«АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» жшс 135-ші меретойлық «Рельстік комиссияға» қатысты

Бүгінгі таңда Рельстік комиссиясы металлургия саласында маңызды және беделді іс-шара болып табылады, себебі жүк тасымалдарының басым бөлігі теміржол көлігімен жүзеге асырылады.

2019 жылы 135-ші меретойлық Рельстік комиссия Новокузнецк қаласында өтті.

Бірінші кезекте, «Рельстік комиссия» – бұл алдыңғы қатарлы технологияларды талқылау, жаңа өнімді енгізу және қателіктерге байланысты конструктивтік жұмыстар үшін алаң, ал ірі металлургиялық компаниялар үшін – бұл тұтынушылармен өндіріс пен өнімнің сапасын талқылауға, және олармен тікелей «байланысты» тексеру мүмкіндігі.

Үш күн бойы ТМД елдерінің ғалымдары мен металлургтері рельстік өнімдерін өндіру және пайдалану саласындағы озық технологиялар тәжірибесімен бөліседі. Рельстік комиссия шеңберінде мынадай мәселелр көтерілді: өндіріс технологиясы, өндіру және пайдалану, теміржол рельстерінің беріктігі мен сенімділігі, түрлі өндірушілердің сериялық өндірісі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері рельстік өнімді өндіру мен пайдалануда туындайтын мәселелерді шешу бойынша іс-шараларды жедел белгілеуге мүмкіндік береді.

Рельстік комиссияның әр отырысында жалпы мәселелер көтеріледі және нақты шешімдер мен ұсыныстар қабылданады, олардың орындалуы мұқият бақыланады.

Рельстік комиссия жұмысының нәтижесінде рельстердің сапасын арттырудың негізгі бағыттарын дұрыс таңдау жасалды. Соңғы жылдары рельстік болат қорытудың жетілдірілген технологияларына көшу жүзеге асырылды.

Айта кету керек, рельс өнімдерін өндіру саласындағы маңызды оқиғалардың бірі «АРБЗ» ЖШС Еуропалық стандартты 60Е1 және 60Е2 рельс өндіру сертификатын алу болып табылады, бұл сату жағрафиясын кеңейтуге және Еуропалық нарыққа, сондай-ақ Балтық жағалауы мен Таяу Шығыс елдеріне шығуға мүмкіндік берді.

Зауыт өнімі сынаудың барлық түрінен өтті және ол қауіпсіздік, сапа, техникалық регламенттер мен халықаралық стандарттар нормаларының талаптарына толық сәйкес келеді.

ТОО «АКТЮБИНСКИЙ РЕЛЬСОБАЛОЧНЫЙ ЗАВОД» принял участие в юбилейной 135-ой «Рельсовой комиссии»