысушыларға құттықтауын оқып берді.

«Қазақстанда Рельс комиссиясының 133-отырысын өткізу рельс илеуі өндірісіндегі маңызды оқиға болып саналады»,- дейді Құттықтауда.

1520 жолтабаны кеңістігіндегі рельс өнімдерін дайындау мен пайдалануда Рельс комиссиясының ролі зор екендігі айта келіп А. Мамин «Ақтөбе рельс арқалығы зауыты Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған Еуразия кеңістігіндегі баламасыз замануи үлгідегі кәсіпорын. Мұнда аса жоғары сапалы бәсекелестікке сай өнім өндіріледі»,-деп атап өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Б. Орынбасаров рельс өндіруді Қазақстанның теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы басым бағыттардың бірі екендігін «Қазақстан аумағындағы тұңғыш рельс өнімдерін шығару теміржол көлігі саласының маңызды кезеңі екендігін» атап өтті.

«Ақтөбе рельс арқалығы зауытының өнімдері «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы: Алматы-Шу теміржол желісінің екінші телімі, жаңа Құрық теңіз портының инфрақұрылымы, Астана жаңа вокзалы кешені құрылыстарында кеңінен пайдаланылуда», дейді Б. Орынбасаров.

Зауыт өнімдері тиісті стенділік, алаңдағы сынақтардың барлығынан өткізілді. Қауіпсіздік, сапалық, техникалық регламент және халықаралық стандарт талаптарына сай.

Қазіргі таңда АРАЗ кәсіпорны аумағында жүрдек қозғалысқа арналған рельстің Р65 сыныпты ДТ 350 және ДТ 350 СС түрлері шығарылады.

Отырыс барысында «РТЖ» ААҚ ЦДИ бастығының орынбасары А. Кучин, «АРАЗ» ЖШС бас директоры А. Кузьмин сөз сөйледі.

Анықтама үшін: 

Рельс комиссиясы – рельс сапасын стандарттау мақсатында құрылған комиссия. Ресейде құрылғанына 130 жыл толып отыр.

Рельс комиссиясының жылма-жылғы отырыстарында теміржол рельстерінің сенімділігі, өндірістегі технологиялық жағдай, рельсті шығару мен пайдаланудағы өзекті мәселелер қаралады.

Қазіргі таңда, Рельс комиссиясы ( «РТЖ»ААҚ, «ҚТЖ»ҰК» АҚ, «ВНИИЖТ»ААҚ, «ЕвразХолдинг»ААҚ, «Орал металл институты», «Магнитогор магнитті-калибр зауыты», «Мечел-Сталь БК» ААҚ, АРАЗ) секілді теміржол көлігі инфрақұрылымы саласының, металлургиялық зауыттардың, ғылыми орталықтардың үздік мамандарын біріктіреді.

Источник

Қазақстан 133 рельстік комиссияны қабылдады

Ақтөбеде жол шаруашылығындағы ежелден келе жатқан және беделі зор шара – 133-ші «Рельстік комиссия» өтті.

Кең ауқымды мәжіліске қазақстандық және ресейлік салалық компаниялардан жүзге жуық басшылар мен жетекші мамандар қатысты.

Темір жол құрылған кезінен бастап және осы күнге дейін сұранысы жоғары көлік саласы. Ол экономиканың локомотиві рөлін атқарып, ондағы түрлі салалардың дамуына септік етіп отырады.

Тұрақтылық кепілі осы саланы барлық қажетті материалдармен уақытылы және толық қамтамасыз ету болып табылады, бүгінде осы қызметті еліміздегі жалғыз рельс-арқалық өнімін шығару зауыты атқарып келеді. Құрылғанына аз болса да, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты бүгінде посткеңестік аймақта абыройы асқақтап тұр. Сондықтан осы кең ауқымды шараны өткізу орны ретінде біздің аймақ таңдалды.

Жол шаруашылығындағы инновацияларды талқылау және рельс илегінің сапасын жетілдіру мүмкіндіктерін талдау үшін Ақтөбеге жүзге жуық қазақстандық және ресейлік компания өкілдері жиналды.

Мәжілісті ашу рәсіміне «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Бауыржан Орынбасаров келді. Ол форум қонақтарын жылы лебіздерімен қарсы алып, компания қызметі мен бас серіктес – Ақтөбе рельс-арқалық зауыты туралы мақтанышпен айтып берді. Көптеген қатысушылар кәсіпорын туралы хабардар және әрі қарай ынтымақтастық етуге жігерлі екенін білдірді.

Үш күн ішінде өз тәжірибесінен және соңғы жылдар ішіндегі зерттеулер нәтижелері қамтылған ондаған баяндама оқылды.

Ақтөбе облысына республика басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен келді

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 01_13.jpg

Президент Ақтөбеде екі күн болады.

Сәрсенбі, 4 қазан күні, президент сапарының алғашқы күнінің бірінші тармағы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты болды (суретте). Жақында бұл жерде жаңа цех іске қосылды.

Ол жоғары көміртекті феррохромның өндірісін ұлғайту жобасы шеңберінде салынды. Цехта жаңа буындағы төрт тұрақты ток пештері бар, жалпы өнімділігі жылына 440 мың тонна жоғары көміртекті феррохром.

Цех шығарып бастаған жоғары көміртекті феррохромның басты сатып алушылары – Қытай, Еуропа, АҚШ.

Әкім мен зауыт ұжымының жақсы жұмысын мақтай отырып, президент оларға табыс тіледі де, «АРБЗ» ЖШС – Ақтөбе рельс-арқалық зауытына бет алды.

Бұл кәсіпорынның ерекшелігі – ол ЕАЭО аймағындағы  «Р-65» стандартымен ұзын өлшемді термоберіктелген теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі. 2018 жылы толық өндірістік қуатына шыққан соң зауыт жылына 430 мың тонна илек шығарады, оның ішінде жоғары жылдамдықты магистральдерге арналған рельстер де бар.

2017 жылдың 9 айында кәсіпорында 31,2 млрд.теңгеге 116,4 мың тонна рельс өнімі шығарылды. Өнімнің негізгі тұтынушылары – «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Өзбекстан, Түркмения, Әзірбайжан және өзге де елдер.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВКЕ шығарылатын өнімнің үлгілерін көрсетсіп, өндірістің технологиялық процесімен таныстырды.

Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ президентке Ақтөбе облысында Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында құны 258 млрд теңгеге 23 жобаны жүзеге асыру және 6 500 жаңа жұмыс орындарының ашылатыны туралы хабарлады.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 13 млрд теңге 11 жоба іске қосылды.

Жалпы алғанда облыс әкімінің айтуынша 2017 жылғы мақсат – жалпы құны 18 млрд теңгеге 20 кәсіпорынды модернизациялау. Болжанған нәтиже – еңбек өнімділігін 12 % көбейту, өнім өндіру мен өңдеуге байланысты өзқұндылықты 3 % төмендету, жарақаттану деңгейін азайту.

Одан бөлек ағымдағы жылдың І тоқсанында өңдеу өнеркәсібінің облыс экономикасына үлесі 10,8% бастап 17,5% дейін көбейеді.

Источник

Қазақстан Президенті Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты

Ақтөбе. 4 қазан. Kazakhstan Today – Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан президенті «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не барды деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты. Мемлекет басшысына кәсіпорынның өнімін алыс және жақын шетелдерге, оны ішінде Өзбекстан, Түркменстан және Әзірбейжан елдеріне экспорттаудың ағымдық күйі туралы ақпарат берді деп хабарлайды Ақорда пресс-қызметі.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, оларға табысты жұмыс пен кәсіби жетістіктер тіледі.

Пресс-қызметте атап көрсеткендей зауыт өз өнімімен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компания» АҚ толық қамтып отыр. Кәсіпорынның қуаты –жылына 430 мың тонна өнім.Конец формы

Источник

Инновациялар мен рухани даму көзі

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына қызметтік сапары барысында инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарға, сонымен қатар өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды.

Ақтөбе облысы Қазақстан өңірлерінің арасында аймағы бойынша екінші орында тұр. Оның аймағында еліміздің маңызды өндірістік кешендері бар, олар Үшінші модернизация жағдайында ерекше орынды иеленуде. Бүгін мұндағы өнеркәсіптік және әлеуметтік даму индекстерінің өркендеуі байқалады. Осы жылдың 8 айында экономиканың өсуі кемінде 4%, инвестициялар көлемі – 130% құрады. Өнеркәсіптік өнімнің көлемі 4,9% өсті.

Облыстың отыз ірі кәсіпорындары Модернизация және кадрларды қайта оқыту жоспарын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда 10 өндіріс модернизацияланды, жыл аяғына дейін бұл сан екі есе өседі. Болжанған нәтиже – еңбек өнімділігін 12 % көбейту, өнім өндіру мен өңдеуге байланысты өзқұндылықты 3 % төмендету. Барлығы ағымдағы жылы өңірде 11,3 мың жұмыс орны ашылды, бұл жұмыссыздық деңгейін 4,8 % деңгейінде ұстауға мүмкіндік берді.

– Тәуелсіздік жылдары ішінде Ақтөбе облысының халқы екі есеге өсті. Осы көрсеткішті өсіру үшін мұндай түгелдей ықшам аудандар салынып, қажетті инфрақұрылым өткізілуде. Барлық жағдайлар жасалған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев өңір халқына. – Әрі қарай да үйлер тұрғызылып, жолдар, газбен, сумен қамту желілері салынады. Қазақстан түгелдей жол тораптарынан құралатын болады. Бұл дамудың нағыз өзі, оның ішінде адами әлеуеттің де өркендеуі.

Өңірдің даму қарқынын Мемлекет басшысының жұмыс маршрутының бірінші тармағындағы нақты кәсіпорыннан көру мүмкін болды. «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 цехы 2014 жылы трансұлттық компанияның жоғары көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту бойынша стратегиясын жүзеге асыруы нәтижесінде ашылды. Бұл Қазақстандағы қара металлургия саласындағы жетекші кәсіпорын деп атауға болады. Бүгінгі таңда мұнда жалпы өнімділігі жылына 440 мың тонна жоғары көміртекті феррохром болатын жаңа буындық төрт тұрақты ток пеші жұмыс жасайды. Сұранысы жоғары өнім ҚХР, АҚШ, Еуропа елдеріне жіберіледі.

Өңірдің өнеркәсіптік картасындағы тағы бар алып – Ақтөбе рельс-арқалық зауыты – елді индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылған ірі инновациялық кәсіпорны. Бұл кәсіпорын Еуразиялық экономикалық одақ аймағындағы  «Р-65» стандартымен ұзын өлшемді термоберіктелген теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі.

Өнімнің негізгі тұтынушыларының бірі «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ болып табылатын кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 430 мың тонна илек.  Ел президентіне шығарылатын өнімнің үлгілерін көрсетіп, өндірістің күрделі технологиялық процесімен таныстырды. 

Өнімі алыс және жақын шет елдерде, оның ішінде Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжан елдерінде жоғары бағаланатын зауыт үстіміздегі жылы 116,4 мың тонна 31,2 млрд. теңгеге рельс өнімін шығарды. Осының барлығы – кәсіби еңбек ұжымының жетістігі. Нұрсұлтан Назарбаев зауыт қызметкерлерімен сұхбаттасқан соң оларға табысты еңбек пен жоғары көрсеткіштер тіледі.

Үшінші модернизацияның тағы бір маңызды мақсаты – тағам өнімдерін шығаруды дамыту. Өңірдегі жұмыстық сапары барысында Мемлекет басшысы Greenhouse Kazakhstan жылыжайына барды, оның құрылысында Ultra-Clima озат инновациялық жүйесі қолданылды. Ел президентіне осы жобаның барлық өңірге көкөністер жеткізу, сонымен қатар көкөніс өнімдерін жақын және алыс шет елдерге экспорттау туралы ақпарат берді.   

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 6 мың тонна көкөніс. Жылыжай кешені «ҚазАгроФинанс» АҚ қолдауымен индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік  бағдарламасы аясында салынды.

Өнеркәсіптік кешеннің және АПК табыстары әлеуметтік қамту саласындағы түрленулерді қолдауы тиіс. Сондықтан мемлекеттік саясаттағы басты артықшылық «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламасына берілген. «Нұр Ақтөбе» алабындағы жылдам тұрғызылатын аз қабатты несиелік тұрғын үйлердің құрылысымен танысқан соң, Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асырудың маңызы зор екенін ерекше атап өтті.  

– Бұл халықтың әл-ауқатын жақсартуда  маңызы зор мәселе. Біздің басты мақсатымыз – азаматтардың жайлы тұрмысы үшін қажетті инфрақұрылымды жасау және оларды жұмыспен қамту, – деп көрсетті Мемлекет басшысы.

Содан кейін Елбасы осы жобаны жүзеге асыруға қатысатын құрылыс компаниялардың өкілдерімен сұхбаттасты. Президент жобалық шешімдердің ерекшеліктеріне, құрылыс сапасына қызығушылық танытты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үстіміздегі жылы облыстың 1 000 отбасын тұрғын жаймен қамту жоспарланғанын айтып өтті. Тек осы ықшам ауданда келер екі жыл ішінде 423 аз қабатты жеке үйлер салынады. Әлеуметтік инфрақұрылымға 1200 орынға арналған мектеп, балабақша және емхана қосылады. Оның жанында «таунхаус» типті 3-4 қабатты алпыс үй тұрғызылуда. Олардың жалпы ауданы 53,3 мың шаршы метрлік 22 үй үстіміздегі жылы толықтай тапсырылады. 

Ауқымды тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруға онға жуық құрылыс компаниялары тартылған, оның ішінде 130 құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар 100% жұмыспен қамтылған. Нысандар құрылысында пайдаланылатын материалдардың 80% астамы жергілікті өндірістен шығады.

Мемлекет басшысы «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қаражатына салынған Өнер ордасына да сапармен барды. Бұл кешенде өңірдегі ерекше 1 200 орынға арналған концерттік зал бар. Онда бұқаралық шаралар мен шығармашылық концерттер өтетін болады. Ал әзірге ең үлкен концерттік залдың алғашқы қонағы Нұрсұлтан Назарбаев болды, Өнер ордасының сахнасында облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Одан кейін Елбасы облыстық шығармашылық академиясына барды. Бұл әлеуметтік нысанның ауданы 13 мың шаршы метр, ол бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қазхром» ТҰК» АҚ есебінен салынды. Жобаның құны – 1,5 млрд. теңге. Ғимарат заманға сай стандарттар мен талаптарға сәйкес келеді, ең озық жабдықтармен жасақталған.

Академияда дамыту және шығармашылыққа арналған 50 үйірме бар, обсерватория мен планетарий бар. Шығармашылық ұжым Президентпен жас қазақстандықтардың ғылыми және шығармашылық жобаларын жүзеге асыру бойынша жоспарларымен бөлісті, бұл жерде саз илеу техникасының шеберханасы, телестудия, көлік және авиа модельдеу үйірмелері бар.

«Жұбановтар әлемі» мұражай-үйінде Мемлекет басшысы облыс зиялыларымен кездесті. Өңір тұрғындарымен сұхбаты барысында Нұрсұлтан Назарбав «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған модернизация процесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

– Әлем көз алдымызда күнделікті өзгеріп отыр және біз осы өзгерістердің ішіндеміз. Жаңа ғылымдар пайда болып, жаңа түсініктер қалыптасып жатқан заман. Барлық реформалар, оның ішінде рухани жаңғыру, біздің ұрпақтарымызды осындай болашаққа дайындау болып табылады, – деп Президент айта кетіп, Ақтөбе де Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар инновациялар көзі болып, өндірістік, қаржылық және адами ресурстардың тартылу факторына айналуы тиіс деді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыста белсенді жұмыстар жүргізілуде. Меценат жерлестеріміз кіші отанына көмектесуге, оны өркендетуге үндеуді қуана қолдады. «Туған жер» жобасының аясында аймақта 1-ші республикалық форум өтті, оған әлемнің 21 елінен 300 астам атақты жерлестер жиналды. Осы кездесудің нәтижесі 76 млрд. теңгеден астам сомаға 20 меморандумға қол қойылып отыр.

Аймақта мемлекеттік-жеке серіктестік табысты енгізілуде. Осы механизмнің көмегімен, сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде 50 млрд. астам теңгеге 125 жоба іске асырылуда. Тек «Туған жерге тағзым!» акциясының шеңберінде ғана әлеуметтік нысандарды абаттандыру, құрылысы, қайта құрастыруы бойынша 2,8 млрд. теңгеге 555 жоба жүзеге асырылуда.

«Жұбановтар әлемі» мұражай үйі мемлекеттік-жеке серіктестік аясында салынған ірі жобалардың бірі. Жергілікті кәсіпкер Қайрат Майтеков осы ғимаратты тұрғызуға 300 млн теңге бөлді, мұнда Жұбановтар отбасысының жәдігерлері, олардың автобиографиялық стендтері сақталады, музыкалық-патриоттық клуб пен балалар-жасөспірімдерге музыкалық білім беру үйірмелері жұмыс жасайды.  

Источник

Жоғары сападан жоғары жылдамдыққа қарай

Нарықтық экономика жағдайында теміржол нарығы қатысушыларына қойылатын негізгі талаптардың бірі сапа, сенімділік және жылдамдық, ал осы талаптарды қамтамасыз ету үшін жылдамдығы жоғары және сенімді логистикалық маршруттар керек.

Сенімділік пен жылдамдық – бұл барлық теміржол желілерінің операторлары ұмтылатын негізгі талаптар, осыған байланысты соңғы жылдары темір жолдарды модернизациялау ерекше қарқынды жүргізілуде. Осы мақсатта «Ұлы Жібек жолының» дәл орта тұсында рельстерді посткеңестік кеңістік аймағында өндіруші ең заманауи кәсіпорын салынды.

Бүгінгі таңда ҚР СТ 2432-2013 «Дифференциалды беріктелген және термоберіктелмеген темір жол рельстері» және МемСТ Р 51685-2013 «Теміржол рельстері. Жалпы техникалық шарттар» стандарттарына сәйкес игерілген және сертификатталған ДТ350 санатты Р65 типті рельстеріне қоса, «АРБЗ» ЖШС өнімдер портфелі көптеген теміржол әкімшіліктері талап ететін жаңа жоғары сапалы ДТ350СС санатты Р65 рельстер типімен толықты, ол тиісінше сапа стандарттарына, сонымен қатар КО ТР 003-2011 «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» регламенттің талаптарына сәйкес келеді.

Сәйкестік сертификаттарын алу үшін компания сапаны растаудың бірнеше сатысын өткерді: механикалық қасиеттерге, микро және макроқұрылымға зертханалық сынаулар жүргізу, стендтік сынаулар, рельстердің пайдалану сенімділігін тексеру. Осы сынаулардың барлығы нәтижелі өтті, бұл Ақтөбе рельс-арқалық зауытында шығарылған рельстер сапасы, сенімділігі және қауіпсіздігі жағынан стандарттар талаптарын толықтай қамтитынын растайды.

Көптеген сарапшылар «АРБЗ» ЖШС-де шығарылатын өнім бүгінгі таңда әлемдегі ең үздік өнім екенін растады, алайда кәсіпорын осы жетістігіне тоқтап қалмай, шығаратын өнімнің сапасын одан әрі күшейтуді, сұрыпталымды кеңейтуді және жыл аяғына дейін өнімнің жаңа түрлері өндірісін игеруді көздеп отыр.

ДТ350СС рельстеріне алынған сертификат кәсіпорынның өз өнімін экспортқа шығару мүмкіндіктерін дамыта түседі, өйткені ДТ350СС санатты дифференциалды термоберіктелген рельстер жылдамдығы 250 км/сағ жоғары жылдамдықты магистральдерде біріктірілген жылдамдықты қозғалыстың кең ізді темір жолдарын салуға арналған. Осы өнім жолаушылар пойыздарының байыпты және ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етіп қана қоймай, жүк құрамдары жылдамдықтарын көбейтуге мүмкіндік береді. Біріктірілген жылдамдықты қозғалысқа арналған рельстер Қазақстанның қолданыстағы жылдамдықты магистральдерінде ғана қолданылып қоймай, бүкіл ТМД аймағында да қолданыла алады және жоғары әлеуетке ие.