«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС 22-ші халықаралық «Металл Экспо-2016» өндірістік көрмесіне қатысты

ПРЕСС-РЕЛИЗ

8-нен 11-ші қарашаға дейін Мәскеуде ХШЖК аумағында металлургиялық салада ең маңызды және ауқымды оқиғалардың бірі – 22-ші халықаралық «Металл Экспо-2016» өндірістік көрмесі өтті. Осы жылы форумға әлемнің 32 мемлекетінен 200 шетел комнанияларынан 530 компания қатысты, олар – жетекші металлургиялық компаниялар, құбыр және метиз зауыттары, түсті металлдар және қоспалардың өндірушілері, құрылысшылар, машина жасаушылар және өнеркәсіптің басқа да салаларының өкілдері. Төрт жұмыс күн ішінде көрмеге 27 мыңнан астам мамандар келді. Өткен көрменің екінші күні келген мамандардың саны бойынша рекордтық күн болды – 13 мың адам.

Метал Экспо-2016 – бұл тек имидждық құрамдас бөлік ғана емес, бұл жаңа клинттерді тартудың және қазіргі клиенттермен өзара қарым-қатынасты күшейтудің жақсы мүмкіндігі.

«АРБЗ» ЖШС компаниясы дәстүрлі түрде осы көрменің ұзын өлшемді рельстердің ірі отандық өндірушісі ретіндегі қатысушысы болып табылады. Компания үшін бұл жыл ішіндегі маңызды оқиға, оның аясында тұтынушыларға зауытты және шығаратын өнімді таныстыруға, серіктестермен кездесуге және ынтымақтастықтың болашағын талқылауға мүмкіндік бар.

Әр жолы осы көрмеге қатысып, «АРБЗ» ЖШС екі мақсатты көздейді. Біріншісі – имидж, себебі ұқсас іс-шараларда болу компанияны тұрақты дамып жатқан компания ретінде сипаттайды, бұл өте маңызды. Екінші мақсаты – мүдделі тұлғалармен, оның ішінде металл құрастырылымдарды жобалаумен және дайындаумен айналысатын ұйымдармен, салалық бірлестіктермен және одақтармен, БАҚ-мен, металлургиялық өнеркәсіп үшін жабдықтардың және технологиялардың өндірісімен және т.б. айналысатын кәсіпорындармен іскерлік келіссөздерді жүргізу.

Стенд көрмесін өткізу уақытында «АРБЗ» ЖШС 250 адам келді, олардың арасында жақын және алыс шетелдің жетекші металл сатушы компаниялардың басшылары болды.

«АРБЗ» ЖШС-нің стенді компанияның бәріне, оның ішінде өнімге деген тәсілдемені бейнеледі. Зауыттың компанияның өткізу бөлімшелерін біріктірген стендінде кәсіпорынның өкілдері 100 астам кездесулер өткізді, онда өзекті мәселелер және негізгі клиенттермен ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Жұмыс барысында серіктестермен және әлеуетті клиенттермен бірқатар іскерлік кездесулер өтті, кейінгі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, тапсырыс берушілермен іскерлік байланыстар реттелді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың және металл сатушы ұйымдардың өкілдері олардың мекенжайына зауыттың өнімін жеткізу жөніндегі нақты сұрақтарды қойды, қазіргі мәселелерді айтты. «АРБЗ» ЖШС тұтынушылардың тарапынан зауытқа деген үлкен қызығушылықты байқады, бұл елде, сол сияқты шетелде әлеуетті серіктестер санының ұлғайғанын және қазіргі тұтынушылармен қарым-қатынастың тереңдегенін, жеткізушілермен, сол сияқты бәсекелестермен пікір алмасуды сипаттайды.

Сонымен қатар көрме аясында бірқатар байқаулардың жеңімпаздары және жүлдегерлері марапатталды. Компания «Метал Экспо-2016» ұйымдастыру комитетінен өнімді және қызметтерді жылжытуды кәсіби ұйымдастырғаны үшін дипломмен марапатталды.

ҚДБ: 2017 жылдан бастап АРБЗ еуропалық стандарттағы «UIC-60» рельстерін шығаруды жоспарлап отыр

«UIC-60» санатындағы рельстерді шығару арқасында АРБЗ еуропалық елдерге және Араб Әмірліктеріне экспорттық жабдықтаулар жүргізе алады, деп «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның бұқарамен байланыс қызметі хабарлайды.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің (әрі қарай – АРБЗ) құрылысын «Бәйтерек» Холдингінің еншілес компаниясы Қазақстан Даму Банкі қаржыландырды, ол 2016 жылдың маусымында пайдалануға берілді. Жоба Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылды.

Бүгінгі таңда АРБЗ Еуразиялық Экономикалық Одақ аймағында «Р-65» стандартындағы ұзын өлшемді (120 м) термоберіктелген теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі болып табылады. Жабдықтау географиясын Еуропа елдеріне кеңейту мақсатында 2017 жылы кәсіпорында еуропалық стандарттағы «UIC-60» рельстерін шығаруды жолға қою жоспарланған.  

«Біздің технологиямыздың ерекшелігі – су-ауа қоспасының пайдаланылуы, бұл өте икемді шынықтыру жүйесі. Мысалы, біз ДТ-350 дифференциалды термоберіктелген рельстерін шығарамыз, бұл бүгінгі таңдағы ең берік рельстер, алайда жобада бұл қаттылықтан, төзімділіктен де аса жоғары модификациялар бар, олар төмен температураларда және қиыр солтүстік жағдайларында қолданылады. Яғни, біздің технология осындай аса берік рельстер шығаруды да жолға қоя алады» – деп көрсетті «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Марат Ибрагимов.

Сонымен қатар 2017 жылдан бастап кәсіпорын пішінді илекті де шығарып бастайды. Жалпы алғанда 2018 жылы толық жобалық қуатына шыққан соң зауыт жылына 430 000 тонна илек шығаратын болады, оның ішінде 200 000 тонна – жоғары жылдамдықты магистральдерге арналған ұзын өлшемді (120 м. дейін) термоберіктелген рельстер, 230 000 тонна – құрылыс секторына арналған пішінді өнім.

«Қазақстанның үздік тауары»

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысуы туралы пресс-релиз

2016 жылдың 19 тамызында Ақтөбе қаласындағы «Дина» гипермаркетінің алдында «Қазақстанның үздік тауары 2016» өңірлік көрме-байқауы өтті. Ақтөбе облысының жергілікті кәсіпкерлері өздері өндіретін тауарларын «Қазақстанның үздік тауары 2016» облыстық көрме-байқауында көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Көрме-байқауға Ақтөбе қаласының әкімі Ильяс Сапарбекұлы Испанов, облыс кәсіпорындарының басшылары, бизнес-ассоциациялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен Ақтөбе қаласының тұрғындары қатысты.

2015 жылдан бері «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының ұйымдастырушысы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады, өңірлік көрме-байқаулардың ұйымдастырушылары – республиканың 14 өңіріндегі және Астана мен Алматы қалаларындағы Кәсіпкерлер палаталары.

Кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары-2016» байқауын екінші жыл өткізіп келеді.

Осы байқауға «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі (әрі қарай – «АРБЗ» ЖШС) де белсенді қатысты.

 «АРБЗ» ЖШС-нен бөлек көптеген танымал кәсіпорындар өз өнімдерін  комиссия мүшелерінің назарына ұсынды, олардың ішінде «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ, «Ақтөбе өртке қарсы жабдықтар зауыты» ЖШС, «Экотон-Батыс» ЖШС, «Хим Ақтөбе» ҒӨК» ЖШС, «Пайда» ЖШС, «Технодом СТКЗ» ЖШС, «Kazizol» ЖШС, «ЭкоВторТехРесурс» ЖШС, «Ақтөбе Композитті Арматура» ЖШС, «Стар Тайм» ЖШС, «Батыс-Пластик» ЖШС, «ГлобалАрнайыкиім» ЖШС, «Фарм Ақтөбе СК» ЖШС, «Велторг-Ақтөбе» ЖШС, «West Line doors» ЖШС, «Шағыр Компаниясы» ЖШС, «Ай-Ару Ательесі» ЖШС, «СанТехТрейд» ЖШС, «Ақтөбе НАН» ЖШС, «Жаңа Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС, «Молочные истории» ЖШС, «Құмқұдық» ЖШС, «Абылай» ШҚ, жеке кәсіпкерлер: К.О. Бакишева, А.И. Джангазиева, М.М. Дуйсенбаева, Д.Е. Рыскулова, М.А. Туякова, Ж.А. Егенбердиева, Д. Шураханов, Г.К. Есенаманов және т.б.

Сарапшылар комиссиясы үш номинация бойынша байқау дипломанттарын анықтады:

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
  • «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
  • «Үздік азық-түлік тауарлары».

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясындағы жүлделі 3 орынды «АРБЗ» ЖШС-гі  иеленді, бұл 2016 жылдың күзінде Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысу құқығын береді.  

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» Президент сыйлығын алуға арналған байқау және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы туралы» 2006 жылдың 9 қарашасындағы №194 Жарлығына сәйкес байқау жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімдердің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыруға септік ету, халық арасында сапа идеясын кеңінен тарату мақсатында өткізіледі.  

М. Құл-Мұхаммед: ЕАЭҚ және БСҰ Қазақстан зауыттары үшін экспорттық мүмкіндіктер беруде

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Ақтөбе облысына қызметтік сапары аяқталды.

Осы сапардың қорытындылаушы бөлімінде облыстағы «Нұрлы жол» жобаларының және индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асырылуы барысымен танысты деп мәлімдейді партияның баспасөз қызметі.

Атап көрсетілгендей, Ақтөбеде қыркүйек айында 320 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылады. Бұл мектеп «Нұрлы жол» президенттік бағдарламасы аясында тұрғызылуда, оған қоса 5000 шақырым көлік жолы және 2500 шақырым болат магистральдер салынып, әлеуметтік саланы да заманауиландыру қарастырылған.

Кең ауқымды инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асырудың сапасы «Нұр Отан» партиясының ерекше бақылауында екенін Мұхтар Құл-Мұхаммед атап көрсетті.

«Біз әр теңгенің мақсатына сай жұмсалуын және ол халық игіліне бағытталуын жіті бақылаудамыз», – деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары.

«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанның индустриялық-инновациялық секторына да оңды ықпал етіп келеді. Мысал ретінде Ақтөбе қаласында салынған рельс-арқалық зауытын атауға болады. Осы зауытта шығарылатын барлық өнім жаңа темір жолдар құрылысына жұмсалады.

Кәсіпорынның директоры Андрей Кузьмин жаңа жобаның 750-ден астам адамды жұмыспен қамтығанын Мұхтар Құл-Мұхаммедке хабарлады. Осы жылы 100 мың тоннадан астам өнім шығарылады деп күтілуде. Зауыттың жобалық қуаты бұдан төрт есе артық.

Зауыт ұжымымен сұхбаттасу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед жаңа өнеркәсіптік алпауыт кәсіпорын өз өнімімен ішкі нарықты ғана емес, экспортқа шығаруды да межелеу қажеттігіне тоқталып өтті.

«Біздің алдымызда Еуразиялық экономикалық қауымдастық нарығы ашық тұр, біз БСҰ мүшесі болып табыламыз. Бұл біздің өндірістерге, оның ішінде Ақтөбе рельс-арқалық зауыты секілді озат зауыттарға орасан зор мүмкіндіктер беруде», – деп Мұхтар Құл-Мұхаммед сөзін қорытындылады

Алматы – Шу теміржол желісінің құрылысында алғашқы отандық рельстер салынды

ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін Алматы – Шу теміржол желісінің қарама-қарсы бағытындағы жол бөлігіне Ақтөбе рельс-арқалық зауытында өндірілген отандық рельс-шпалды тордың бірінші буыны салынды.

“Жана жобаны пайдалануға қосқан соң осы жол бөлігінің өтімділігі 3,2 есе артады, жүк пойыздарының өтуі тәулігіне 68 дейін көбейіп, соның нәтижесінде қуат жұмсалуы азаяды”, – деп “Қазақстан Темір Жолы” АҚ-ның президенті Асқар Мамин атап өтті.

“Ақтөбе рельс-арқалық зауыты” ЖШС-нің Бас директоры Андрей Кузьминнің айтуынша кәсіпорын бір жарым айдан бері жұмыс атқаруда, толық қуатына шыққан кезде зауыттан жылына 430 мың тонна өнім шығарылады.

“Біз ҚТЖ-мен 10 жылға келісім-шарт жасадық, бұл болашағымызға нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Шарт шеңберінде осы жылдың өзінде 73 мың тонна рельс жеткізуді жоспарлаймыз. Бүгінгі таңда өнімді көршілес елдерге экспортқа шығару жұмыстары жүргізілуде. Зауыт ұжымы 563 адам, толық қуатына шыққан кезде қызметкерлер саны 860-қа жетеді”, – деді А. Кузьмин.

Қалалар арасындағы ұзындығы 110 шақырымды құрайтын екінші желі құрылысы өткен жылы басталды және Елбасы Н. Назарбаевтың “Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол” жолдауының шеңберінде жүзеге асырылуда. Нысан ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында тапсырылады деп жоспарланып отыр. 

Металл Экспо 2015

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ның қолдауымен «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі (әрі қарай – «АРБЗ» ЖШС) 2015 жылдың 10-13 қарашасы аралығында Мәскеу қ. өткен «Металл Экспо 2015» 21-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрменің белсенді қатысушылары қатарында болды.

Жыл сайын көрмеге жетекші металлургиялық компаниялар, құбыр және метиз зауыттары, түсті металлдарды өңдеу кәсіпорындары, алюминий қорытпаларын, илекті, профильдерді және конструкцияларды өндірушілер, құрылысшылар, машина жасаушы мекемелер, мұнай және газ қызметкерлері және де экономиканың өз мәніндегі секторларының басқа да салаларынан өкілдер қатысып келеді. Көрмеде үш экспозиция ұсынылды: «МеталлСтройФорум’2015» құрылыс индустриясы үшін металл өнімдері мен металл конструкцияларының көрмесі, «МеталлургМаш’2015» металлургияға және металл өңдеуге арналған жабдықтар мен технологиялар көрмесі және «МеталлТрансЛогистик’2015» – тау-металлургиялық кешеннің кәсіпорындарына арналған көлік және логистикалық қызметтерінің көрмесі.

«Металл Экспо 2015» – бұл қара және түсті металлургияның тұтынушыларымен тікелей келіссөздер жүргізуге, жаңа металл өнімдерінің түрлерін және зауыттарды таныстыруға, сонымен қатар өнеркәсіпті, құрылыс индустриясын, энергетиканы, көлікті дамыту, металлдар нарығының тенденциясын өрбіту тұрғысындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін үлкен ашық алаң болып табылады.

Бұл көрмеге әлемнің 32 елінен 560-тан астам компания қатысып, онда қара және түсті металлургия өнімдерінің, металлургияға, металл өңдеуге, сервистік металл орталықтарына арналған заманауи жабдықтар мен технологиялардың әр алуандығы көрсетіліп, таныстырылды.

Бір мезгілде «Металл Экспо 2015» шарасында 12 000 адам еңбек атқарды: 3 000 стендшілер және 25-30 мың адам – қара және түсті металлдардың тұтынушылары қатысты.

Көрмеге қатысудың мақсаты «АРБЗ» ЖШС өнімін өндірудің инновациялық технологиясын тұтынушылардың кең бұқарасына таныстыру және де мүдделі тұлғалармен іскерлік келіссөздер өткізу.

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ы «АРБЗ» ЖШС-не стенд әзірлеудің ұйымдастырушысы болды.

Осы көрмеге қатысу аясында Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Арменияның және Қырғыстанның металл сатушы компанияларымен Бірыңғай экономикалық кеден одағында ынтымақтастық жүргізу және тауар айналымын кеңейту жөнінде іскерлік және тақырыптық келіссөздер жүргізілді.

Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Украина, Әзірбайжан, Эстония және т.б. елдердің тұтынушылары және металл сатушы компаниялары «АРБЗ» ЖШС өніміне қызығушылық танытты.

Словения, Польша, Тунис және БАӘ өкілдерімен «АРБЗ» ЖШС-нің МемСТ бойынша өндіретін өнімін алыс шетелдерге экспортқа шығаруын дамыту туралы келіссөздер жүргізілді.

«АРБЗ» ЖШС өнімінің әлеуетті тұтынушылары және де шетелдің металл сатушы компаниялары «АРБЗ» ЖШС өндірісінің технологиясы, қуаттылығы, өнімінің артықшылықтары туралы толық ақпарат алды және олармен өнім жеткізуге шарттар жасау бойынша келіссөздер жүргізілді. 

16 қазан 2015 жыл. Алғашқы отандық рельс өнімінің илегі.

16 қазанда Қазақстанда елеулі оқиға орын алды: еліміздің тарихында алғаш рет Ақтөбе рельс-арқалық зауытында отандық рельс өнімінің бірінші илегі шығарылды.

Ақтөбе  рельс-арқалық зауыты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тапсырмасы бойынша салынған және ТМД елдерінде баламасы жоқ бірегей кәсіпорын.

2014 жылдың желтоқсанында мемлекет басшысының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында рельс-арқалық өндірісінің бірінше кезегі іске қосылды.

Өндірістік желіні іске қосу үдерісі секілді зауыттың құрылысы да мейлінше қысқа мерзімдерде салынды және бүгінгі таңда кәсіпорын дайын өнім шығаруды бастады.

Ақтөбеде өткен салтанаттық шараға «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар МАМИН, «Siemens S.p.a» компаниясының басшысы Джузеппе ФЕРРАРИО, ҚР инвестициялар және даму министрі Асет ИСЕКЕШЕВ, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ, Қырғызстан Республикасының көлік және коммуникация министрі Арғынбек МАЛАБАЕВ, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ  төрағасы Джавид ГУРБАНОВ қатысып, сөз сөйледі.

Сонымен қатар, рельс-арқалық зауытындағы шараға Қазақстан Республикасының парламент депутаттары, ТМД және Балтия елдерінің теміржол әкімшіліктерінің басшылары қатысты.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның президенті Аскар Мамин «мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша индустрияландыру бағдарламасының аясында, мейлінше қысқа мерзімдерде Қазақстанда теміржол машинажасауының жаңа саласы қалыптасты. General Electric, Alstom, Talgo және Siemens секілді әлемдік жетекші компанияларымен ынтымақтастықта жүк және жолаушылар тепловоздарын, электровоздарын, вагондарды, ірі вагон құймаларын, инфрақұрылымның техникалық құралдарын шығаратын жаңа зауыттар құрылды.

Одан бөлек, Асқар Мамин «алғашқы отандық рельс өнімін шығару – Қазақстанның индустриялық дамуындағы елеулі оқиға» деп атап көрсетті.

Зауыттың жобалық қуаты жылына 430 мың тонна металл өнімі. Ең алдымен бұл ұзындығы 120 м болатын Р65 маркалы термоберіктелген рельстер. Сонымен бірге 230 мың тонна илек шығару жоспарланған, олар – балкалар, бұрыштықтар және швеллерлер. Бұл еліміздің ғана емес, көршілес елдердің де рельс-арқалық өніміне сұранысын қанағаттандырады.

Сол күні зауытта Дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оның қатысушылары Қазақстандағы теміржол машина жасау саласын дамыту мәселелерін талқылап, халықаралық серіктестік перспективаларын талдады.

Пікір алмасу барысында қазақстандық теміржол өнімдерін шығарушы зауыттар – «Тұлпар Тальго», электровоз жинау зауытының (ЭЖЗ), локомотивжинау зауытының (ЛЖЗ) және «Қазақстан даму банкі» АҚ-ның экспорттық құралдарды қолдау туралы презентациялары көрсетілді.

Дөңгелек үстел қатысушылары Еуразиялық аймақтың теміржол өнімдерін өндірушілер мен қаржылық институттар арасындағы сұхбатты табысты және нәтижелі өтті деген тұжырымға келді.

Шараға қатысушылар Қазақстан даму банкі (КДБ) іске асыратын қазақстандық экспортты қолдау бағдарламасымен танысуына мүмкіндік болды.

ҚБД Басқармасының төрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша «банк рельс-арқалық зауытын бірлесіп қаржыландыруға үлесін қосты және өнімін шетелдік тұтынушыларға жабдықтау үшін кеңейту ісінде барынша қаржылық қолдау көрсетуге даяр» екендігін жеткізді.

Дөңгелек үстел шеңберінде Ақтөбе рельс-арқалық зауыты мен Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан теміржол әкімшіктері арасында дайын өніммен жабдықтау туралы меморандумдарға қол қойылды.

Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен металл өңдеумен және металл конструкцияларымен айналысатын металл сатушы компаниялармен кездесу

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің (әрі қарай – «АРБЗ» ЖШС) қызметі, технологиясы, өнімі және өндірістік қуаттары туралы ақпаратты бұқараға кеңінен жариялау, 2015-2016 жылдарға металл илегімен жабдықтаудың ұзақ мерзімді шарттарын жасау мақсатында және де Ақтөбе қаласы мен облысының металл өнімдеріне сұранысын анықтау үшін Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен металл сатушы компаниялармен, металл өңдеумен және металл конструкциялармен айналысатын кәсіпорындармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге келесідей компаниялар шақырылды:

  • «Стальной двор – Запад» ЖШС;
  • «ҚазПромКомплекс» ЖШС-нің Ақтөбе қ-дағы филиалы;
  • «Ақтөбе металл конструкциялары зауыты» ЖШС;
  • «LIDER құрылыс-жабдықтау компаниясы» ЖШС;
  • «Каллисто Вест» ЖШС;
  • «Металлсервиз KZ» ЖШС;
  • «Ақтөбе металл конструкциялары» ЖШС;
  • «АқтөбеСтройКонструкция» ЖШС;
  • «Гигатек» ЖШС;
  • «ТрейдИнтерКом» ЖШС;
  • «Нектар» ӨК;
  • «Голубничий А.А.» ЖК;
  • «АЭМК-Жарық» ЖШС;
  • «Актобегражданпроект» ӨК;
  • «Имсталькон-Ақтөбе монтаждау фирмасы» ЖШС.

Шақырылған компанияларға зауыттың салыну тарихы, жобаның артықшылығы, рельстерді өндіру технологиясының, суғару жүйесінің бірегейлілігі, жетістіктеріміз, өндірістік бағдарлама, шығарылатын өнім, ҚР-дағы рельстерді және орта пішінді илекті тұтынудың айқын өсу динамикасы, ЖІӨ өсуі мен ел экономикасының дамуы туралы және т.б. ақпарат берілді.

Кездесу барысында қатысушы компаниялардан металл илегіне қажеттілік туралы ақпарат алынғанын атап көрсеткіміз келеді.

Бұл кездесу «АРБЗ» ЖШС-гі үшін де, қатысушы-компаниялар үшін де табысты өтті.

ҚР Президенті «Алтын сапа» байқауының арнайы сыйлығын табыстады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Мемлекет басшысы «Алтын сапа» байқауының арнайы сыйлықтарын табыстады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Марапаттау рәсімі бүгін Астанада өткен жалпыұлттық телекөпір барысында жүргізілді.

Президенттің «Алтын сапа» арнайы сыйлығының «Жылдың үздік индустриалды жобасы» номинациясында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі лауреат атанды.

«Зауытымыздың инновациялық өнімі жаңа экономикалық «Нұрлы жол» саясатының іске асырылуына елеулі үлес қосады, кейіннен қосымша құны жоғары болатын жобалардың туындауына септігін тигізеді», – деп атап көрсетті компанияның бас директоры Андрей Кузьмин.

Тағы бір номинация бойынша – «2014 жылғы өндірістегі үздік инновациялар» сыйлығымен Шығыс-Қазақстан облысындағы «Посук Титанум» ЖШС-гі марапатталды.

2006 жылы бекітілген сыйлық отандық өндірісті және инновациялық қызметті дамытуға үлес қосқаны үшін беріледі және лауреаттарды әрі қарай ынталандыра түсуге бағытталған. Осы жылы ҚР Президентінің сапа саласындағы «Алтын сапа» сыйлығына үміткер 293 компания қатысты, олардың басым бөлігі орта бизнес субъектілері болып табылады. 

«Металл-Экспо’2014» 20-шы Халықаралық өнеркәсіптік көрме

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі 2014 жылдың 11-14 қарашасы аралығында РФ, Мәскеу қаласында өткен «Металл-Экспо’2014» 20-шы Халықаралық өнеркәсіптік көрмеге Қазақстандық кәсіпорындардың тұсаукесері шеңберінде ҚР Ұлттық стендіне белсенді түрде қатысты.

Көрмеге қатысу мақсаты «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің өнімін неғұрлым көбірек тұтынушылар тобына таныстыру және мүдделі тұлғалармен іскерлік келіссөздер өткізу, оның ішінде:

– Металл конструкцияларды жобалаумен және дайындаумен айналысатын ұйымдар;

– Салалық бірлестіктер мен одақтар, БАҚ, интернет-коммерция кәсіпорындары;

– Металл трейдерлер және қара металл өнімдерінің қоймалық металл саудасы;

– Металлургиялық өнеркәсіпке арналған жабдықтар мен технологияларды өндірумен айналысатын кәсіпорындар, қара металл сынықтарын жинауға және қайта өңдеуге арналған жабдықтар мен технологияларды өндірумен айналысатын кәсіпорындар;

– Логистикалық және көлік компаниялары.

Қазақстандық тараптан Ұлттық стендті ұйымдастырушы ««KAZNEX INVEST» экспорттау және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ-ы болды.  

Көрмеге жетекші металлургиялық компаниялар, құбыр және метиздік зауыттар, түсті металлдарды өңдеу кәсіпорындары, алюминий қорытпаларын, илектерін, профильдерін және конструкцияларын өндірушілер, құрылысшылар, машина жасаушылар, мұнайшылар мен газ қызметкерлері, экономиканың өз мәніндегі секторлардың басқа да салаларынан өкілдер қатысты.

Үш экспозиция ұсынылды: «МеталлСтройФорум’2014» құрылыс индустриясына арналған металл өнімдері мен металл конструкцияларының көрмесі, «МеталлургМаш’2014» металлургия және металл өңдеуге арналған жабдықтар мен технологиялар көрмесі және «МеталлТрансЛогистик’2014» – тау-кен кешендерінің кәсіпорындарына арналған көлік және логистика қызметтерінің көрмесі.

Көрме аяқталған соң «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі «Металл-Экспо’2014» халықаралық өнеркәсіптік көрмеде өнімдерін және қызметтерін өткізу ісінің жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылғаны үшін дипломмен марапатталды.