60Е1 рельс өндірісіне сертификаттау жүргізілді

Ағымдағы жылдың қазан айында Еуропалық үлгідегі 60Е1 теміржол рельстер өндірісін сертификаттау процедурасы сәтті өтті, соның нәтижесінде  EN 13674-1:2017 стандартына сәйкес сертификат алынды. Осы рельс типі Еуропа одақ, Балтық жағалауы елдерінде, сонымен қатар Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде қолданылады. Р65 шығарылатын рельстік өнімге қарағанда, 60Е1 рельсі ерекше техникалық сипаттамаға ие: рельс биіктігі, мойынның биіктігі және…

АРБЗ түлектерді «ҚДБ» АҚ қайырымдылық жобасы аясында стажировкаға қабылдады

2019 жылғы 23 қазанында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-нан Стажировка» қайырымдылық жобасы аясында «Taiburyl» қорының атынан «Білім беруді қолдау» бағдарламасы бойынша «АРБЗ» ЖШС жас түлектерді қолдау мақсатында Қарағанды Мемлекеттік Индустриялық Университетінің 2019ж. 12 түлегін «Материаллтану және жаңа материалдар технологиясы», «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы», «Технологиялық машиналар және жабдықтар» техникалық мамандықтар бойынша ақылы стажировкаға қабылдады. Taiburyl Қоры қаржылық…

АРБЗ Туркіменстандағы Каспий экономикалық форумына қатысты

2019 жылдың 11-12 тамызында Түркіменстан «Аваза» Ұлттық туристік аймағында Каспий маңы елдерінің көпжақты экономикалық диалогының жаңа тұрақты платформасы болып табылатын алғашқы Каспий экономикалық форумы өтті. Осы форум аясында Каспий маңы елдерінің инновациялық технологиялар Халықаралық көрмесі өтті. «АРБЗ» ЖШС Қазақстан ұлттық стенд алаңында өзінің жеке стендімен ұсынылды.  Келушілердің кәсіпорын қызметімен хабардар болуын арттыру және Түркіменстан аумағындағы…

АРБЗ «Металлургтер күнін» мерекеледі

«Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС «Green Land» демалыс базасында –  «Металлургтер күні» кәсіби мерекесін атап өтті.    Салтанатты шараға «АРБЗ» ЖШС-нің 500-ден астам қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Мереке аясында үздік қызметкерлерге тиімді еңбегі мен Кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табыс етілді. Кәсіподақ комитеті Кәсіпорынның қызметкерлері және олардың отбасы…

АРБЗ «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты

2019 жылы 8 шілдесінен бастап 11 шілде аралығында Екактеринбург қ. «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті. 50 мың шаршы метр көрме алаңдарына әлемнің 22 елінен 600-ден астам экспонат қойылды. Өз ұлттық стендтерін 15 ел ұсынды: Қазақстан, Түркия, Австрия, Беларусь, Венгрия, ГФР, Италия, ҚХР, Корея, Словакия, Тайвань, Франция, Чехия, ОАР, Жапония. Көрмеде Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық стенді…

АЛМАТЫ МАРАФОН-2019

2019 жылы 21 сәуірде оңтүстік астанада сегізінші «Алматы марафоны» өтті, ол тек қазақстандықтардың ғана емес, сонымен қатар басқа елдерден жүгіру әуесқойларының да қызығушылығын тудырды. Биылғы жылы «Алматы марафон» турнирінің басталуына әлемнің 53 елінен 17 мың спортшы және белсенді өмір салтын ұстанушылар қатысты – қайырымдылық жүгірісін өткізу кезенінде бұл рекорд.  «Алматы марафонының» танымалдығы жыл сайын артып…

«АРБЗ» ШЫҰ ЖӘНЕ БРИКС ЕЛДЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ «МЕТАЛДАР МЕН ҚОРЫТПАЛАР» САММИТІНДЕ

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС ШЫҰ және БРИКС елдерінің халықаралық металлургиялық саммитіне қатысты. 2019 жылы 5 сәуірде Челябинск қаласында ШЫҰ және БРИКС елдерінің халықаралық металлургиялық «Металдар мен қорытпалар» Саммиті өтті. Іс-шара тәжірибе алмасу және өнеркәсіптің заманауи үрдістерін талқылау үшін отандық және шетелдік металлургия көшбасшыларының басын қосты. Саммитке қатысушылар өндірістің тиімділігін арттырудың табысты тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ сервистік…

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ЗАУЫТТЫҢ ЕРЛЕР ҰЖЫМЫ АЯУЛЫ ӘЙЕЛДЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

8 наурыз – бұл шын мәнінде бүкілхалықтық сүйікті мереке. Бұл мерекеде құттықтау,  гүл шоқтарын сыйлау – сүйкімді, әдемі әйелдерге арналады. Бұл көктем күні махаббат, нәзіктік және жылулықпен бағаланды. 7 наурызда Ақтөбе рельс-арқалық зауытының барлық әйелдер ұжымы жағымды тосын сый күтті: зауыттың ер азаматтары әдемі әйелдерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады, зауыт басшылары құттықтау сөздерін жолдады, әр…

«АҚТӨБЕ РЕЛЬС АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС БАСШЫЛЫҒЫ МЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Ақтөбе облысында дәстүр бойынша ірі және орта кәсіпорындар өткен жылы облыс басшылығы мен кәсіподақтардың қатысуымен өндірістік бағдарламаларды, ұжымдық шарттар мен меморандумдарды орындау туралы қызметкерлер алдында есеп беру кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бейсенбіде 17 қаңтар күні аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе рельс – арқалық зауыты» ЖШС (әрі қарай мәтін бойынша –…

«АРБЗ» ЖШС КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ 2018 ЖЫЛЫ 23 ЖЕЛТОҚСАНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БАЛАЛАРЫНА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

«АРБЗ» ЖШС Кәсіподақ комитеті 2018 жылдың 23 желтоқсанында Ғ. Жұбанова атындағы Облыстық филармония Өнер Орталығында қызметкерлердің балаларына ұйымдастырылған жаңа жылдық ертеңгілік өткізді. Ертеңгілікке 14 жасқа дейінгі 600-ден астам бала қатысты. Балалар үшін «Золушка» атты костюмдік ертегі және одан әрі сүйікті балалар кейіпкерлерінің қатысуымен жаңа жылдық хоровод ұсынылды. Барлық балаларға Аяз Атада мерекелік көңіл-күй мен тәттілер…