Асқар Мамин Ақтөбедегі маңызды нысандарға, оның ішінде «АРБЗ» ЖШС-не сапармен келді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Өңірге келген бойы оны Ақтөбедегі бірегей әлеуметтік нысандармен таныстырды.

Асқар Мамин Ақтөбеде бірқатар әлеуметтік жобаларға барып, мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларын жүзеге асыру барысымен, азық-түлік қауіпсіздігі бойынша атқарылған жұмыспен, сонымен қатар автокөлік жолдарының құрылысымен танысты.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де Асқар Маминді өндірістің қыздыру пешінен бастап, дайын өнімді шығаруға дейінгі технологиялық процесімен таныстырды. Еске салайық, жоба Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы аясында жүзеге асырылған.

Кәсіпорын өңірдегі ең ірі өндіріс болып табылады және республикалық деңейде Қазақстанның индустрияландыру картасына енген компаниялар құрамына кіреді, және де ЕЭАС аумағындағы «Р-65» стандартты ұзын өлшемді (120 м) термоберіктелген теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі болып табылады. Жалпы, зауыт толық жобалық қуатына шыққан соң 2018 жылы жылына 430 мың тонна илек, соның ішінде жоғары жылдамдықтағы магистральдер үшін 200 тонна ұзын өлшемді (120 м) термоберіктелген рельс, құрылыс секторы үшін 230 мың тонна пішіндік өнім шығаратын болады.

Асқар Маминге шығарылатын өнімнің үлгілерін көрсетіп, өнім шығару технологиялық процесімен таныстырды. Зауыттағы сапары кезінде өңірдегі   индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. 2010-2016 жылдары Индустрияландыру картасының аясында құны 523 млрд теңгеге 83 нысан іске қосылды (оның ішінде Республикалық индустрияландыру картасының 2 жобасы) және шамамен 7,6 мың тұрақты жұмыс орындары ашылды.

«Integra Construction KZ» ЖШС өкілімен сұхбат

«АРБЗ» ЖШС Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігі саласының ажырамас бөлігі болып табылады.

Барлық теміржолшылардың кәсіби мейрамы қарсаңында біз серіктес компанияның қызметкері болып табылатын және теміржол көлігі саласында көпжылдық тәжірибесі бар Сұлтанбек Тәшкенбайдан сұхбат алдық. Бүгінгі таңда ол «Жол жөндеуші» компаниясы Батыс дирекциясы директорының орынбасары болып табылады, 2017 ж. акционерлердің шешімімен компания атауы «Integra Construction KZ» ЖШС болып өзгертілді.

Сіздің ҚР теміржол көлігінің дамуына көзқарасыңыз қандай:

«Еліміздің картасына көз салсаңыз Қазақстанның бүкіл аумағы темір жолдар тармақтарына толы, бұл жайдан жай емес – жолаушылар тасымалының 94% темір жолмен жүргізіледі. Бұрын рельстер әр түрлі металлургиялық зауыттардан алынатын, негізінен Ресейден және Украинадан жеткізіліп тұрды. ССРО тараған соң және тәуелсіздік алғаннан кейін шет елдерден рельстер жеткізу қиындай түсті – түрлі баждар, қосымша шығындар мен салықтар, қосымша түрлі құжаттарды толтыруға кететін уақыт. Қазақстанда зауыттың салынуы осындай және басқа да кедергілерден босатты. Өмір қарқыны жеделдеп келеді, сондықтан біз жолға кететін уақытты үнемдеп, неғұрлым қысқа жол, неғұрлым жылдам пойыз және неғұрлым қауіпсіз қозғалыс тәсілдерін таңдаймыз, алайда темір жолдардың тозуына байланысты жүк пойыздары да, жолаушылар пойыздары да рельстерден шығып кетіп жатыр, тасымалдаулардың сенімділігі теміржол қабатының күйіне және салынған рельстердің сапасына тікелей байланысты».

Өз компанияңыздың қызметі туралы айтып өтсеңіз:

«Компаниямых Қазақстан Республикасындағы жолдың жоғарғы қабатының, магистральдің, өнеркәсіптік және кірер темір жолдардың құрылысын, қайта құрастыру мен барлық жөндеу түрлерін жүзеге асыратын ірі кәсіпорын, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы теміржол тораптарының алғашқы жеке меншік құрылысшысы. Компания меншігінде заманауи құрылыс техникалары мен жабдықтарының толық жинақтары бар, аттестатталған  құрылыс зертханасына, ұсақтас  шығаратын зауытқа ие, кәсіби мамандары және сенімді серіктесі – Ақтөбе рельс-арқалық зауыты бар».

Осы саладағы еңбек жолыңыз туралы айтып берсеңіз:

«1983 жылы Қызылорда қаласындағы теміржол көлігі техникумын аяқтаған соң темір жолмен байланысты еңбек қызметім басталды. Мен қарапайым жұмысшыдан бастап басшыға дейін көтерілдім, теміржол көлігі саласындағы қызметім барысында әр түрлі міндеттер атқардым, мысалы: темір жолдар құрылысы және пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, өндірістік жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету, кәсіпорын бюджетін жоспарлау, кәсіпорынның үздіксіз жұмысын ұйымдастыру және ҚШҚ. Келесідей теміржол желілерінің құрылысында тікелей қатысым бар:

– 1983-1993 жылдары, Ақтөбе-Түркістан, Никельтау-Кандыағаш, Бейнеу-Опорная екінші жолдары;      

– 2003-2005 жылдары, Теңіз мұнай кен орнының шамадан тыс ірі габаритті жүктерді өткізуге арналған Ақтау теңіз порты – ТШО темір жол учаскесін қайта құрастыру;

– 2003-2005 жылдары, Хромтау-Алтынсарин;

– 2006-2008 жылдары, Жем-Жаңажол;

– Арқалық-Шұбаркөл;  

– Жезқазған-Сексеуіл.

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан бойынша компанияның мүдделерін өкілдік етемін».

Сіздің ойыңызша АРБЗ секілді кәсіпорындардың ашылуы ел экономикасына қалай әсер етеді? Және АРБЗ рельстері қандай жобаларда қолданылды?

«Жеке мені қуантатын жайт ол осындай бағыттағы бірінші инновациялық өндіріс, Қазақстанның және бүкіл Еуразиялық Экономикалық Одақтың аймағындағы жалғыз өндірістің дәл Ақтөбеде орналасуы.

Рельстердің қабылдануы жер-жерде жүргізіледі және осындай бірегей өнім шығарылатын аймақта болуы мүмкіндігі маған бұйырған, бұл өнім келесідей бүгінгі орындалған жобаларда жақсы бағаларды иеленді:

– Алматы-Шу екінші темір жолдарының құрылысы;

– ҚХР-Қазақстан Хоргос мемлекеттік шекарасындағы т/ж өткеліндегі құрғақ порттың құрылысы;

– «Нұрлы жол» вокзал кешенінің құрылысы

– Құрық паромдық кешенінің құрылысы;

Жоғарыда аталған нысандардың салу кезінде АРБЗ өнімдері қолданылды, атап айтқанда олар ұзындығы 25 және 100 метрлік рельстер. 800 метрге дейінгі ұзын өлшемді желілерді жалғастыру кезінде АРБЗ рельстері бұрын қолданылған рельстермен салыстырғанда ең үздік нәтижелер көрсетті. Мұндай көрсеткіш тұтас алғанда ел экономикасының дамуына игі әсерін тигізері сөзсіз».           

Сіздің ойыңызша АРБЗ рельстерінің артықшылығы қандай?

«Технологиялық процестер ноу-хау болып табылады, өндіріс үдерісінің баламасы жоқ және зауытта орнатылған Siemens VAI компаниясының жабдықтары осы технологияның ажырамас бөлігі болып табылады, рельс-арқалық зауытындағы жұмыстар тоқтап тұрмайды, күндіз-түні, кесте бойынша жүргізіледі. Зауыттың қайталанбас тұсы оның шынықтыру жүйесі, ол рельстердің механикалық қасиеттері тиісінше болуына септік етеді. Осындай шынықтыру жүйесі Қытайдағы жалғыз зауытта ғана бар, ол зауыттың өнімдері биік деңгейде бағаланған. Бүгінгі таңда АРБЗ осы технология бойынша жұмыс жасап, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келеді».

Кішкене болашаққа көз жүгіртіп, АРБЗ-мен арадағы қатынастың келешегі мен даму перспективалары туралы білсек

«Біздің компания басқа елдердегі де қызмет көрсеті нарығын игеруде, сол үшін Мәскеу қаласында өкілді, Белградта (Сербия), Римде (Италия), Абу Дабиде (БАӘ) еншілес кәсіпорындар ашылды. Осы аталған елдердегі жұмыс барысында АРБЗ өнімін пайдалануды жоспарлаудамыз, өйткені болашақта АРБЗ еуропалық стандарт бойынша 60Е1 типтегі рельстерді шығаруды көздейді. Мен АРБЗ компаниясының дамуы біздің компанияның да дамуымен тығыз байланыста болып, серіктестік қатынастарымыз нығай түседі деген нық сенімдемін».

«Integra Construction KZ» ЖШС

Бас дирекциясы директорының орынбасары

Сұлтанбек ТӘШКЕНБАЙ

Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе рельс-арқалық зауытының технологиялық ерекшеліктерімен танысты

Нысанды аралау барысында Б. Сағынтаевқа өндірістің ерекшеліктері туралы ақпарат беріліп, дайын өнім үлгілері көрсетілді. Айта кету керек, зауытта «Siemens VIA Metals Techologies» атты жаңа технология қолданылады, аталмыш технология мұнда шығарылатын рельстерді жоғары жылдамдықтағы қозғалыс желілерінде және жүк жүктемесі жоғары желілерде пайдалануға мүмкіндік береді.

Зауыт өнімдері Алматы-1-Шу темір жол желісінің екінші жолдарын салу кезінде, сонымен қатар салынып жатқан Құрық портының паромдық кешенінің жобаларына апаратын жолдарда және Астана вокзал кешенінде пайдаланылады. Жалпы Қазақстанның магистральді теміржол желісін жаңғырту үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «АРБЗ» ЖШС арасындағы рельс сатып алу туралы ұзақ мерзімді келісімшарт аясында 2022 жылға дейін 600 мың тоннадан астам рельсті жеткізу жоспарлануда. 

Сондай-ақ, ішкі нарықты молықтырудан өзге, Ақтөбе өндірушілері рельс өнімдерін Өзбекстанға, Тәжікстанға, Беларусь, Грузия, Түркіменстанға, Ресей Федерациясына, Эстонияға экспорттайды.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында аталған тапсырмаларға сәйкес, еліміздегі индустрияландыру жұмыстары Ақтөбе рельс-арқалық зауыты секілді жоғарғы экспорттық әлеуеті бар, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға басымдық бере отырып, жалғастырылатын болады

ҚТЖ теміржолды қазақстандық рельс өнімімен жаңғыртуда

Өткен жылдан бері 70 мың тоннадан астам ақтөбелік рельс өнімдері жолды ағымдағы және күрделі жөндеуге жұмсалды.

Ақтөбе рельс арқауы зауытының өнімдері республиканың магистральдық желісіне 500 шақырымға жуық жолға төселді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының менеджері С. Әлиевтің айтуынша, «ақтөбелік рельстер барлық теміржол бойларына жеткізілуде».

Ақтөбелік рельс өнімдері өткен жылдан бері Алматы-1-Шу екінші теміржол желісі, Құрық порты паром кешенінің кіре берісіне, Астана вокзал кешені құрылысына жұмсалуда. Барлық осы нысандарға өткен жылы 14 мың тонна рельс өнімдері жеткізілді.

«Ұзын рельстерді төсеу жалғасатын тұстарының барынша азаюымен құнды. Рельстер жоғары технологиялық мінездемеге ие. Бұл өз кезегінде пойыздың жоғары жылдамдықпен жүруіне ықпал етіп, жылжымалы құрамның тозбай сақталуына да, жолаушылардың пойызда өздерін жайлы сезінуіне де әсер етеді»,-дейді С. Әлиев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «АРАЗ» ЖШС арасындағы магистральдық желіні жаңғыртуға арналған ұзақмерзімдік келісімге сәйкес 2022 жылдарға дейін 600 мың тоннадан астам рельс жеткізуі жоспарланып отыр.

АРАЗ өнімдерімен ел ішіндегі сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, көршілес елдердің нарығына да экспортқа шығаруға басымдық береді. Биылғы жылғы келісім бойынша зауыттың 64 мың тонна рельс өнімдері Өзбекстан, Тәжікстан, Белорусь, Грузия, Түркменстан, Ресей, Эстония жіберіледі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Рудныйда алғашқы отандық рельстерді пайдалана бастады.

ҚОСТАНАЙ. КАЗАҚПАРАТ – Рудный қ. ССТӨБ-нің жол шаруашылығы және құрылыстар басқармасында алғашқы отандық рельстерді салу басталды. Бұл туралы «Қазақпарат» ХАА корреспонденті хабарлады.

Импорттық магистральдік рельстерді өнеркәсіптік отандық өндірілген рельстерге ауыстыруды Еуразиялық топ жүргізуде. Бұл жаңа тың жоба, осы жоба аясында отандық рельстер максималды күрделі геологиялық жағдайларда шекті жүктемелермен сынаудан өтеді. Сынаулар полигоны ретінде «Соколов-Сарбаев тау-кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ таңдалды, ол Еуразиялық топ құрамына кіреді.

ССТӨБ пресс-қызметі атап көрсеткендей кәсіпорындағы тұрақты жолдардың жалпы ұзындығы 507 километр. Барлық темір жол төсемі Рудный алаңында төрт учаскеге бөлінген, сонымен қатар Качар алаңының ірі учаскесі және Қоржынкөл алаңындағы учаске де қолданылады. Осы учаскелердің барлығында бірлестіктің жол шаруашылығы және құрылыстар басқармасының қызметкерлері импорттық магистральдік рельстерді «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де өндірілген отандық рельстермен ауыстырды.

«Қазақстандық рельстердің бірінші партиясы өткен жылғы желтоқсан айының басында Соколов карьері учаскесінде салынды, – дейі «ССТӨБ» АҚ басқармасының техникалық бөлім бастығы Сергей Горбунов. – Кейіннен басқа да учаскелер қамтылды.

Бірлестіктің өндірістік алаңдарындағы ауыстырылған теміржол төсемінің жалпы ұзындығы 2 мың 462 метрді құрайды. Салмақтық мәнде пайдалануға 320 тонна отандық рельстер пайдалануға берілді. Өзінің техникалық параметрлері бойынша олар шетелдік рельстерден кем емес, алайда олардың бір маңызды басымдылығы бар – олардың бағасы арзанырақ. Қазақстандық рельстер ішкі нарықта табысты қолданылып келеді, атап айтар болсақ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның магистральді жолдарында қолданылуда.

«Рельстеріміз Бүкілресейлік теміржол көлігін ғылыми-зерттеу институтының полигондық айналма жолында сынаулардан сәтті өтті және барлық тиісті сертификаттарды ала алды, – дейді «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің коммерциялық директоры Андрей Шерин. – Өндірісіміздің өзгеше ерекшелігі – сапасы жақсы болатты қолдану және бекітілген стандарттарға сәйкестігін бақылаудың реттелген жүйесі. Біз үшін ең ірі тау-кен кәсіпорны – ССТӨБ-не рельстер жабдықтау үлкен жауапкершілік».

Сынау мерзімі бірнеше айға созылады, сонан кейін отандық өнімнің сапасы туралы тұжырым жасалады. ССТӨБ президенті Береке Мухаметкалиевтің айтуынша «өндіріс төмендеуінің осындай қиын кезеңінде бұл сынаулардың маңызы зор, өйткені олар нарықта отандық тауарлар үлесін ұлғайтуға бағытталған».

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты жылына 73 мың тонна өнім жабдықтауды жоспарлап отыр

2016 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе рельс-арқалық зауыты (Қазақстан) 55 мың тоннаға жуық рельс өнімін шығарды. Жыл аяғына дейін жабдықтау көлемі 73 мың тоннаға жетеді, оның шамамен 5 мың тоннасы – «Өзбекстан темір жолдары» үшін.

Атап айтқанда ақтөбелік рельстерді бүгінгі таңда Құрық порты арқылы паромдық өткел құрылысында және Астана қаласының жаңа теміржол вокзалының құрылысында белсенді пайдалануда. «Қазақстан темір жолдары» пресс-қызметінің ақпараты бойынша ұлттық компанияның басшысы Канат Алпысбаев Алматы-1 – Шу учаскесінде қосалқы жолдар құрылысы үшін де зауыт өнімін уақытылы жеткізудің маңызы зор екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты Кеден Одағының «Темір жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламенті талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алды және енді өз өнімін ЕАЭЫ елдеріне де экспорттай алады.

Автор: Степан Ратников

http://www.rzd-partner.ru сайтының ақпараты қолданылды.

Асқар Мамин Ақтөбе облысының кәсіпорындарына сапармен барды

С начала года Жыл басынан бері өңірдегі өнеркәсіптік өнімнің көлемі шамамен 960 млрд теңгені құрадыпромышленной продукции региона составил почти 960 млрд тенге

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Аскар Мамин Ақтөбеге іссапармен келіп, өңірдегі ірі кәсіпорындар жұмысымен танысты деп Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі хабарлайды.

Министрліктердің, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшыларынан құралған ресми делегация «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не барды. Бұл Индустрияландыру картасының ең ірі жобаларының бірі. Мүнда жоғары жылдамдықты желілерге және аса ауыр жүктер тасымалдайтын желілерге арналған рельстер шығаруға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар қолданылады. ТМД-де алғаш рет Ақтөбе рельс-арқалық зауытында ұзындығы 120 метр рельстер шығарылуы қолға алынады. 2016 жылдың басынан бастап «АРБЗ» құны 6,1 млрд.теңгеге 32,7 мың тонна рельс өнімін шығарды.

Асқар Маминге шығарылатын өнімнің үлгілері көрсетілді және қыздыру пешінен бастап дайын өнім шыққанға дейінгі технологиялық процеспен таныстырды. Зауыт ішіндегі экскурсия барысында мейманға мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. 2010-2016 жылдар ішінде және 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында құны 523 млрд теңгені құрайтын 83 жоба (оның ішінде 2 жоба Республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде) іске қосылды, 7,6 мың тұрақты жұмыс орындары ашылды.

Сонымен қатар, Аскар Мамин «Каспий плюс» өндірістік-өнеркәсіптік кешеніне де барды. Кәсіпорын тау-кен және өндіру өнеркәсібіне арналған түрлі күрделіліктегі заманауи бекіткіш бұйымдарды шығарумен айналысады. Нысан 2015 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға берілді. Осы жылдың басынан бастап 20 мың данаға жуық бекіткіш бұйымдар шығарылды.

Жалпы алғанда осы жылдың 10 айы ішінде өңірдегі өнеркәсіптік өнімнің көлемі 959,7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2015 жылдың сәйкесінше аралығымен салыстырғанда 112,9 % өсті.

Тұрғын үй құрылысының да көлемі артып келеді. Тек осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жалпы көлемі 460,3 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, бұл 2015 жылдың осындай аралығымен салыстырғанда 33,9 % артық. Тұрғын үй құрылысын әрі қарай дамыту үшін ағымдағы жылдың тамыз айында қуаты жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй салатын «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС-гі ашылды. Жоба мемлекеттік-жеке ынтымақтастық шеңберінде іске асырылды. «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасының аясында кәсіпорынға несие бойынша пайыздық ставка субсидияланып, жетіспей тұрған инфрақұрылым өткізілді.

Аскар Мамин өндірістік желілермен, үй құрылысына арналған панельдер мен конструкциялар шығарудың технологиялық процесімен танысты, ҮҚК және ЖБЖК технологиялары бойынша салынатын тұрғын үйлердің макеттерін қарап шықты, Батыс-2 мөлтек ауданына барып, 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлердің сапасын бағалады. ТҚЖБ желісі бойынша салынатын 2 және 5 қабатты үйлерден тұратын тұрғын кешенінде 238 пәтер бар. Құрылыс үшін жергілікті құрылыс материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар, делегация жаңа көліктік-логистикалық орталыққа және «Шебер» құрылыс гипермаркетіне барды.

Көлік-логистикалық орталық – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы күні – 16 желтоқсанда Ақтөбе ашылатын нысандардың бірі. Орталықтың жобалық қуаты – 15 мың шаршы метр, 250 адам жұмыс орындарымен қамтылады. «А» класының дайын өнімін өткізуге арналған қойма темір жол тармағымен жабдықталған, ол жылына 70 583 тонна жүк қабылдауға және өңдеуге есептелген. Қоймалық терминалдарды қарап тексерген соң және көлік-логистикалық орталықтың даму перспективасымен танысқаннан кейін меймандар құрылыс гипермаркетіне барды, бұл гипермаркет алғаш қонақтарын 1 желтоқсанда қабылдайды. Ауданы 16 мың шаршы метр болатын гипермаркетте 260 адам жұмыс жасайтын болады. Бұл екі жобаға да «Бизнес жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарлама аясында түрлі қолдау көрсетілді.

https://kapital.kz сайтының ақпараты қолданылды.

АРБЗ құрылысы 2013 жылдың қарашасында басталды. Жобаның жалпы құны 82,7 млрд. теңге, қажетті қаржыландырудың 70% дейінгі көлемі ҚДБ тарапынан берілді.

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты (АРБЗ) шығаратын рельстерін ресейлік мемлекеттік стандарт (МемСТ) Р51685-2013 бойынша сертификаттады.

«Қазақстан Даму Банкі» Бұқарамен байланыс қызметінің хабарлауы бойынша (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің құрамында) алынған сертификат кәсіпорынның өз өнімін аталған стандарт қолданылатын елдерге және алдымен Ресейге экспорттау мүмкіндіктерін арттырды.

«Посткеңестік кеңістіктегі көптеген елдерде МемСТ Р51685-2013 бойынша сертификатталған теміржол рельстері сұранысқа ие. Атап айтқанда, Өзбекстанмен 15 000 тонна рельске аталмыш ресейлік МемСТ бойынша өнімнің сертификатталуы талабы бар кейінге қалдырылған шарттағы келісім-шартқа қол қойылды», – деп осы жайт туралы АРБЗ бас директорының бірінші орынбасары өз пікірін білдірді.

МемСТ Р51685-2013 бойынша сәйкестік сертификатын алу үшін АРБЗ сапаны растаудың бірнеше сатысынан өтті: механикалық қасиеттерге, микро- және макроқұрылымына зертханалық сынаулар өткізу, стендтік сынаулар, рельстердің пайдалану сенімділігін «Теміржол көлігінің ғылыми-зерттеу институты» АҚ (РФ) эксперименттік айналымында тексеру (брутто-тонна жұмыспен өтелуі).    

АРБЗ – ЕАЭО аймағындағы ұзын өлшемді (120м) термоберіктелген теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі. Кәсіпорында рельстерді су-ауа қоспасының ағындарын қолданып шынықтыру технологиясы пайдаланылады, бұл әдіс тек Қытайдағы бір зауытта ғана пайдаланылады. Бұл технология өндірілетін рельстер сапасының стандарттарын (қаттылық, термоберіктік, тозу төзімділігі) аса төмен температураларда (Ресейдің Қиыр солтүстігі, мәңгі тоң) жағдайында қажет деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

АРБЗ құрылысы 2013 жылдың қарашасында басталды. Жобаның жалпы құны 82,7 млрд. теңге, қажетті қаржыландырудың 70% дейінгі көлемі ҚДБ тарапынан берілді. АРБЗ илек орнағының жобалық қуаты жылына 430 000 тонна илек, оның ішінде 200 000 тонна – жоғары жылдамдықты магистральдерге арналған термоберіктелген ұзын өлшемді (120м) рельстер, 230 000 тонна – құрылыс секторына арналған пішінді өнім. 

Біздің рельстеріміз ең жақсы рельстер!

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты (АРБЗ) – еліміздің индустрияландыру картасы аясында іске асырылған бірегей жобасы өткен жылы ең үздік болып танылды.

Тарихы

Зауыттың барлық посткеңестің кеңістігінде аналогы жоқ. Мұнда жоғары жылдамдықты темір жол магистральдеріне арналған 120-метрлік рельстерді шығаруға мүмкіндік беретін ең жетілген технологиялар қолданылады. Осы өндіріс іске қосылғаннан Қазақстан іс жүзінде рельс өндірісінің нарығындағы күллі конъюнктураны өзгертті.

ҚР темір жол саласының дамуына стратегиялық мән беріледі. Ішкі нарықты өзінің темір жол рельстерімен және пішінді металл илекпен қамтамасыз ету үшін осындай қуатты жоғары технологиялық өндіріс құрылыс уақытының талабымен түсіндіріледі. Жобаның іске асуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бақылауында болды. Негізгі несиегер «Қазақстанның даму банкі» АҚ, ал акционерлер – «Ремлокомотив» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ) – 30% және «Транспортные технологии» ЖШС – 70%. Инвестиция көлемі 411,9 млн. долларды құрады.

Құрылыс шынымен де бүкілхалықтық болып қалды. АРБЗ тұрғызуға елдің барлық өңірлерінен, сондай-ақ  жақын және алыс шетелден мамандар жұмылдырылды. Құрылыс қарқынды жүріп жатты. Жаңа кәсіпорынның іргетасы 2013 жылы салынды. 2015 жылы зауытта ҚР рельстерді және пішінді илектің сапасын бағалау жөніндегі бірінші сынау зертханасы, сондай-ақ зауыттың өзінің электр қуатындағы қажеттіліктерді толықтай қамтамасыз ету үшін қуаттылығы 38,9 МВТ газпоршеньді электр станциясы сапқа қосылды. Ал жылдың аяғында объектіде негізгі цехты ыстық түрде іске қосылды және іске қосу-реттеу жұмыстары басталды. Белгілі болғандай, осы технологиялық процеске жалпы ұлттық телекөпір барысында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі старт берді.

АРБЗ белгіленген мерзімдерде қатаң түрде іске қосылды, ал 2016 жылдың басында еліміздің темір жол саласында күткен алғашқы өнімді шығарды. Олар – жоғары жылдамдықты магистральдерге арналған ұзындығы 25 метрден 120 метрге дейінгі рельстер, арқалықтар, швеллерлер және көптеген басқа. 

Өндіріс

Зауыт 76 га. құрайтын ауданда орналасқан. Оның қуаттылығы жылына 430 мың тоннаға дейін жоғары сапалы илекті, оның ішінде 200 мың тонна жоғары жылдамдықты темір жол магистральдеріне арналған 120-метрлік рельстерді, сондай-ақ 230 мың тоннаға дейін пішінді илекті шығаруға есептелген. Бұл көлем Қазақстанның ішкі нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға және кейін сыртқы өткізу нарығына шығуға жеткілікті. Бір сағат ішінде зауыттың конвейерінен сегізге дейін 120-метрлік рельстер шығады. Қарапайым есептеу бойынша бұл сағатына 500 метр темір жол. Жоспар бойынша зауыт жобалық қуаттылыққа 2016 жылдың аяғында шығады. Түпкілікті өнімді суару процесінде қолданылатын технология болаттың кез келген маркаларына бейімделуімен және рельстердің сапасы бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетімен бірегейлі. Ноу-хау поездардың қауіпсіз қозғалыстары бойынша барлық халықаралық талаптарына жауап береді. Яғни Primetals Technologies ItalyS.r.l. (Siemens-VAI) халықаралық атауы бар илемдік орнақ және итальяндық компанияның мамандары тарапынан технологияны бақылау шығарылатын өнімнің жоғары сапасына және бәсеге жарамдылығына кепілдік береді. Ағымдағы жылдың наурыз айында ол барлық ұсынылған талаптарға сәйкестік сертификациядан сәтті өтті. Кәсіпорында интеграцияланған сапа менеджментінің жүйесі енгізілді, 860-тан аса жаңа жұмыс орындары құрылды. Қазіргі таңда осында 750 адам жұмыс істейді. Негізінде, жергілікті кадрлар. Сонымен қатар, ҚР бірқатар металлургиялық кәсіпорындарынан, оның ішінде жақын шетелден – Ресейден, Украинадан мамандар шақырылды. Компания мамандарды таңдауды және Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қарағанды химиялық-технологиялық жоғары оқу орны негізінде оқытуды жалғастырып жатыр, шетелге оқуға жібереді.

Нарық

Зауытта өнімді өткізуге байланысты мәселе жоқ: «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен жыл сайын 100 мың тонна көлемінде рельстерді жеткізуге он жылдық келісім-шартқа қол қойылды. Пішінді илекті сату бойынша қазақстандық құрылыс компаниялармен келісім-шарттар жасалуда. Сол мезетте Өзбекстанның, Тәжікстанның, Белоруссияның  және Ресейдің нарықтары игерілуде.

Зауыттың өнімі  жоғары жылдамдықты магистральдерде және де қатты климаттық жағдайларда қосарлы қозғалыстың жолдарына есептелген. Пішінді илек құрылыс өнімінің өндірісі үшін шығарылатын болады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның алдындағы шарттық міндеттемелері аясында рельстер енді Алматы-1-Шу желісінің екінші темір жолдарының, «Құрық» портындағы паром кешенінің магистралінің, сонымен қатар Астана қаласының жаңа вокзалдық кешенінің құрылысына жеткізілді. Бұдан басқа, «АРБЗ» ЖШС өнімі өнеркәсіптік мақсаттағы технологиялық темір жолдарының құрылысы кезінде белсенді қолданылады.

Рельстер алғашқы рет компания базысында өткізілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ серіктестерінің форумы аясында шыққанын атап өту жөн. Онда «АРБЗ» ЖШС мен Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Әзербайжанның, Грузияның және Беларусьтың темір жол әкімшіліктері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Өнімнің сапасын алғашқы болып бағалаған «Узбекистон темир йуллари» АҚ болды. Осы мекенжай бойынша ағымдағы жылдың аяғына дейін Навои – Канимех – Мискен темір жолының құрылысы үшін 15 мың тонна көлемінде Р65 рельстерінің жеткізілуі жоспарлануда. Сонымен қатар, рельстер «УК Металлоинвест» ЖШҚ холдингінің құрамына кіретін Михайловский және Лебединский КБК сияқты тау-кен-металлургиялық кәсіпорындардың мекенжайына жеткізіледі. Қазіргі уақытта Мәскеу метрополитенімен рельстік өнімді жеткізу туралы шарттарды жасау жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, «АРБЗ» ЖШС-нің негізгі әлеуетті клиенттер ретінде Парсы шығанағының, Шығыс Еуропа және Қытай елдері бар. 

Дамуы

Алдағы жылда зауыт пішінді илектің шығарымын реттеуге ниеттеніп жатыр. Сонымен қатар, әлімдік нарыққа шығу және еуропалық стандарттың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін  EN 13674-1:2011 еуропалық стандартқа сәйкес рельстердің 60E1 және 60E2 жаңа түрлерінің өндірісін меңгеру жоспарлануда. Осы типтің өнімі БАЭ сияқты елдерде, Еуропа елдерінде, Африкада қолданылады. Экспорттық қаржыландырудың және несиелендірудің құралдарын жылжыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл процедураларды Қазақстанның даму банкінің және «КазЭкспорт­Гарант» АҚ-ның көмегімен жүзеге асыру жоспарлануда. «KAZNEX INVEST» АҚ жәрдем көрсетуімен компания өкілдері сауда миссияларға және халықаралық металлургиялық көрмелерге белсенді қатысады. Кірме және технологиялық жолдардың құрылысына арналған РП65 рельстерін алға жылжыту мақсатында, отандық рельстерді пайдалану жөніндегі қазақстандық және шетел жобалық институттарымен ынтымақтастық реттеліп жатыр.

Қазіргі таңда осында металлургиялық кластерді құру тұжырымдамасы әзірленіп, сонымен қатар өзіндік болат балқыту өндірісін құру жоспарланып жатыр.

Слесарьдан бас директорға дейін

Танысыңыз: Андрей Кузьмин – ТМД-ның барлық кеңістігінде аналогы жоқ, ҚР индустрияландыру картасы аясында енгізілген, ірі инновациялық өндірістің – Ақтөбе рельс-арқалық зауыттың (АРБЗ) бас директоры.

Осындай бірегей зауытты басқару – үлкен сенім, сондай-ақ үлкен жауапкершілік. Оған қоса екі жыл бұрын жалпы ұлттық телекөпір барысында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі өндіріске старт берді.

Андрей Анатольевич өзін бақытты адам деп санайды, себебі ол осы ең ірі жедел жобаның іске асуына оның алғашқы күндерінен-ақ қатысты. Өзі – Ақтөбе қаласының тұрғылықты тұрғыны. Кезінде өңірлік мемлекеттік университетін үздікпен бітірді. Біраз ЖЭО-да, кейін құрылыс өнеркәсібінде жұмыс істеді. Белгілі отандық компания филиалдарының бірін басқарды. Дәл сол уақытта тағдырдың жазуымен оны АРБЗ-ның құрылысы жөніндегі жобаның негізгі құрылтайшысының командасына шақырды.

Бүгінгі таңда А. Кузьмин 2012 жылы болашақ өндірістің құрылысына қалай орын таңдағанын, қалай еркін желдің гуілдеп тұрған тақыр далада бірінші қазықшаны қаққанын күлімсіреп есіне алады. Сол уақытта біреулер өте қысқа мерзім ішінде осындай ірі зауыттың құрылысы іске асатындығына күмәнданғанын айтады. Бірақ үлкен құрылыстың басталуымен барлық күмәндар жойылды: оның құлаш жаюы шынымен де бүкілхалықтық болып қалды. Ондаған компаниялар, елдің барлық өңірлерінен, оның ішінде  жақын және алыс шетелден жүздеген жоғары білікті мамандар жұмылдырылды. Қысқасы, барлық учаскелерде үздіксіз жұмыс процесі қамтамасыз етілді. Тек ауданы 52,5 мың. ш.м. құрайтын зауыттың басты корпусының құрылысына 110 мың. тонна бетон, 34 мың. тонна металл құрастырылымдар қолданылды. 72 га құрайтын кәсіпорынның барлық аумағында 34 қосымша объекті құрылады және қолданысқа енгізіледі. Кәсіпорында еуропалық үлгідегі жаңа технологияларды, автоматтандырылған илемдік орнақты орнату және іске қосу-реттеу кезінде үлкен жұмыс атқарылды. Кәсіпорын өте қысқа мерзім ішінде іске қосылды.

– Өндіріс бірегей болып табылады, қарапайым тілмен айтқанда, ол бір батырманы басу арқылы әр түрлі модификациялы рельстерді алуға мүмкіндік береді, – дейді Андрей Анатольевич.

Ағымдағы жылдың көктемінде өнім сәйкестік сертификаттаудан сәтті өтті, және бұл стандарт барлық Еуразиялық қоғамдастық мемлекеттері тұтынушыларының талаптарына толық көлемде жауап береді. 120-метрлік рельстердің бірінші партиясы «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының тапсырмасы бойынша ішкі нарыққа жеткізілді.

Өндірістік тақырыптан сәл ауытқу үшін әңгімелесушіні өзі туралы, «физика, математика, информатика» мамандығы бойынша педагогикалық білімі болып, оның күтпеген жерден техникалық салаға кетіп қалғаны қалай болғаны туралы сұрадым.

–  Педагогикалық қызмет менің салам емес екендігін тек қана университеттегі оқудың соңғы курстарында түсіндім, – жымияды ол. Оқу орнын бітіргеннен кейін мен саналы түрде ЖЭО-на, таң қалмаңыз, қарапайым слесарь болып жұмысқа орналастым. Қазандарды, турбиналарды жөндедім … Еш өкінбеймін. Мен үшін ол үлкен мектеп болды.

Сол кәсіпорында ол жақсы дағдылар мен тәжірибе алды: бас инженердің орынбасыраны дейін көтеріледі. Сол уақыт жалақыдағы кідірістер сезілген, әрдайым қандай бір қиындықтарқа тап болатын қиын 90-шы жылдар болды. Бірақ осының барлығы оны шынықтырды, жинақы болуды, өз күшіне сенімді болуға үйретті. 2006 жылы ол энергетика саласынан құрылыс өнеркәсібіне көшеді, онда ол бөлімшелердің бірінде техникалық директордың, кейін филиал директорының лауазымында болады. Осылайша өмір оны күрделі жұмысқа, тағдырдың күтпеген, бірақ қызықты бетбұрыстарына дәйекті түрде дайындап жүрді.

ЖЭО-да жұмыс атқарған жылдары ол үйленді. Маринамен ол студенттік жылдардан бері таныс болды. Міне, 19 жыл бірге. Ұлы Михаилды тәрбиелеп отыр. Ол 14 жаста.

–Отбасы – бұл қасиетті ұғым, – дейді Андрей Анатольевич. – Ол – менің сенімді тірегім. Барлық жағдайларда қолдауын және түсінігін сеземін. Бұл маған күш береді. Михаил көбінесе шығармашылықпен әуестенеді, ол театр үйірмесінде бимен айналысады. Бірақ бұл – оның таңдауы. Дегенмен, ол менің ісімді жалғастырады деп үміттенемемін.

Біз зауыт туралы әңгімені қайта қозғадық.

– Менің ұжымым – үлкен, штат кестесі бойынша 863 жұмыскер қарастырылды, – деп әңгімелейді А.Кузьмин. – Мамандар зауыттың жобалық қуаттылыққа шығу есебімен, қажеттілікке қарай қабылданды. Олардың 90%-ын жергілікті кадрлар құрайды. Бізге Павлодардан, Астанадан, Қостанайдан, Қарағандыдан, Алматыдан, Оралдан келіп жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, еліміздің барлық жерлерінен. Сонымен қатар, жақын және алыс шетелден тар профильді мамандарды жұмылдырамыз, олар Қазақстанда мүлдем жоқ. Қазіргі кезде Ресейден және Украинадан шамамен 6 отбасы жұмыс атқарады. Олар – біздің мамандарды өз ісіне үйретуі тиіс кәсіби илемдеушілер болып табылады.

АРБЗ басшысы өзінің еңбек ұжымы туралы жылы лебізбен айтады. Мүшелерінің орташа жасы – 30 жас. Олар – білгір, олардың арасында жоғары оқу орындарының түлектері көп. 3-4 ай жұмыс істеп және іске-қосу-реттеу процесін меңгеріп, олардың ілмектеушіден ауысм бастығына дейінгі жолды сәтті өтетініне таңданатыны жоқ.

– Сапа сертификатын алғаннан бастап, зауытта өнімнің конвейерлік өндірісі жөнге келді ме? – деп сұрадым мен А. Кузьминнен.

– Сөзсіз, – дейді ол. Шығарымның бірінші жылы біз шамамен 140 мың тонна шығарымды белгілеп қойдық. Бұл қосымша дағдыларды меңгеруге, жұмыс тәртібін жетілдіруге байланысты болды. Зауыттың жалпы өнімділігі 430 мың тоннаны құрайды, және біз жоспарланған мерзімде толық қуаттылыққа шығуды шештік. Алайда, бастама үшін 140 мың тоннаның өзін сын-тегеурін деп те айтуға болады, себебі бұл регламенттік жұмыстармен қарастырылмады. Әлемде 2,5 жылда зауыт салу, кейін 6 айда рельс өндірісін меңгеру және 1,5 жылда номиналдық қуаттылыққа шығу деген тәжірибе жоқ. Мұндай үлгі боларлық оқиғалар болмады. Бірақ біз осыны да меңгеріп шығамыз.

– Өнімді өткізу тек қана ішкі нарықта қарастырылған ба?

– Тек ішкі нарықта ғана емес. Бізде Өзбекстанға, Тәжікстанға айтарлықтай көлемде рельстерді сату туралы нақты шарттар бар. Жақында біз Беларусь Республикасының тауар биржасында тіркелдік. Сол жерде де сатып алуға дайын. Басқа да әлеуетті тапсырыс берушілер біздің өнімге қызығушылығын танытады. Ең алдымен, ол өзінің жоғары сапасымен, төзімділігімен және беріктілігімен қызықтырады. Бұл зертханалық жағдайларда циклдық сынамалар процесінде расталды. Біздің рельс – сараланған, термоорнықтырылған  және оларды жолдарда аса жоғары жүктемемен қоюға болады. Бұл оның бірегейлігі. Өз кезегінде еуропалық стандарт сапасына толығымен үйлестірілген Ұлттық стандарттың сертификациясы үшін барлық қажетті  сынамаларға төзді.

– Әдеттегі рельс қанша циклдық сынамаларға төзеді?

– Қарапайым салыстыру үшін: біздің рельс 7,5 миллион циклға төзді, ал бәскелестердің бірінің рельсі – не бары 250 мың циклға төзді. Осыдан қорытынды шығарыңыз.

А. Кузьмин зауытта рельстерді икемдеуде, сол сияқты термоорнықтыруда, тегістеуде, түзетуде әлемдегі ең жақсы технология қолданылатынына өте сенімді! Оның іске қосылуымен Қазақстан іс жүзінде рельс өндірісінің нарығындағы күллі конъюнктураны өзгертті. «Жылдың ең үздік индустриалдық жобасы» номинациясында зауыт ҚР Президентінің «Алтын Сапа» арнайы сыйлығының иегері атанғаны кездейсоқ емес. Бұл сыйлықты Елбасының өзі инновациялық өндірісітің жетекшісіне берді.

– Бұл – мен үшін өмірімдегі естен кетпес оқиға, – дейді Андрей Анатольевич. – Және мен кәсіпорын ұжымының алдына қойылған міндеттерді біз абыроймен, зауыт конвейрінен бірінші қазақстандық рельс шығыуының белгіленген мерзімдерінде орындағанымызды мақтан етемін. Ал уақыт өте біздің өнімінің шығарылымы дәйекті түрде әдеттегі жұмыс режимінің фазасына кіреді, және зауыт әр жолы өзінің қуаттылығын арттырады.

Шығарылады: Өмір оны күрделі жұмысқа, тағдырдың күтпеген, бірақ қызықты бетбұрыстарына дәйекеті түрде дайындап жүрді.

Ақтөбе рельс-арқалық зауыт шығаратын рельстердің қызмет ету мерзімі – 7,5 млн. цикл.