АРБЗ «Металлургтер күнін» мерекеледі

«Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС «Green Land» демалыс базасында –  «Металлургтер күні» кәсіби мерекесін атап өтті.   

Салтанатты шараға «АРБЗ» ЖШС-нің 500-ден астам қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Мереке аясында үздік қызметкерлерге тиімді еңбегі мен Кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табыс етілді.

Кәсіподақ комитеті Кәсіпорынның қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері үшін спорттық жарыстар және көңілді сайыстар қамтитын ойын-сауық бағдарлама дайындады. Металлургтер күні мерекесінде еңбек әріптестерінің қатысуымен өткен мерекелік концерт ұжымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, мереке қарсаңында ұйымдастырылған және өткізілген спорттық іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздарға алдағы уақытта жеңістер тілеп, ақшалай сыйлықтар мен жүлделер табыс етілді.

Металлургтер мерекесі ойдағыдай жақсы өтті. Мерекеге қатысушылар демалыс базасының жағажайында әріптестерімен еркін жақынырақ сөйлесуге, демалуға мүмкіндік алды.

АРБЗ «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты

2019 жылы 8 шілдесінен бастап 11 шілде аралығында Екактеринбург қ. «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті. 50 мың шаршы метр көрме алаңдарына әлемнің 22 елінен 600-ден астам экспонат қойылды.

Өз ұлттық стендтерін 15 ел ұсынды: Қазақстан, Түркия, Австрия, Беларусь, Венгрия, ГФР, Италия, ҚХР, Корея, Словакия, Тайвань, Франция, Чехия, ОАР, Жапония.

Көрмеде Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық стенді орнатылды, онда бәсекеге қабілетті қазақстандық өндірушілер, соның ішінде «АРБЗ» ЖШС өз өнімдерін көрмеге келушілерге таныстырды.

АРБЗ мамандары келушілердің кәсіпорын қызметі туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ кәсіпорын және оның өнімдері туралы оң ақпаратты тарату, оның ішінде Стендке келушілермен жарнамалық-ақпараттық материалдар көмегімен жеке кездесу барысында түрлі жұмыстар жүргізді.

АЛМАТЫ МАРАФОН-2019

2019 жылы 21 сәуірде оңтүстік астанада сегізінші «Алматы марафоны» өтті, ол тек қазақстандықтардың ғана емес, сонымен қатар басқа елдерден жүгіру әуесқойларының да қызығушылығын тудырды. Биылғы жылы «Алматы марафон» турнирінің басталуына әлемнің 53 елінен 17 мың спортшы және белсенді өмір салтын ұстанушылар қатысты – қайырымдылық жүгірісін өткізу кезенінде бұл рекорд.

 «Алматы марафонының» танымалдығы жыл сайын артып келеді. Ал жүлделі орындар мен медальдар үшін тек ондаған қатысушы күреседі. Қалғандары құрмет тұғырына көтерілмейтінін жақсы біледі және ерекше балаларға көмек көрсету игі ісіне өз үлесін қосу үшін ғана жарысқа қатысады.

 «Ақтөбе рельс – арқалық зауыты» ЖШС атынан біздің әріптес және спортшы калибрлеу бюросының калибрлеуші Рысқалиев Болатбек белсене қатысты. 42 км 195 метр қашықтықта жүгірді:

Жалпы есепте 90 орын;

– Ерлер арасында 86 орын;

– жас санаты бойынша 39 орын;

– Ерлер арасында жас санаты бойынша 38 орын.

Марафонға 17 мың адам қатысқан деректі ескере отырып, әріптесіміз Б.Рысқалиевтің нәтижелері жоғары.

Алматыда марафонға барлық жастағы қарапайым жүгірушілермен қатар, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арбамен 10 шақырымды бағындырған – «Мейірім» оңалту орталығының тәрбиеленушілері, «АРДИ» қауымдастығының мүшелері және Ұлттық паралимпиадалық комитеттің өкілдері қатысқан.

 «Алматы марафонында» көрсетілген мейірімділік пен қайырылымдылықтың шекаралар жоқ екендігі айқын мысал. «Алматы марафоны» ұйымдастырушылары жиналған қаражатты қайырымдылыққа жібереді.

«АРБЗ» ШЫҰ ЖӘНЕ БРИКС ЕЛДЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ «МЕТАЛДАР МЕН ҚОРЫТПАЛАР» САММИТІНДЕ

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС ШЫҰ және БРИКС елдерінің халықаралық металлургиялық саммитіне қатысты.

2019 жылы 5 сәуірде Челябинск қаласында ШЫҰ және БРИКС елдерінің халықаралық металлургиялық «Металдар мен қорытпалар» Саммиті өтті. Іс-шара тәжірибе алмасу және өнеркәсіптің заманауи үрдістерін талқылау үшін отандық және шетелдік металлургия көшбасшыларының басын қосты. Саммитке қатысушылар өндірістің тиімділігін арттырудың табысты тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ сервистік компаниялар мен құрал-жабдықтарды өндірушілер тарапынан өзекті және инновациялық шешімдер туралы ұсыныстар қалыптастырды.

Осы саммитте «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС қатысушылар арасында қызығушылық танытқан жеке көрме стендімен таныстырылды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ЗАУЫТТЫҢ ЕРЛЕР ҰЖЫМЫ АЯУЛЫ ӘЙЕЛДЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

8 наурыз – бұл шын мәнінде бүкілхалықтық сүйікті мереке. Бұл мерекеде құттықтау,  гүл шоқтарын сыйлау – сүйкімді, әдемі әйелдерге арналады. Бұл көктем күні махаббат, нәзіктік және жылулықпен бағаланды.

7 наурызда Ақтөбе рельс-арқалық зауытының барлық әйелдер ұжымы жағымды тосын сый күтті: зауыттың ер азаматтары әдемі әйелдерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады, зауыт басшылары құттықтау сөздерін жолдады, әр түрлі көңілді номинациялар бойынша сый-сияпат жасалды. Ханымдар көптеген жағымды, жылы сөздер мен қошеметтерге бөленіп, іс-шара соңында аяулы ханымдарды сыйлықтар мен гүлдермен қуантты.

«АҚТӨБЕ РЕЛЬС АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС БАСШЫЛЫҒЫ МЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Ақтөбе облысында дәстүр бойынша ірі және орта кәсіпорындар өткен жылы облыс басшылығы мен кәсіподақтардың қатысуымен өндірістік бағдарламаларды, ұжымдық шарттар мен меморандумдарды орындау туралы қызметкерлер алдында есеп беру кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бейсенбіде 17 қаңтар күні аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе рельс – арқалық зауыты» ЖШС (әрі қарай мәтін бойынша – «АРБЗ» ЖШС) басшылығымен және еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында салынған инновациялық жоба болып табылады. Мұнда 800-ден астам адам еңбек етеді. Зауыттың Кәсіподақ бірлестігі тек өткен жылы ғана құрылды.

Кездесу барысында зауыттың барлық қызметкерлері сұрақтар қойды. Оларды қоғамдық көлік жұмысы және балабақшалардың жұмыс кестесін қайта қарау мүмкіндігі қызықтырды. «АРБЗ» ЖШС ұжымымен кездесу Меморандумға қол қоюмен аяқталды.

Өңір басшысы «АРБЗ» ЖШС-нің өндірістік ұжымын Ақтөбенің 150 жылдығына орай өз қаласын дамытуға үлес қосуға шақырды:

«Бұл мерейтойға қаланың әрбір тұрғыны қатысуы керек. Әр адам туған өлкенің дамуына үлес қосуға міндетті. Жеке аулалық аумақтарды абаттандыруға және көгалдандыруға болады», – деп ол атап өтті.

2018 жылы Ақтөбе облысы бойынша өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша 4781 меморандум жасалды. Оларды іске асыру нәтижесінде өткен жылы облыстың 591 кәсіпорнында еңбекақы көтерілді. Еңбекке ақы төлеудің өсуі негізінен өндірістік персоналға қатысты болды.

Мысалы, 2018 жылдың қаңтарынан бастап «АРБЗ» ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 10% – ға артты.

Источник

«АРБЗ» ЖШС КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ 2018 ЖЫЛЫ 23 ЖЕЛТОҚСАНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БАЛАЛАРЫНА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

«АРБЗ» ЖШС Кәсіподақ комитеті 2018 жылдың 23 желтоқсанында Ғ. Жұбанова атындағы Облыстық филармония Өнер Орталығында қызметкерлердің балаларына ұйымдастырылған жаңа жылдық ертеңгілік өткізді.

Ертеңгілікке 14 жасқа дейінгі 600-ден астам бала қатысты. Балалар үшін «Золушка» атты костюмдік ертегі және одан әрі сүйікті балалар кейіпкерлерінің қатысуымен жаңа жылдық хоровод ұсынылды. Барлық балаларға Аяз Атада мерекелік көңіл-күй мен тәттілер сыйлады. Осы шараның алдында  зауыт қызметкерлеріне «АРБЗ» ЖШС әкімшілігінен балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.

2018 ЖЫЛЫ 14 ЖЕЛТОҚСАНДА «АРБЗ» ЖШС АБК КОНФЕРЕН-ЗАЛЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Жиналыста өткен жылдың қорытындысы шығарылып, слайд дайындалды және 2013 жылдан бастап кәсіпорында еңбек ететін барлық қызметкерлерге алғыс білдірді.

Жиналыстың екінші бөлімінде өндіріс озаттарын салтанатты түрде марапаттап, зауыттың ақсақалы – Мәрс Тұрғалиұлы Өтегеновті құрметті демалысқа шығарып салды. Марс Тұрғалиұлы – зауыттың бірінші зейнеткері. Жиналыстың қорытынды бөлімінде «АРБЗ» ЖШС қызметкерлері арасында спартакиада жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды РАЦ №2 бригадасы, жарыстың екі түрі – футбол және волейбол бойынша екі жүлделі 1 орынды жеңіп алды.

«МЕТАЛЛ-ЭКСПО» 24-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУ

2018 жылы 13-16 қараша аралығында Мәскеу қаласында ВДНХ көрмесінде «Металл-экспо 2018» 24-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті, аталған көрмеге 32 мемлекеттен 550 астам компаниялар қатысты.

Төрт күн ішінде «Металл-экспо 2018»  металл нарығына қатысушылар мен олардың клиенттері арасында іскерлік кездесулер мен келіссөздер жүргізілді, оның барысында іскерлік коммуникациялардың барлық мүдделі тараптары өз мәселелерін шеше алды, ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды, перспективтік келісім-шарттарға қол қойылды. Көрме барысында металлургтер мен құрылыс индустриясы, машина жасау, отын-энергетикалық кешен, көліктік және логистикалық, металл сауда компанияларынан металл өнімдерін тұтынушылар үшін Мәскеу тартылыс орталығына айналды. «Металл-экспо 2018» көрмесіне 30 мыңнан астам адам қатысты.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС сондай-ақ «Металл-экспо 2018» көрмесіне қатысты және компания өнімдерін алға жылжыту үшін өз көрме стендін дайындады. Бұл стендті көптеген металл сауда компанияларының өкілдері көріп, алдағы уақытта рельс өнімдерін тұтынушыларымен бірге ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі «Innotrans 2018» халықаралық көрмесіне қатысты

61 елден келген 3 мыңнан астам компаниялар мен ұйымдар әлемдегі ірі «Innotrans 2018» 12-ші Халықаралық көлік технологиялары көрмесіне қатысты. 2018 жылдың 18 бастап 21 қыркүйегі аралығында әлемдік теміржол саласындағы 400 астам инновациялар таныстырылды. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС осы көрмеге қатысты және өз өнімін, оның ішінде ұзындығы 120 метрге дейінгі дифференциалды термоберіктелген рельстерді көрсетті, олар жоғары жылдамдықты қозғалыс желілерінде және аса жоғары жүк өткізу желілерінде қолданылады. Көптеген елдерден келген компаниялар «АРБЗ» ЖШС өніміне қызығушылық танытты, олардың арасында Польша, Латвия, Литва, Эстония, Финляндия, сонымен қатар Францияның ірі компаниялары өнімге аса қызығушылық танытты.